Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
Билік 6299 0 пікір 20 Мамыр, 2014 сағат 16:37

ЕАЭО құрылуына байланысты ДКЖК үндеуі қабылданды

«Қазаақстан-2050» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына байланысты үндеуі қабылданды, деп «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгінде еліміз Ресей және Беларусь мемлекеттерімен бірлесіп, Еуразия экономикалық одағын құру қарсаңында тұр. Сонау 1994 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  еуразиялық ықпалдастық бірлестігі идеясын ұсынған болатын. Содан бергі аралықта өткен 20 жылдың ішінде Еуразиялық экономикалық қауымдастығы мен Кеден одағынан Бірыңғай экономикалық кеңістікке дейін эволюциялық жолға ұласқан үш кезең өтті. Алдымызда үш елдің ұлттық экономикалары мен қарапайым азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған интеграция мен өзара күш біріктіру бағдарының нәтижелілігін айрықша растайтын Еуразиялық экономикалық одағын құру туралы Шартқа қол қою міндеті күтіп тұр», - делінген хабарламада.

«Халықтың қалдауына иек арта отырып, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ең ірі ядролық қару арсеналынан бас тарту жөнінде тарихи шешім қабылдады. Көпвекторлы салиқалы сыртқы саясатты жүргізе отырып, Қазақстан барлық көршілес елдермен мемлекеттік шекара мәселесін шешіп, әлемнің барша мемлекеттерімен бейбіт әріптестік қарым-қатынас орнатты.

Қазақстан Тәуелсіздік жылдары бастапқы мүмкіндіктері төмен елден посткеңестік кеңістіктегі экономикалық көлемі жағынан ауқымды екінші мемлекетке айналды. Атап айтқанда, елге орталық-азиялық аймаққа келген барлық шетелдік инвестицияның шамамен 70 пайызына пара-пар 160 млрд. АҚШ доллары тартылды.  Халықтың жан басына шаққандағы Жалпы Ішкі Өнім 600-ден 14 мың долларға өсіп, еліміздің алтын-валюта қоры 100 млрд. АҚШ долларына жетті. Осы жылдары екі есеге ұлғайған ел экономикасы бүгінде Орталық Азия елдерінің  экономикаларының тұтас көлемінен екі есеге асып отыр»,-деп үндеу мәтінінде жазылған.

Күн санап шиеленісе түскен жаһандық экономикалық бәсекелестік жағдайында сыртқы әлеммен өзара тиімді қарым-қатынас орнату, әлемдік, сондай-ақ, аймақтық интеграциялық ұйымдарға қатысу ел дамуына қажетті серпін берудің аса маңызды шартына айнала бастағаны барған сайын айқындала түсуде.

 «Біз, саяси партиялар мен жетекші қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тұратын ДКЖК мүшелері Еуразия экономикалық одағын құруды толықтай қолдаймыз. Біз, Еуразиялық экономикалық одақтың ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеті мен  қарапайым қазақстандықтардың  әл-ауқатының артуына айрықша серпін беріп, мемлекеттік Тәуелсіздігімізді нығайта түсетініне және Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына енуіне қажетті жағдай жасайтынына кәміл сенеміз», - делінген хабарламада.  

 

http://strategy2050.kz/

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036