Сейсенбі, 8 Қазан 2024
Тарих 14616 0 пікір 5 Желтоқсан, 2014 сағат 11:57

ШЕЙБАНИ ХАН ӘСКЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕ

Тарихнамада Мухаммед Шейбани әскерінің саны мен сапасы туралы мәселе өте нашар қарастырылды. Ғалымдар бұған қатысты әртүрлі пікір айтқан. Бұл мәселені мейлінше терең қарастырған Т.И. Сұлтанов. Оның көзқарасы бойынша әскер құрамындағы өзбектердің саны шамамен 40 мыңнан 60 мыңға дейін [10, 20], ал егер олардың әрқайсысының отбасы болғанын есепке алсақ, Мухаммед Шейбаниға кеткен өзбектердің саны 240 мыңнан 360 мың адам [10, 21]. Сонымен қатар Т.И. Сұлтановтың есептеуінше, ол кезде әрбір орташа отбасында 6 адамнан болды, ендеше халықтың санын анықтау үшін, әскер санын 6 көбейтсе жеткілікті. Бұл жерде аталған көрсеткішпен келіспеуге болады. Мейлінше классикалық болып 1дің 5 ке сәйкестігі: әскер саны бұл бүкіл көшпелі халықтың 20 пайызын құрайды.

40 мың өзбек әскері туралы тезистің дәлелі, 1509 жылғы жорыққа 10 мың таза өзбек, 20 мың моғол мен шағатай, 10 мың атты әскер мен 20 мың сиххи (қосымша әскер) қатысқаны туралы жазған Ибн Рузбиханның ақпаратына негізделеген [10, 20]. Одан басқа, Т.И. Сұлтановтың пайымдауынша, қалаларда гарнизан есебінде қалдырылған бұл әскерден басқа әлі де әскер болған. Бұл жерде қалаларда үлкен гарнизондардың болуы екіталай екенін атап өткен жөн. Мысалы, Бабыр небары 240 адаммен ғана  Мұхаммед Шейбаниден Самарқандты жаулап ала алады [4, 105]. Ендеше, ол жерде гарнизон болған жоқ немесе тым аз болды. Бұл қазақтарға қарсы жорықпен бірге, Орта Азияда гарнизондар шамалы болғаны туралы айтуымызға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Ибн Рузбиханда 40 мың атты әскердің небары 10 мыңы (сиххиді есептемегенде) өзбектер деп, тағы 20 мыңы моғолдар мен шағатайлар, ал тағы 10 мыңы бейтарап болып белгіленген. Сонымен, бұл жерде Т.И.Сұлтановтың сандары сәл жасанды сияқты екенін өткен жөн. Өзбектер (көптеген тарихшылар жаңсақ пайымдағандай, өзбектер деп біз, тек оның шығыс бөлігін ғана емес, барлық алтынордалық көшпенділерді атаймыз [11, 30] [8]) Мұхаммеда Шейбани әскерінің басым бөлігін құраған жоқ. К.А. Пищулина атап өткендей, Мұхаммеда Шейбанимен кеткен көшпенділердің саны көп болған жоқ [5, 290].

Хижраның 908 жылы (1503 жылдың мамыры) шабанда Шейбани-хан тұтқынға түскен екі моғол ханын талқандады.Әскери кампания моғолдардың толық талқандалуымен аяқталды. Шейбани-хан моғол хандарын әскерсіз Моғолстанға жер аударып, ал моғолдарды өзіне қалдырып, кейін «хандар мен Моғолстаннан алшақ болуы үшін», оларды Хорасанға жақын қоныс аударды. Сонымен қатар, келесі моғол ханының әскерінде (Сұлтан Саид-хан) небары 4700 жауынгер болған [12, 241-242]. Яғни, моғолдардың басым бөлігі 1503 жылы Мұхаммеда Шейбанидің әскеріне қосылған.

Хижраның 911 жылы (1505-1506) Темір сұлтанның 5 мың әскері «өзбектер, сарттар мен моғолдардан» құралған [10, 14].

Егер Мұхаммед Шейбани әскерінің әуелгі құрылымы мен санына қарасақ, біз хижарының 906 жылы (1500-1501) Мұхаммед Шейбаниде 3-4 мың өзбек пен сонша жергілікті жауынгер болғанын атап өте аламыз [4, 101]. Мухаммед Салихтың көрсеткіші бойынша, Мұхаммед Шейбандің 10 мыңдық әскерінің басым бөлігін шибандықтар, олардың 300 күшші тайпасынан, 1000 дұрманнан, 700 найманнан, «ички тайпасының қарсылысы» 4000 адамнан құралған [10, 22]. Т.И. Сұлтанов Ички тайпасы толық құрамымен Дешті-Қыпшақты тастап кетті деп есептейді. Бұл жерде Ички атауы илатийаның 92 тайпасының тізімінде кездеспейтінін атап өту қажет. Сонымен қатар,  Мұхаммед Салих 1503 жылы туралы аталған рулардан басқа Мұхаммед Шейбанидің қоластында сихиут, қият, қоңырат (Хусейн Алидің басшылығымен), бүркіт, найман (Қанбар бидің басшылығымен), дұрман (Джанвефа-бидің басшылығымен), үшін, күшші (Көпек-бидің басшылығымен), жалайыр, қарлық, сұлдұз, нүкіз, тама, татар, ички, ойрат, адлу-оғлы (Хамза-бидің басшылығымен), маңғыт және адғу (маңғыттар мен Адғу уруганың басында Хаджи-Ғази) болғанын жазады [10, 10]. Біздің пікірімізше, Адгу уругты Едіге уруг (Едіге руы) ретінде пайымдауға болады, сондықтан неге Хаджи-Ғази маңғыттар мен Адгу уругты бір мезгілде басқарғаны түсінікті бола түседі. Ол, Едігенің ұрпағы болып, оның Мұхаммед Шейбаниға қызмет еткен ұрпағының кланын, сондай-ақ, барлық маңғыт тайпасын басқаруы мүмкін.

Мұхаммед Салих атап өткендей, оң қанатта қият, қоңырат, маңғыт, дүрмен, үйсін, ойрат сияқты тайпалар болған. Сол қанат 1500 адамнан құралған, оның 700 найман болған [10, 10].

Бұл жерде, 19 тайпа мен тек 6 тайпалық бектердің атауы аталғанын атап өткен жөн. Бұл 6 бек Мұхаммед Шейбанидің қоластындағы ең ірі тайпалардың  жетекшілері болуымен байланысты шығар. Таңқаларлық факті, күшші тайпасының бегі (300 адам) деп аталып өткен де, ал  «ички тайпасының» (саны 4000 адам) бегі жоқ. МИКХ құрастырушылар жазғандай, : «Ички – әдетте бұл терминді этноним ретінде қабылдайды. Алайда, ол әлеуметтік мағынаға ие және аса рұқсатты талап етпейтін ханның ішкі бөлмесіне кіру құқығына ие, нөкерлердің тобын білдіруі мүмкін [6, 493]. Бұл этноним емес, әлеуметтік мағына болуы толығымен ықтимал. Екінші жағынан, 10 мың адамның 4 мыңы хан бөлмесін кіру құқығына ие деп жорамалдауға да қиын. Ички бұл Орта Азияға Мұхаммед Шейбаниден бұрын қоныс аударған «ішкі өзбектер» болуы мүмкін. Өзбектердің Орта Азияға қоныс аудару процесі бір мезеттік акті болмағанын бұл жерде атап өту қажет.  15 ғасырдың ортасында тимурид Абу Сейідке қызмет ете бастаған Аргун тайпасы тұтас бұл аймаққа қоныс аударды [7]. Абу Юсуф Аргун Мұхаммед Шейбанидің Самаркандты бейбіт жолмен басып алуына ықпал еткен адам [4, 98]. Біздің білуімізше, хижарының 913 жылы (1507-1508) Ауғаныстанда Аргундардың Бабырдан [4, 215] жеңілісінен кейін, олар Мұхаммед Шейбанимен келіссөз жүргізді [4, 217-218]. Синдіге кеткенге дейін, Шах бек пен Мукім Аргун Мұхаммед Шейбаниға қызмет етіп, әскерінің бір бөлігі болуы толығымен мүмкін.

Алтынордалық Минг тайпасының кейбір өкілдері Бабырға (Ибрагим Сару) [4, 55] қызмет еткен, яғни, олар Мұхаммед Шейбаниден бұрын Орта Азияға қоныс аударған. 

Кейін Убайдулланың (1534-39) [1, 218] немесе Абдаллах II тұсында [3, 309] Дешті-Қыпшақ даласынан  Орта Азияға маңғыт пен кенегес тайпалары қоныс аударды. Ендеше, кейбір өзбек рулары бұдан да бұрын Тимуридтер территориясында болғанын, сондықтан осылар Мухаммед Салихте ички ретінде, яғни ішкі өзбектер деп сипатталғанын нақты айта аламыз Ички терминінің келесі нұсқасы - бұл ичкилер, ата-бабасы Әбілқайырға (Мұхаммед Шейбанидің атасы) қызмет еткен, Мұхаммед Шейбанидің жанындағылар мен оның малайлары. Бәрі бір де Т.И.Сұлтанов санағандай, Ички үлкен тайпаны білдіруі екіталай.

А.А.Семенов «Моғолдар мен шағатайлар өзбек ұлыстарының арасында тұрып, (өзбектердің) ішкі жауы болған; өзбек сұлтандары мен бектеріне адал қызмет еткен олар енді өзбек мемлекетіндегі билік үшін тартысты көріп, олардан шет айналып, Бабыр сұлтанның жағына шыққанын» атап өтті [9, 115]. Хижраның 913 жылы (1507-1508): «Әр түкпірдегі және әр аймақтағы түріктер мен шағатайлардың біреулері пайда үшін, екіншілері еріксіз түрде өзбектерге қосылды»- дейді Бабыр [4, 218].

Біз білетіндей, Бабырдың қоластында 20 мың моғол мен 5 мың шағатай болған [9, 117]. Мұхаммед Шейбанидің өлімінен кейін, Шибанидтерге қарсы бас көтерген осы 20 мың моғол [9, 115]. Ендеше, осы 20 мың моғолдың бір бөлігі 1503 жылы Мұхаммед Шейбаниге тұтқынға түскен моғолдар болуы мүмкін.

Сондай-ақ, қазақ жауынгерлері де Мұхаммед Шейбанидің әскери жорығына қатысқанын ұмытуға болмайды. Н.А.Атығаев пен З.А.  Жандосова алғашқы деректен Мұхаммед Шейбанидің Қасымға қатысты  сөздері туралы мәлімет келтіреді: «Түркістанның басшылары туралы хабар маған  [Түркістāнға] қарсы шығатын ой туғызды. Бүгінгі таңда өтініш білдірушінің қоластында әскермен бірге жиналып, Самарқандқа қарсы шығып, әмір Темірдің ұрпағынан астананы тартып алып, ал кейін Андижанға бет алып, одан Омар-Шайхтың ұлы Бабырды қуып жіберіп, Шыңғыс хан ұрпағы үлкен ұлының жорығы нәтижесінде мұрагерлік тәж бен таққа ие болу үшін, Үлкен хан мен Шыңғыс ханның ұрпағына маған жанашырлық танытып, көмекке 12 мың  адам беруіне өтінішпен жүгінемін». … «Шāхыбек-ханның өтініші Дешті- Қыпшақтың патшасы  Қāсым-ханға жеткенде, ол келісім беріп, [Шāхыбек-ханға]  қанша сұраса, сонша сұраған әскерін көмекке жіберді» [2, 275].

Дегенмен, кейін Н.А.Атығаев пен З.А. Жандосова былай жазады: «Сонымен,  Шайбāнū-хан жиырма мың жауынгер сұрады, Қасым хан оның өтінішін орындады. Ал кейін Шахыбек-хан Самарқандқа жиырма мың жауынгерімен таяп келгені туралы айтылады», ендеше бұдан, Шайбāнū-ханның барлық әскері далалық-қазақтардан құралғаны туралы қорытынды шығаруға болады [2, 275]. Дегенмен, аталған пікір жаңсақ болуы мүмкін. Аудармада Мұхаммед Шейбанидің 12 мың әскер сұрағаны туралы айтылады, ал жалпы 20 мың әскері болған, сонымен, біз 8 мыңы Мұхаммед Шейбанидің әскері, оның жартысын өзбектер, ал келесі жартысын сарттар, шагатайлар мен моғолдар  (6 - 8 мың санын және осындай құрылымды Бабыр келтіреді ) құрауы мүмкін деген жорамал жасай аламыз. Бұл жерде Мұхаммед Шейбанидің Самарқандты қазақтардың белсенді көмегінсіз алғанын атап өткен жөн. Мұхаммед Шейбанидің әйелі болуды ойлап, қаланы ерікті түрде берген (Самаркандтың билеушісі Сұлтан Али-мырзаның анасы) Зухраның ақылсыздығынан Самаркандты басып алды [4, 98-99]. Сондықтан неге Мұхаммед Шейбанидің Қасым ханның атынан ақша шығармағаны және хутба оқымағаны түсінікті. Сондай-ақ, (шамамен 1498-1500 жылдары) Самаркандты бағындыру жоспарынан бірнеше жылдан кейін, Қасым ханның әскері оның иелігіне (1500- жж. екінші жартысында) шабуыл жасағанда, Мұхаммед Шейбанидің таңқалауы да түсінікті. Қасым ханның әскері Самаркандты басып алуда ешқандай роль атқарған жоқ, сондықтан Мұхаммед Шейбани өз уәдесін орындаудың еш қажеті жоқ деп шешті. Қасымның әскері Мұхаммед Шейбаниде ұзаққа қалмаған болуы керек. Мұхаммед Салихтің мәліметіне сай ( 1500 ж. 6-8 мың +12 мың қазақ әскері), біз тіпті 1503 жылы Мұхаммед Шейбаниде тағы небары 10 мың әскер болғанын көреміз.

Жоғарыда айтылағанның барлығын түйіндей келе, біз, әуелі (1500- жылы) Мұхаммед Шейбани әскері 3-4 мың өзбектен құралғанын, сондай-ақ, соншама сан шағатай, сарт және моғолдың болғанын пайымдай аламыз. 1503 жылы  Мұхаммед Шейбаниде басым бөлігін (минимум 6 мың) өзбектер құраған, 10 мың әскер болған. Мұндай өсім Мұхаммед Шейбанидің Орта Азияны жаулап алғанынан кейін, олар оның әскеріне қосылуы және Темір ұрпағының иелігіне қоныс аударған ички өзбектердің қосылуымен түсіндірілуі мүмкін. Ибн Рузбиханның мәліметіне сай, енді 1509 жылы  Мұхаммед Шейбани әскері 40 мың атты әскерге және 20 мың қосымша әскерге дейін көбейді (Мұхаммед Шейбанидің 60 мыңдық әскері туралы айтатын бұл мәліметтер басқа да парсы деректерінде дәлелденеді [2, 276]). Өзбектер бұл әскерде басымдыққа ие болған жоқ. Олар шамамен 15 мың болды (бір 10 мыңдық жасақ «таза өзбектер» мен тағы 10 мыңдық жасақтың бір бөлігі «әскери салтаттылар»). Оған қоса бұл өзбектердің басым бөлігін ертеде осында қоныс аударған өзбектер (ички) құрайды. Сонымен, Мұхаммед Шейбанидің тұсында Орта Азияға 240 мыңнан 360 мыңға дейін өзбек қоныс аударды деген болжам дәлелденбеді. Мұхаммед Шейбанимен бірге қоныс аударған өзбектердің саны 10 мың жауынгерден (немес 50 мың адам) аспайды. Кейін бүгінгі Өзбекстанға тек «Өзбек» атауын беріп, Орта Азияның этногенетикалық картинасына аса әсер етпеген, 16 ғасырдың бірінші онжылдығындағы Жошы ұлысынан (Дешті-Қыпшақтан) өзбектердің миграциясы аса мардымды болған жоқ. Келімсек өзбектер Орта Азияның басқарушы элитасына айналып, мұнда Ресей испериясының жаулап алғанына дейін үстемдік етті.

Жақсылық Сәбитов

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Анке фон Кюгельген. Легитимация среднеазиатской династии мангитов в произведениях их историков (XVIII—XIX вв.). — Алматы: Дайк-пресс, 2004. 516 с.

2. Атыгаев Н.А., Джандосова З.А. Сведения « Āлам-ара-йи шах Исмаил» о казахах и казахском ханстве XVI века//Материалы Международной научно-практической конференции «История Казахстана: Инновационные концепции и периодизация как приоритет научного познания»  г. Алматы, 18 апреля 2013 года. С. 273-282.

3. Бейсембиев Т.К. Кокандская историография: Исследование по источниковедению Средней Азии XVIII–XIX веков. – Алматы: ТОО «Print-S», 2009. – 1263 с.

4. Захир ад-дин Мухаммед Бабур. Бабур-наме. Записки Бабура / Перевод М.Салье. Издание второе, доработанное. Ташкент: Институт востоковедения Академии наук РУ, 1993. 464 с.

5. История Казахстана в пяти томах. Том 2 - Казахстан в эпоху позднего средневековья. Алматы. 2010. 624 с.

6. Материалы по истории Казахских ханств XV-XVIII веков: (Извлечения из персидских и тюркских сочинений). Алма-Ата. Наука. 1969. 650 с.

7. Сабитов Ж.М. Аргуны во владениях Тимуридов в 1450-1550-ые года//Средневековые тюрко-татарские государства. Выпуск 3. Казань: Изд-во «Ихлас», 2011. С. 128-133.

8. Сабитов Ж.М. О происхождении этнонима узбек и «кочевых узбеков»//Золотоордынская цивилизация. Сборник статей. Выпуск 4. – Казань: ООО «Фолиант», Институт истории им. Ш.Марджани АН РТ, 2011. C. 166-173.

9. Семенов А.А. Первые Шейбаниды и борьба за Мавераннахр//Труды академии наук Таджикской ССР. Том XII. 1953. - C.108-150.

10. Султанов Т.И. Кочевые племена Приаралья в 15-17 вв. Вопросы этнической и социальной истории. М. Наука. Главная редакция восточной литературы. 1982. 132 с.

11. Утемыш-хаджи. Чингиз-наме Факсимиле, перевод, транскрипция, текстологические примечания, исследования В.П. Юдина. Подготовила к изданию Ю.Г. Баранова, Комментарии, указатели М.Х. Абусеитовой. Алма-Ата. Гылым. 1992. 

12. Акимушкин О.Ф. Средневековый Иран: культура, история, филология. Санкт-Петербург. Наука. 2004. 404 с.

0 пікір