МӘСІМОВТЫ МҮДІРТКЕН СҰРАҚ
Мәжілістің пленарлық отырысында 2015-2017 жылдарға арналған бюджетті талқылап, сол туралы заңды қабылдау жүріп жатты. Бәрі де әп-әдемі, қазақ тіліне шорқақтау болса да айтатын сөздерінен тосылмайтын біздің министрлеріміз депутаттардың сауалдарына ойпаң-тойпаң жауап беріп жатыр.
Оларға премьер-министр Кәрім Мәсімов те көмекке келіп, кейбір сұрақтарды өз мойнына алып жатты. Сөз кезегі өзіне келгенде Мәжілістің жас депутаты Айқын Қоңыров күтпеген сұрақ қойды. Ол «Біздің мемлекеттік компаниялардан бюджетке түсетін түсімдер неге аз? 2012 жылғы бюджетте ол 171 млрд. теңге деп жоспарланған екен, ал 2013 жылғы бюджетте он есе азайып, 15 млрд. теңге ғана жоспарланыпты. 2014 жылғы бюджетте бұдан да аз. Осының себебі не? Үкімет мемлекеттік секторда ашық және мөлдір дивиденттік саясатты қашан жүргізетін болады?» – деді.
Бұл халықты да алаңдататын өте орынды сұрақ еді. Шынында дивидент арқылы бюджетке түсім жасамаса мемкомпаниялардан не пайда? Бұл компаниялардың топ-менеджментін өз еркін өзіне беріп, қашанға дейін еркелетуге болады? Мемлекет қысылса қолдап, бюджеттен қаражат та беріп жатады, ал олардан халыққа түк пайда жоқ екен...
«Жасырғанды Құдай көрмей ме» дегендей бұл жерде мәселенің мәнісі басқада сияқты. Мұндай компаниялардың бәрі бай және таза табыстары өте үлкен. Ал олардың басында да, қосында да... кілең мықтылардың балалары отыр. Сондықтан оларға дивидентті өздерің қалағандарыңша пайдаланыңдар, бюджетке ештеңе бермей-ақ қойыңдар деген жасырын рұқсат берілген сияқты.
Сондықтан да бұл сұраққа К.Мәсімов сасып қалды. Алайда сұңғыла саясаткер жауаптан тосылмай, «бас десе құлақ деп, құлақ десе шұнақ» деп бюджеттің түсімін шығысына айналдырып, қара қойыртпаққа салып берген жауабын халыққа диктофонға жазылған қаз-қалпында ұсындық: «Это вопрос очень важный. Вопрос корпоративного управления, дивидентной политики и ситуация с национальными компаниями. Конечно, если есть эффективность, то мы будем повышать вопрос дивидентной политики, он может быть пересматриваться. Но если внимательно посмотреть на структуру нашей экономики, то основными плательщиками как налога так и основными плательщиками наших государственных компании являются компании, которые связаны в первую очередь с сырьевыми ресурсами. Такова структура нашей экономики. И по большому счету приведение нашей макроэкономической политики... весь банкет оплачивают в основном сырьевики. Т.е. за счет этой дивидентной политики бюджетные поступления идут. И мы не имеем возможность развивать другие сектора экономики. К сожалению структура мировой экономики и цен на сырьевые ресурсы такова, что она не позволяет нам очень сильно сейчас это увеличивать, сейчас процесс как раз идет в обратную сторону. Поступления (они) ухудшаются. Но использовать этот случай, на мой взгляд, очень важно для того чтобы посмотреть внимательно структуру расходов. Я думаю, что здесь как внутри бюджета, мы должны еще над этим работать, так и в национальных компаниях, так и в других компаниях. Сейчас очень хороший момент для того, чтобы мы свою расходную часть еще раз посмотрели и подтянули. Я думаю, что здесь у нас есть еще дополнительные излишки. Мы будем над этим работать в правительстве, мы будем над этими работать с нашими национальными компаниями. И будем советоваться с парламентом, с депутатами для того чтобы посмотреть те вопросы, где мы можем подтянуть. Я внимательно слежу, в том числе за теми обсуждениями которые идут в стенах парламента, внимательно смотрю за теми предложениями которые идут на обсуждения. В том числе на депутатской фракции «Нур Отан» и др. партий. Думаю что, мы совместно с вами проведем определенную работу для вопросов более эффективного использования бюджетных средств. Спасибо.»
Орысшаны біз де бір кісідей білетін едік, алайда нақты сұраққа берілген мына қойыртпақтан түк түсіне алмадық. «Сасқан үйрек артымен жүзеді» дегендей депутат бюджеттің түсімін айтудың орнына шығысын айтып кетті ме немене... Қысқасы, айтатын нақты жауабы болмаған соң осылай қойыртпақтатқаны көрініп тұр. Демек, мемлекеттік компаниялардың еркелігін ол көріп отыр. Сөйтіп, КЕГОК, «Қазақтелеком», «Қазақстан темір жолы» және т.б. мемлекеттік компанияларда еңбекақы мен сыйақы аспанмен теңдес... Ал бюджеттен ақша алатындар күндерін зорға көріп қала беретін сияқты.
Серік ЕЛЕУ, сарапшы.