Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Билік 4900 0 пікір 18 Қараша, 2014 сағат 16:30

БАСПАНАЛЫ БОЛУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

Елбасы Жолдауының Жолдаудың «Нұрлы Жол» аталуының өзінен келешекті бағдар­лаған, алдағы мақсатқа жету үшін басым бағыттарды айқындаған ба­ғ­дарлама екендігімен көңіл қуан­­тады. Экономиканың әр саласын өркендетудің жеті басым бағытынан ел экономикасының бүгінгі ырғақты дамуын бәсеңдет­пеу, тек бәсеңдетпеу ғана емес, үде­те түсудің маңыздылығын ай­қын­дап берді.

 Әрине, экономика әр бағытта дамиды. Оған Ұлт­тық қордан қомақты қаржы да бөліне­тіндігі айтылды. Менің айтайын дегенім, эконо­мика өздігінен өркендемейді. Мұны барша біледі. Экономиканы дамыту бағ­дарламасын жасақтайтын біл­гір экономистер болса, әр сала­ны өр­­кендететін қатардағы жұ­мыс­­шыдан бастап, басшысына дейін­гі мамандары жұмыс жасайды. Ал сол мамандардың жайлы бас­пана­сы болмаса, жұмысы да өн­бей­­тіндігі даусыз. Дегенмен, біз­дің елі­мізде әр кезеңде тұрғын үй құры­лысын дамытудың кешенді бағ­дар­ламалары іске асырылып келе­ді. Енді биылғы Жолдауда көрі­ніс тапқан бесінші бағыт – тағы да тұр­ғын үй құрылысын дамытуға арналып отыр.

Рас, қазір тұрғын үй ешкімге тегін берілмейді, тұрғын үйді әркім жалға алуына болады. Десек те, жалға берілетін тұрғын үй баспанаға мұқтаждардың бәріне бірдей жете бермейді. Міне, енді Елбасы тағы да 2015-2016 жылдар аралығында жалға берілетін тұрғын үйлер құ­ры­лысын салуға 180 миллиард теңге бөлуге тапсырма берді. Және бір ерекшелігі, «Арендалық бас­па­на құрылысы тұрғысындағы қадам­дарды қайта қарастыру керек. Біз­де қолжетімді баспана бойынша көптеген әдістер бар. Елімізде Тұр­ғын үй-құрылыс жинақ, ипотека, арендалық бағыттар қамтылған. Енді бізге басқа қырынан қарау керек. Мемлекет әлеуметтік арендалық баспананы салып, оны халыққа сатып алу құқығымен ұзақ мерзімге жалға беретін болады. Қазіргі кезде қолданыстағы жүйе қомақты қар­жыны талап етеді. Бастапқы жар­наны төлеткізеді, содан кейін банк­тер кіріптарлық пайыздарды бекітеді, яғни оның деңгейі 20 пайызға жетеді. Адамдар оны төлеу­ге қауқарсыз және проблемалар туын­дайды. Бұл бағдарламалар қала­ды, олар дәулетті адамдар үшін қалыпты. Ал жаңа ба­ғыттағы бағдарламаны жас отбасы­лар үшін және баспанаға зәру аза­мат­тарға жасап жатырмыз», – деп Ел­басы мәселенің басын ашып берді.

Біз бұдан жаңа бағдарлама бойынша енді жалға берілетін баспананы еш делдалдарсыз, барынша төмен пайызбен алуға болатынын түсінеміз. Ал несиелік қызмет ету 1-2 пайыз деңгейінде болып, тұрғын үйді сатып алу құны төмендетіледі, бастапқы жарнаға тыйым салынады екен. Бұл әсіресе, жаңадан жоғары оқу орнын бітіріп, шаңырақ көтерген жас отбасылар үшін үлкен қолдау болары даусыз. Биылғы Жолдаудың осы секілді өзге де бағыттары экономиканы жаңаша өркендетуге серпін береді дегенмен, тұрғын үй құрылысына қатысты тұсы баспанаға зәру отбасылардың үмітіне сәуле түсірді.

Өтепберген ӘЛІМГЕРЕЕВ,

жазушы, журналист,

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Атырау облыстық филиалының төрағасы. 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2050