Абай шығармаларын қытайша сөйлеткен кім?
Абай шағармаларын тұңғыш қытай тіліне аударған сібе ұлтының өкілі Қабай қазір Бейжіңде тұрады. Аудармашы жастайынан ақынның өлеңдерін жаттап өскен. Абай туындыларын тұңғыш рет ханзу тіліне тәржімалаған Хахуаң Жаң немесе Қабай ақсақалдың ұлты – сібе. 86-дан асқан қария бірнеше тілде еркін сөйлейді, тың, ойы жатық. Тіпті Ұлы Абай туралы тағы бір кітап жазуда екен.
Қабай, аудармашы: - Менің әзірше бір ойым бар. Ол Абай өлеңдерінің ішіндегі бір таңдамалы кітаптарын шығарсам деймін. Өйткені ол жастайынан қазақ ақындарының өлеңіне ынтық. Ал Абайға деген ықыласы айрықша. Ақынның шығармасына деген шынайы сезім, кесек туындыны күрделі тілге аударуда көп көмек болды.
Қабай, аудармашы: - Абайды қазақтар қанша оқыса да, оқи береді, жақсы көреді. Енді біз аударғанымен, Абайдың өлеңдерінің ойын келтірсек те, оны көркемдік жағынан жеткіздік деп айта алмаймыз. Өзімнің шамам жеткенше аудардым, енді кейінгі аудармашылар жақсы аударса деп ойлаймын.Абай өлеңдерін қаз қалпында қытайша жеткізу оңай емес. Мысалы «Қансонарда бүркітші шығады аңға» дегенді ханзуша жеткізу тіпті қиын. Өйткені қытайлар қазақтар сияқты аңға шығып, бүркіт салмаған. Дегенмен, Абай салған сөз өнерінің сара жолына ғашық болған Қабай Мұхтар Әуезовтың «Абай жолын» да аударып бастырған.
Қабай, аудармашы: - Абайдың аудармасын жалпы біреу емес, көп адам аударса, жақсы болады. Қабай ақсақалдың «Қазақ ақындары» атты қытай тіліндегі кітабы да бар. Мұнда айтыс өнерінің тек бізге ғана тән екені жазылған және Бұхар жыраудың, жыр алыбы Жамбыл мен Айкүмістің, Біржан сал мен Сараның айтыстары аударылған. Ең бастысы, Абай шығармаларын миллиардтың тілінде тұңғыш рет сөйлеткен – Қабай.
Нұрбек Бекен, Жаң Сүй
24.kz