Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5459 0 пікір 3 Қазан, 2014 сағат 11:32

СЕНАТ САЙЛАУЫНЫҢ ҚОРТЫНДЫСЫ

2014 жылғы 2 қазанда Орталық сайлау комиссиясы өзінің отырысында 2014 жылғы 1 қазанда болған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтады.

Еліміздің Конституциясына және Сайлау туралы заңына сәйкес Парламенттің жоғарғы палатасына 16 депутат, яғни әрбір облыстан, Астана және Алматы қалаларынан бір-бірден сайланды.

Комиссия отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясында Ортсайлауком басшысы атап өткендей «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысының сайлауды ұйымдастырушылық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын уақтылы іске асырды. Аумақтық сайлау комиссиялары барлық қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды Ортсайлауком бекіткен Күнтізбелік жоспарға сәйкес, сайлау заңнамасы белгілеген барлық рәсімдерді сақтай отырып өткізді» – деп атап өтті.

Электораттық науқан барысында барлығы 88 үміткер ұсынылды.

Жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерге 39 кандидаттың тегі енгізілді.

Жалпы республика бойынша таңдаушылардың келуі 98,7 %-ды құрады. Бұл ретте Маңғыстау облысы мен Астана қаласында олардың келуі жүз пайыз болды. Алты өңірде келу 99 %-дан асты.

Тізімдерге енгізілген 3279 таңдаушының 3236-сы немесе таңдаушылардың жалпы санының 98,69 %-ы дауыс беруге қатысты.

12 сайлау бюллетені жарамсыз деп танылды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың мынадай қорытындылары анықталды:

  • Ақмола облысынан Әкімов Рашит Қайыржанұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 250 (92,9 пайыз), Жүніс Болат Ғаббасұлы үшін 19 (7,1 пайыз) дауыс берілді;
  • Ақтөбе облысынан Сағиев Айбек Игілікұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 19 (9,5 пайыз), Тағымов Марат Мырзағалиұлы үшін 181 (90,5 пайыз) дауыс берілді;
  • Алматы облысынан Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 285 (88,8 пайыз), Темірбаев Алик Едресұлы үшін 36 (11,2 пайыз) дауыс берілді;
  • Атырау облысынан Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 114 (87 пайыз), Сәрсемалиев Ғилман Әміржанұлы үшін 8 (6,1 пайыз), Теміров Қамбар Әндіржанұлы үшін 9 (6,9 пайыз) дауыс берілді;
  • Батыс Қазақстан облысынан Мұқаев Ерболат Рахметұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 181 (94,8 пайыз), Саққазов Асылбек Ғұмарұлы үшін 10 (5,2 пайыз) дауыс берілді;
  • Жамбыл облысынан Дүйсембаев Махамбет Ахметұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 10 (5 пайыз), Жолдасбаев Мұратбай Сматайұлы үшін 179 (89,5 пайыз) дауыс, Новоселов Владимир Борисович 11 (5,5 пайыз) дауыс берілді;
  • Қарағанды облысынан Ершов Сергей Михайлович үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 269 (94,1 пайыз), Распопов Николай Иванович үшін 17 (5,9 пайыз) дауыс берілді;
  • Қостанай облысынан Бегісбаев Темірхан Серікболұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 26 (9 пайыз), Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы үшін 240 (82,8 пайыз), Жәркенов Асқар Кәрімбайұлы үшін 24 (8,2 пайыз) дауыс берілді;
  • Қызылорда облысынан Еламанов Бекмырза Қайыпұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 120 (82,8 пайыз), Оразбекұлы Әшім үшін 13 (9 пайыз), Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлы үшін 12 (8,2 пайыз) дауыс берілді;
  • Маңғыстау облысынан Әбуғалиев Қадырбек Өтеуліұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 14 (12,5 пайыз), Бортник Михаил Михайлович үшін 98 (87,5 пайыз) дауыс берілді;
  • Оңтүстік Қазақстан облысынан Бектаев Әли Әбдікәрімұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 238 (77,8 пайыз), Үсенов Данияр Қозыбайұлы үшін 68 (22,2 пайыз) дауыс берілді;
  • Павлодар облысынан Жапарбеков Айтқазы Нұрғазыұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 15 (7,4 пайыз), Көбенов Манап Шарапиденұлы үшін 164 (80,8 пайыз), Нұрмағамбетов Қайрат Қайыржанұлы үшін 24 (11,8 пайыз) дауыс берілді;
  • Солтүстік Қазақстан облысынан Отрадных Владимир Васильевич үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 33 (16,2 пайыз), Перепечина Ольга Валентиновна үшін 171 (83,8 пайыз) дауыс берілді;
  • Шығыс Қазақстан облысынан Кутовой Виктор Александрович үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 45 (14,7 пайыз), Плотников Сергей Викторович үшін 262 (85,3 пайыз) дауыс берілді;
  • Астана қаласынан Жақсыбеков Серік Рыскелдіұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 23 (92 пайыз), Қаратаев Бейсембек Шоқтайұлы үшін 0 (0 пайыз), Смородин Александр Викторович үшін 2 (8 пайыз) дауыс берілді;
  • Алматы қаласынан Баймұхамбетов Қуандық Сергейұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 2 (5,9 пайыз), Мадибраимов Қалдыбай Махатайұлы үшін 2 (5,9 пайыз), Мұқашев Төлеубек Төлеуұлы үшін 30 (88,2 пайыз) дауыс берілді.

Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2014 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаты болып төмендегілер сайланды деп белгіледі:

  • Ақмола облысынан – Әкімов Рашит Қайыржанұлы;
  • Ақтөбе облысынан – Тағымов Марат Мырзағалиұлы;
  • Алматы облысынан – Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы;
  • Атырау облысынан – Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлы;
  • Батыс Қазақстан облысынан – Мұқаев Ерболат Рахметұлы;
  • Жамбыл облысынан – Жолдасбаев Мұратбай Сматайұлы;
  • Қарағанды облысынан – Ершов Сергей Михайлович;
  • Қостанай облысынан – Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы;
  • Қызылорда облысынан – Еламанов Бекмырза Қайыпұлы;
  • Маңғыстау облысынан – Бортник Михаил Михайлович;
  • Оңтүстік Қазақстан облысынан – Бектаев Әли Әбдікәрімұлы;
  • Павлодар облысынан – Көбенов Манап Шарапиденұлы;
  • Солтүстік Қазақстан облысынан – Перепечина Ольга Валентиновна;
  • Шығыс Қазақстан облысынан – Плотников Сергей Викторович;
  • Астана қаласынан – Жақсыбеков Серік Рыскелдіұлы;
  • Алматы қаласынан – Мұқашев Төлеубек Төлеуұлы.

Сайланған Сенат депутаттарының орташа жасы 56 жасты құрайды.

Олардың құрамында 7 инженер, 4 ауыл шаруашылығы қызметкері, 2 экономист, 2 оқытушы және 1 заңгер.

Қызмет түрі бойынша: 4 – Парламент Сенатының қызметтегі депутаты, 9 – мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкері, 2 – коммерциялық құрылымдардың қызметкері.

Тікелей дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін, кандидаттардың сенім білдірген адамдарын, Қазақстан Республикасы саяси партияларының, қоғамдық бірлестіктері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қоса, жалпы 387 адам байқады.

Байқаушылардың алдын ала бағалауына сәйкес сайлау науқаны ұйымдасқан түрде, ашық және демократиялы жағдайда өтті. Сайлау процесінің барлық қатысушылары құқықтық кеңістік шеңберінде және еліміздің сайлау заңнамасы белгілеген рәсімдерге сәйкес әрекет етті.

Мониторинг қорытындыларына сәйкес 48 республикалық және 150 өңірлік баспа басылымына, 16 республикалық және 30 өңірлік телеарнаға, сондай-ақ 7 ақпараттық агенттік пен 108 неғұрлым танымал қоғамдық-саяси интернет-ресурсқа жүргізілген мониторинг қорытындыларына сәйкес 2014 жылғы 1 тамыз бен 1 қазан аралығындағы кезеңде БАҚ-та сайлау науқанына арналған 1000-нан астам материал жарияланды.

Олардың 295-і электрондық БАҚ-та, 156-сы – баспа және 550-ден астамы – интернет желісінде.

Сайлау науқаны барысында Орталық сайлау комиссиясына барлығы 5 өтініш түсті. Негізінен оларда сайлау заңнамасының кейбір нормаларын қолдану тәжірибесін түсіндіру туралы өтініштер қамтылған.

Облыстық, Астана және Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссияларына 3 өтініш түсті. Бір өтініш иесі аумақтық сайлау комиссиясының оны Сенат депутаттығына кандидаттарға Конституция бекіткен талаптарға сәйкес келмеуі туралы шешімін келіспеген. Аталған өтініш сотта қаралды. Сот шешімі бойынша өтініш иесінің талап-арызы шарттарын қанағаттандырудан бас тартылды.

«Өтініштердің көп еместігі, сондай-ақ сайлау заңнамасын бұзушылыққа шағымдардың, әсіресе аталмыш «пасық» саяси технологиялар мен «қара» пиарды пайдалану фактілерінің жоқтығы, біздің ойымызша, сайлау процесіне қатысушылардың саяси және құқықтық мәдениеті деңгейінің артқанын көрсетіп отыр.

Әсіресе бұл үрдісті біз Парламент Сенаты депутаттарының кезекті сайлауы жөніндегі соңғы үш сайлау науқаны барысында байқап отырғанымыз маңызды» – деп атап өтті Ортсайлауком басшысы.

 

Қазақстан Республикасы 
Орталық сайлау комиссиясының 
баспасөз қызметі 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381