Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4384 0 пікір 8 Қыркүйек, 2015 сағат 12:20

АБАЙ БАҒЫ АШЫЛАДЫ

Алматы облысының Кербұлақ ауданының Басши ауылында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлына  арналған еліміздегі алғашқы тақырыптық  бақ ашылады.

«Абай бағы»  – бұл күнде  тек қазақтың ғана емес, бүкіл адамзаттың әйгілі тұлғасына айналып кеткен ұлы Абайдың 170 жылдығына «Гүлстан»  журналы мен «Гүлзар» қоғамдық бірлестігінің тартуы болып отыр. Мерейтой кезінде «Гүлстан» журналы мен «Гүлзар» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасымен бірлесіп ұлы Абайдың 170 жылдығына 170 емен ағашын отырғызу идеясын көтерген болатын. 

«Абай бағы» – Кербұлақ ауданындағы Нұрым ауылындағы орта мектептің жанында орналасады. Онда ұлы Абай жүріп өткен жол – Семей қаласынан бастап, Күшікбай асуы, М.Әуезов туған Бөрлі ауылы, Құнанбай қажы әулетінің қыстауы, әрі қорымы Ақшоқы, Еңлік-Кебек мазары, Еңлік-Кебек үйтасы, Әйгерім бұлағы, Жидебайға дейінгі аралықтың шағын көшірмесі көрініс таппақшы. Бұл бір ғана Нұрым орта мектебінің оқушыларына ғана емес, республиканың барлық мектептеріне үлгі боларлық бастама. Біріншіден, жас ұрпақтың бойына ұлы бабамызға  деген ерекше құрмет үлгісін көрсетсе, екіншіден 5 пайызға ғана жуық орман-тоғайы бар  Қазақ даласын көгалдандыруға шақырудың жарқын көрінісі бола алады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377