Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 6219 0 пікір 15 Тамыз, 2015 сағат 11:49

ӨЗ ӨНІМДЕРІМІЗДІҢ ӨРІСІ КЕҢ

Алматы облысының  әкімі Амандық БАТАЛОВ жұмыс сапарымен Талғар және Еңбекші­қазақ ауданда­рын­да болды.  Сапар барысында әкім  экономикалық қуаты мығым аудан­дардың жай-күйімен кеңінен танысып, бірқатар аграрлық нысанда, өңдеу кәсіп­орындарында, жеміс-жидек сақтау қойма­сында болып, алма бақтарын аралады деп жазады облыстық «Жетісу» газеті.

БАЛАЛАР ТАҒАМЫНА СҰРАНЫС БАР

Өңір басшысы ал­ғашқы жұ­мысын 2010 жылы іске қо­сылған Қазақ та­ғам­тану акаде­мия­сының «Амиран» ЖШС зауы­тынан бас­­та­ды. Аталған серіктестік уақыт көшінен қал­май, серпінді да­му үстінде. Үде­мелі-индус­трия­лық бағдар­ла­маны байыпты іске асыр­ған ком­пания отандық нарыққа өз өнімдерін шығару арқылы, тұ­рақты тұтыну­шы­ла­рын тап­қан. «Амиран» ЖШС ба­ла­лар­ға ар­налған сүт және осы та­ғам­­ның 11 түрін шыға­рады. Өнім­­нің құ­рамында бала ден­сау­лығы үшін өте пайдалы дә­ру­мендер бар. Атап айтар бол­сақ, бифи­до­бак­терия, қышқыл сүт бак­те­рия­лар, лактобак­те­рия­лар, аци­до­фильді микро­ор­га­низм­­дердің құрамы жоғары. Өн­дірістің қуат­тылығы жылына 1500 тон­на. Үсті­міздегі жылдың төрт айын­да 315, 2 тон­на сүт, 203, 8 млн. теңгеге 394 тонна өнім өн­дірді. Бір зауыт үшін бұл үлкен көр­сет­кіш.

Аталған шаруашылық жұ­мы­с­тарын дамыту үшін ауыл­ша­руашы­лық мақсатындағы 1528 гектар жерді игеруге бер­ген. Заем­дық жә­не жеке қар­жымен салынған шаруашылық біраз мәселенің басын қайы­руда. Не­гізгі бағыт сүт зауытын өз ши­кі­затымен қамта­масыз ету бол­ған­дықтан Канада­дан асыл тұ­қым­ды сүтті бағыт­тағы қара-ала сиырдан 800 бас әке­лінген. «Ами­ран» сүт-тауарлы фер­ма­сын­да шетелдік селек­ция­ның 800 сауын сиырына лайық­тал­ған үлкен заманауи сүт кешені са­лынған. Онда сиырларды, бұзау­ларды ұстай­тын жеке қора, вете­ринарлық-санитарлық ай­мақ бар. 1450 тонна шөп сиятын жабық алаң да қарастырылған. Жалпы, қоймадағы құрылыс мате­риал­дары шетелден алын­ған. Жел­деткіш те орнатылған. Сол себепті қоймада жағымсыз иіс те жоқ. Американдық «BAU­MATIC» фирма­сынан сиыр сауа­тын құрыл­ғылар алынған. Жыл басынан бері сүт сауымы 1700 тоннаға жеткен. Сонда орта есеппен алғанда 1 сиыр­дан тәулігіне 27 литр сүт алы­нады. Демек, серіктестік өз-өздерін шикізатпен толықтай қам­та­ма­сыз етуде. Жұмыс­сыз­дықтың са­нын азайту жолында да ат­қар­ған істері мақтауға тұрарлық. 87 адамды жұмыс­пен қамтып ке­леді. Сондай-ақ, былтыр ғана зауытқа Қазақ Ұлттық аграрлық универси­тетін бітірген жас ма­ман­дарды жұмысқа қабылдаған. Олар алды­мен шет мемлекетте тәжі­рибе ал­масып, ауылшаруа­шы­лық сала­сын­дағы білімдерін жетілдірген. Қазір жас ма­ман­дардың барлығы отан­дық өнім­ді көбейту мақсатында білек сы­бана жұмыс істеп, тер тө­гуде.

«Амиран» ЖШС-нің бас ди­ректоры Алла Пактың ай­туын­ша, зауыттағы техно­ло­гиялық қон­дырғылардың бар­лығы вен­грия­лық компания­ның құрыл­ғы­лары. Ол Еуро­падағы ең озық тех­ника­лар санатына жатады. Соның нәти­жесінде сапалы әрі маңызды сүт өнімдері шыға­ры­лады. Ал­дағы уақытта бала­лар­ға арнал­ған та­ғам­дардың түрі тағы да көбей­тіл­мек. Оған зауыт­тың мүмкіндігі шек­сіз екен­дігін тіл­ге тиек етті. Бұл қуан­тарлық жағдай.

АЛМАНЫҢ ДӘМІ ТІЛ ҮЙІРЕДІ


Облыс әкімі Амандық Ғаб­бас­ұлы Талғар ауданы, Гүл­дала ауылындағы болаша­ғы­нан зор үміт күттірген «Фреш Фруд Қа­­зақстан» ЖШС-нің тыныс-тір­шілігімен де та­ныс­ты. «Амал Био» сауда бел­гі­сімен отандық өнім өндіретін кә­сіп­орын жеміс-жидектерді сақтау мен сату жұ­мысымен тікелей ай­налыса­тын­дықтан, серік­тес­тіктің бү­гінгі бет­алы­сы көп­шіліктің көңілінен шық­ты. Же­міс-жидекті қысы-жазы сақ­тай­тын 2 мың тон­на­ға лайық­тал­ған қоймаға атба­сын бұр­дық. Оның барлық құ­ры­лы­сы мен құрылымы ав­стра­­­­лия­лық технологиямен са­лынған. Же­містерді бір қалып­ты дең­гей­де сақтау үшін Гер­манияның жо­ғарғы техноло­гия­лық құрал-жабдықтарын пайдаланады екен. Соның нә­ти­жесінде же­міс-жидектер ұзақ уақыт әрі бұ­зыл­­май сақ­талады. Сонымен қатар, жыл­дың қай мезгілі бол­сын, сақ­тауда тұрған өсім­діктерді са­ту­ға мүмкіндік бар. Облыс бас­шысы Амандық Ба­та­лов ал­дағы уақытта жеміс-жидек­тер­дің түрін көбейтіп, өнімнің бағасы мен сапасына көңіл аудару керектігіне тоқ­талды. Ал, кәсіпорын дирек­торы На­сыр Камалов келе­шек­те қой­ма­­ларды үлкейтіп, түрлі же­міс-жидектерді сақтау үшін жұ­­мыс істейтіндігін жет­кізді. Алматы маңында азық-түлік белдеуін қалыптастыру ісінде жақсы нәтижелерге қол жет­кізіп жүрген серіктестік жұ­­мы­сына облыс басшысы сәт­тілік тіледі.

Аталған қоймаға негізінен сақталатын жеміс – алма. Кә­сіп­керлер алма өсірудің сан алуан түрін пайдаланады. Бұ­дан соң, Алматыдан 80 шақы­рым жерде орналасқан тау бөк­­теріндегі алма баққа жол тарт­тық. Алма бағы үшін Ең­бек­­ші­қазақ ауданынан 60 гек­тар жер­ді алған. Мамандардың ай­туын­­ша, мұнда алманың 14 тү­рі шет елден әкелінген. Жер­сін­діру процесі де жоспардан тыс орындалған. Тіпті, шет­ел­дік мамандарды алма аға­шы­ның басқа аймаққа аз уақыт­тың ішін­­де жерсінгені таңқал­дыр­ған. Дегенмен, жердің құ­нар­­лы­лығы, климаттың қолай­лы­лығы алма ағашының өніп-өсуіне зор ықпал еткен. Алма сорттарының ішінде «голден делишес» сорты ең көп жеміс берсе, «греннисмит» ұзақ уа­қыт сақталатын болып шықты. «Майрак», «футджи» сынды жапондық алмалардың дәмі бсқаларынан өзгеше. Барлық алма тіл үйіреді. Сол арқылы сұранысқа да ие.

Тамшылатып суару әді­сін пайдаланған мамандар жемісті құстардан қорғау үшін арнайы тормен көм­кер­ген. Алма өсі­ру­ге қажетті әрбір зат шет­ел­ден алынған. Себебі, бұл ағаштар италия­лық әдіспен өсіріледі. Жал­пы, алма бақта 60 жұмыс­шы бар. Олар әр маусым сайын ауысып оты­рады. Бір мау­сым­да бақтан 350 тоннадан аса ал­ма жина­лады. Кәсіп­орын қуа­тын арт­тыруда бұл үлкен іс, үлкен нә­тиже. Отан­­дық өнімді көп­­теп өнді­руді мақсат тұт­қан кәсіп­орын башылары келесі жыл­дан бастап өнім көлемін 1000 тоннаға ұл­ғайтуды жо­с­пар­лап отыр. Сонымен қа­тар, ал­ма же­місінен түрлі сусын дайын­дауды да қолға алмақ. Бір қуантарлығы, отан­дық өнім қазірдің өзінде Моң­ғо­лия, Өз­бек­стан, Тә­жік­стан, Түр­кімен­стан мен Қырғыз­стан елдері арасында сұра­нысқа ие. Демек, жыл бойы тө­гіл­ген маңдай тер­дің ақ­тал­ғаны.

– Дүниежүзілік сауда ұйы­мының мүшелері на­рыққа өз тауарларын шығарғанда, со­лар­мен тең дәрежеде саудаға тү­се алуымыз керек. Ең алды­мен, тауардың сапасы мен баға­сы на­зарға алынады. Сол үшін бә­рімізді алда үлкен жұмыс күтіп тұр. Тынымсыз еңбектенуіміз қажет. Тұрақты дамып ке­ле жатқан компанияларға міндетті түрде мемлекет та­ра­пынан кө­мек көрсетіледі. Қолдау бола­ды. Тек жұмысты тия­нақты, ұтымды атқарған жөн. Халық­ты барлық қажет­тілік­пен қам­тамасыз ету жолында аянып қал­майық, – деген об­лыс әкімі Амандық БАТАЛОВ отандық өнімді арттыру мақ­сатында жо­ғары нәти­жеге қол жеткізген серіктестіктердің жұ­мыс­та­рына табыс тіледі.

Еңлік САҒЫНДЫҚОВА

Талғар – Еңбекшіқазақ аудандары.

Алматы облысы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5441