Жексенбі, 4 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3555 0 пікір 13 Тамыз, 2015 сағат 11:01

РЕСЕЙ ҚАЗАҚСТАНҒА БЕС ЗЕНИТТІК-ЗЫМЫРАНДЫҚ КЕШЕНІН ТЕГІН БЕРДІ

Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері бес зениттік-зымырандық кешенімен толықтырылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Қазақстан жаңалықтары».

Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне ақысыз негізде Ресейдің Қорғаныс министрлігінен бес С-300ПС қазіргі заманғы зениттік-зымырандық кешен берілді.

Кешен Алматы маңындағы «Жетісу» станциясына теміржол көлігімен жеткізілді.

«С-300ПС зениттік-зымырандық жүйелер жауынгерлік практикалық оқ атуларда сыналады және Қазақстанның әуе кеңістігін тасалау бойынша жауынгерлік кезекшілікті атқару үшін Қазақстан Қарулы Күштері ӘҚК әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бағынышты әскери бөлімдеріне жарақтандырылуға берілетін болады», — деді Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұржан Мұқанов.

С-300ПС зениттік-зымырандық кешені шағын төмен ұшатын нысаналарды жою үшін арналған.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 921
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 1040
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 1014