ГРАНТ ДАУЫ. ГРАНТСЫЗ «АЛТЫН БЕЛГІ» ЖӘНЕ СУИЦИД
Білім және ғылым министрлігінің Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және халықаралық қатынастар департаментінің директорының міндетін атқарушы Серік Өмірбаев Астанадағы баспасөз мәслихатында ата-аналар мен түлектерден көптеген арыз түсіп жатқанын хабарлады. Tengrinews.kz-тің жазуынша, кейбір нәтижесі жоғары түлектер білім беру грантына іліге алмаған.
"Бізде тек "Алтын белгі" иегерлері ғана немесе олимпиада жеңімпаздары ғана кірген бірқатар мамандық бар. Бұл, айталық, халықаралық қатынастар, шығыстану, шетел филологиясы, құқықтану, кеден ісі, экономикалық барлық мамандықтар, медицина. 39 "Алтын белгі" иегері грант ала алмады. Себебі, жастардың бұл категориясы тек сұранысқа ие мамандықтарды белгілейді. Әрине, олар өз балдары бойынша тізіледі, ал экономикалық және құқықтану мамандықтарына гранттар саны азаяды", - деп түсіндірді Өмірбаев.
Оның айтуынша, "Алтын белгі" иегері болған 39 түлек қана грантсыз қалмаған, халықаралық олимпиадалардың сегіз жеңімпазы да, халықаралық ғылыми жарыстардың 92 жүлдегері де және түрлі шығармашылық және спорт жарыстарының 293 жеңімпазы да грантқа іліге алмады.
"Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов және конкурс комиссиясының өзге мүшелері соңғы отырыста бірінші кезекте ұлттық университеттердің ректорларына және өңірлердегі жоғары білім беру мекемелерінің басшыларына "Алтын белгі" иегерлерін, олимпиада жеңімпаздарын мүмкіндігінше ректорлық грантқа қабылдау бойынша сөз айтқан.
Ал, Батыс Қазақстанда білім грантына іліге алмаған қыз суицид жасапты. Қаза болған қыздың шешесі Бақыттың айтуынша, оқиға алдында оның жалғыз қызы Айгерім грантқа түскендердің тізімін қарап, өзінің аты-жөнін таппаған. "Ол бастапқыда нәтижелерді компьютер арқылы қарады, кейін ұялы телефоннан, сенбеді, поштаға барып, "Егемен Қазақстан" газетін сатып алды", - дейді Бақыт. - Ол үйге түскі сағат 16.00-де келді. Үйде отырып, нәтижелерді қарады. Кейін маған "Мен тізімде жоқ екенмін" деді. Мен оған "Жарайды, ештеңе етпейді, біз сені Алматыдағы ҚызПИ-ге жібереміз", - дедім. Мен оны ешқайда тастамайтынымды, себебі жалғызым екенін айттым. Ол жуынуға баратынын айтты. Ол тіпті жылаған да жоқ".
Бұдан кейін шешесінің айтуынша, Айгерім жуынып, өз киімін жуып, жайып қояды. Ол өз қызының аулада жүргенін көреді. Бірнеше минуттан кейін Айгерімге көршісі келіп, шешесі оның аулада жүргенін айтқан. "Қораның маңынан өтіп бара жатып, ол Айгерімнің тұрып тұрған сәтін көрген. Біз қарасақ, ол ілініп тұр екен", - деді анасы. Шешесі мен көршісі Айгерімді шешіп алып жатқан сәтінде ол тірі болыпты. Оқиға орнына келген дәрігерлер шешесіне қызының тіпті тірі екенін айтқан. Алайда Айгерім ауруханаға бара жатқан кезде қайтыс болыпты. Басылым мәліметінше, түлектің шешесі оны грантқа түсе алмағандықтан осындай іске барған деп есептейді. Айгерім Подстепной қазақ орта мектебін бітіріп, ҰБТ-дан төрт пән бойынша 93 балл жинаған, ал орыс тілін санамағанда 73 балл.
Абай-ақпарат