Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4420 0 пікір 12 Тамыз, 2015 сағат 02:00

ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫНЫҢ ЖАҢА ТҰҚЫМЫ ЖАСАЛДЫ

Алматы облысының шаруалары салмағы 4 келіден асатын қант қызылшасының «Ақсу-гибрид» атты жаңа сортын өсірді. Бұл туралы Ескелді ауданында өткізілген «Алқап күні» семинар-жиынындағы көрме  барысында белгілі болды.

 «Хильниченко и К» шаруа қожалығының қызылша алқабының басында ұйымдастырылған семинар қант қызылшасын өсіру мен жинаудағы жаңа технологияларға арналды. Жиынға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты.

Семинардың алғашқы бөлігінде қатысушылар қант қызылшасын жинайтын және тасымалдайтын техникаларды, сол сияқты шаруашылықтарда қолданылып, тәжірибеден өткен түрлі витаминдер, гербицидтер, тыңайтқыштарды тамашалады. Облыс әкімі А. Баталовқа Өтенай ауылындағы ғылыми-практикалық орталық базасында дайындалып, өсірілген қант қызылшасының «Ақсу-гибрид» жаңа сорты таныстырылды. Көрмеде ұсынылған тәтті түбірдің салмағы 4 келі 200 грамм тартады. Жалпы 18 га жерге осындай сорт егілген.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өткен жылдың тамызында облысымызға жасаған жұмыс сапарында қант қызылшасын қайта түлетуді тапсырған болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында бірқатар жұмыс атқарылып, облыстың қызылшаға төселген 5 ауданында 4 мың га жерге қант қызылшасы себілді. Қызылша еккен шаруа қожалықтарына қолдау көрсету бағытында қажетті техникалармен қамтамасыз ету үшін 6 сервистік-дайындау орталықтары құрылды және шаруашылықтар сапалы тұқыммен қамтылды. Оған қоса биылғы жылы мемлекет 86 млн. теңге көлемінде субсидия берді. Бүгінгі күні Көксу қант зауыты өнім қабылдап, өңдеуге дайындық үстінде. Жұмысты дұрыс ұйымдастырғанда, агротехнологиялық талаптарды сақтағанда, инновациялық технологияны қолданғанда, оған қоса өз ісін беріле атқарғанда ғана жоғары деңгейдегі, сапалы өнім жинауға болады, - деді өңір басшысы А. Баталов семинардың алғашқы бөлігін қорытындылаған сөзінде.

Мұнан соң семинар пленарлық жиынмен жалғасты. Ауыл шаруашылығы саласының ғалымдары мен шаруашылық мамандары қант қызылшасын өсірудің бүгінгі жағдайы, дамуы мен мүмкіндіктері, жоғары өнім беретін сорттар шығару, өндіріске жаңа технология элементтерін енгізу туралы пікір алмасты.

Сол сияқты облыс әкімі А. Баталов «Алқап күні» шеңберінде «Хильниченко и К» және «НАМ» шаруа қожалықтарының қант қызылшасын, жүгері, картоп, пияз, соя және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіретін алқаптарын аралады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407