GOOGLE ҚҰРЫЛЫМЫН ӨЗГЕРТПЕК
Google ресми блогында хабарлауынша, Google корпорациясы кенеттен құрылымын өзгертуге шешім қабылдаған. Енді жаңа Alphabet холдингі құрылып, Google оған еншілес компания болып қалады. Бұл туралы "Біз басында ақылға қонымсыз болып көрінетін жұмыстар істедік. Қазір біздің компания жақсы жұмыс істеп жатыр, дегенмен біз оны одан ары дамытқымыз келеді", - , - деген компанияның негізін қалаушы Ларри Пейдж. Бұл ақпаратты Tengrinews.kz таратты.
Пейдждің айтуынша, корпорацияның іздеу бөлімі, YouTube видеохостингі мен басқа да веб-компаниялар өздерінің ғылыми-зерттеу және инновациялық бөлімшелерін бөлу үшін құрылымын өзгертеді. Пейдж Google компаниясының атқарушы директоры қызметінде қалады, сонымен қатар, Alphabet-ті басқарады. Сергей Брин холдингтің президенті қызметін атқарады. Google корпорациясы бас директорының қызметіне компанияның өнім жөніндегі вице-президенті Сундар Пичаидің кандидатурасы ұсынылды.
Сонымен қатар, бағасы белгіленбелі биржадағы Google акциялары Alphabet құнды қағаздарымен алмасады.
Айта кетейік, Google компаниясы 1988 жылы 2 қыркүйекте құрылды. Google іздеу жүйесін Стэнфордский университетінің аспиранттары Ларри Пейдж және Сергей Брин жасап шығарды. Аталмыш компанияның өнімдерінің әлемде жүз миллиондаған тұтынушысы бар.
Абай-ақпарат