Сенбі, 23 Қараша 2024
Не дейді?! 10281 0 пікір 6 Тамыз, 2015 сағат 08:37

ЕКІ "ӨТІНІШ", БІР КҮЙІК. МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕН КІМ БИІК?

Ұйғыр аудандық «Ұрпақ парызы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы - Жанет Керімқұлов

Алматы облысы,

Ұйғыр ауданының прокуроры,

аға әділет кеңесшісі

Ш.С.Құтелов мырзаға

Сүмбе ауылының тұрғыны

Ж.С.Керімқұловтан

 

Өтініш

Менің сізге өтініш беру себебім - өзіңіз де бірге болған аудан әкімдігінің мәжіліс залында 2015 жылдың 24 шілдесінде орын алған кикілжіңнен туып отыр. 

Оқиғаның қалай өріс алғаны көз алдыңызда болғандықтан, оны баяндап уақыт алмағанды жөн көрдім. Осыған  дейін аудан әкімі Тохтасунов Алимжан Имтахунұлымен ешқандай реніш, бір-бірімізге, өкпе-наз болмағандығын ескертемін.

Мені қынжылтып отырған  мына мәселелер:

Әкім маған мынандай айыптар таңғанын өзіңізден бастап сол жиынға қатысқан аудан зиялыларының бәрі куә:

1.      «Аяқ астынан бүйректен сирақ шығарып, ұсақ-тұйектен шу шығарасың, ылғи?»

- Сонда, Қазақстанда «Мәңгілік Елді» мұрат еткен – Қазақ елінде Қазақстанның мемлекеттік-қазақ тілінде сөйлеуді талап етуім - ұсақ-түйек мәселе ме? Мұны сол Қазақ елінің  бір ауданының тізгінін ұстаған әкімнің айтуын қалай түсінеміз? Онда оның саяси ұстанымы қандай болғаны?

- «Ылғи» дегенін қалай дәлелдейді?

2.      Әкімдік коллегиясының төрағасы ретінде неге мені ғана сөзден тоқтатып, қосамжарланып, бастырмалатып, менімен бірге жарыса сөйлеп, өздерінің қиғаш пікірлерін білдірген З.Мамиров және С.Исламовтарды тежемегенін қалай түсінеміз?

3.      «Сөзді тоқтатпасаңыз – залдан шығарып жіберемін» – деген қоқан-лоққысы саяси қызметкердің әрекетіне сай ма?

4.      «Деменбаев бірнеше рет  жиындарға Керімқұловты шақыруға болмайды десе де мен шақыртып едім, енді шақыртпаймын» – дейтіндей, бұл жиын  оның өзінің жеке басының тойы ма, немесе, асы ма?

5.      «Жазатын жерге жаза беріңіз!» дегені қалай? Сонда мен әйгілі арызқоймын ба? Олай болса, дәлелдеп берсін!

6.      «Сенің аудан көлемінде қызмет ететін жеті (7) қазағың қазақ тілін білмейді.Құзырлы мекемеге тексертіп, оларды қызметтен босатамын, сонда көресің» - дегені қай сасқаны?

Осы мемлекеттік қызметкер – аудан әкімінің аузынан шығатын сөз  бе?

Бұл-ұлт аралық қатынасты қасақана ушықтыру деп түсінемін. Бұл-экстремистік пиғылдарға жол беру, солардың сойылын соғу.

Аудан әкімінің-мемлекеттік және саяси  қызметкердің  осы ауданның оқу-ағарту, білім саласында 39 жыл жұмыс істеген, «Қазақ ССР-і ағарту ісінің үздігі» төсбелгісімен, «ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығы»  мерекелік медалімен марапатталған, аудандық «Ұрпақ парызы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы - маған дүйім жұрттың алдында осындай қылық көрсеткені менің намысыма тиіп осыны жазуға мәжбүр етті.

Өтінішімнің  ағымдағы заңнамаға сәйкестігін зерделеп, әрбір пунктіне нақты, заңдылық тұрғыда жауап беруіңізді өтінемін.

Өтініш иесі: Ж.С.Керімқұлов

25.07.2015 жыл


 

Алматы облысы, Ұйғыр ауданының әкімі -  Алимжан Имтахунұлы Тохтасунов 

 


 

Алматы облысының әкімі

А.Ғ.Баталов мырзаға

Ұйғыр ауданы

Шонжы ауылы

Аппазов көшесінің №38 үй тұрғыны

Ж.С.Керімқұловтан

Б/тел:8 701 581 77 75

8 771 450 79 77

Жеке куәлік №014 644 203

ЖСН №550 106 301 157

Өтініш

Менің Сізге, өтініш жазу себебім: 2015 жылдың 24 шілдесінде болған аудан әкімдігінің коллегиялық жиынында орын алған мына оқиғаны тексеріп, заңдық негізде бағасын беруіңізді өтінемін.

Аудан әкімдігінің коллегия мүшелері, аудан прокуроры, селолық округ әкімдері, мектеп директорларының орынбасарлары, аудандық мекеме басшылары, мемлекеттік емес ұйымдар жетекшілері, т.б қатысқан жиында аудан әкімі Алимжан Имтахунұлы қаралып жатқан мәселе бойынша орыс тілінде анықтама берген аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары И.В.Калмыковтан кейін Тасқарасу селолық округінің әкімі – Ренат Мерекеевті мінбеге шығарды.

Ол сөзін орысша бастап еді,онысы аудиторияға түсініксіздеу болғандықтан коллегия мүшесі-аудан әкімінің орынбасары Д.М.Деменбаев «Қазақша-ақ айтсаңшы»- деді. Осы кезде аудан әкімі Тохтасунов Алимжан: «Аузынан неге қағасың? Орысша айта берсін, мен де арасында орысша сөйлеймін ғой», - деді.

Мен «Қазақша сөйлесін, қазақша білмесе бір жөн. Өзі қазақ қой», -дедім.

Әкім: «Осы сіз ылғй ұсақ-түйек, болмашыдан шу шығарып жүресіз! «Керімқұловты жиынға шақырмау керек»- деген Деменбаевқа бой бермей мен шақыртып едім. Бұдан былай шақыртпаймын. Керек болса, қазір залдан куып шығамын. Жазатын жеріңізге жаза беріңіз. Ауданда қызмет атқаратын сіздің 7 (жеті) қазағыңыз қазақша білмейді, құзырлы органдардан тексерту шақыртып, оларды жұмыстан босатамын, сонда көресің», -деді.

Аудандағы 60 мыңнан аса халықтың ноқта ағасы, мемлекеттік биік лауазым иесі, саяси қызметкер – аудан әкімінің саналы түрде Тіл туралы заңын, ҚР-ның мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін белден басып, дүйім жұрттың алдында, 1992 жылдан «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл мерекелік медалімен марапатталған, 2015 жылы ҚР-ның Президентінің алғысын алған, «Ұрпақ парызы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – менің намысыма тиіп, моральдік, рухани қысым көрсеткендіктен сіздің құзырыңызға жүгінуге мәжбүр болып отырмын.

Өтініш иесі: Ж.С.Керімқұлов

28.07.2015жыл

 




 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373