Сенбі, 12 Қазан 2024
Өзіңе сен 5507 0 пікір 21 Шілде, 2015 сағат 11:40

АЙДЫН БАУЫРЫМЫЗ ҒАРЫШҚА ҰШПАЙ ҚАЛУЫ ДА МҮМКІН...?


Алла қаласа, алдағы қыркүйекте Айдын АЙЫМБЕТОВ бауырымыз аспан төріне ғарышкер-зерттеуші әрі борт инженер ретінде ұшатын болады. Әйтсе де біздегі ғарыш агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаевпен болған екеуара әңгіме барысында айтылған «РосКосмос» корпорациясының жетекшісі КОМАРОВ мырзаның сөздеріне сенетін болсақ, біздің АЙДЫН бауырымыз ғарышқа ұшу үшін әжептәуір көлемде ақша төлеуге тиіс екен – ағылшындық әнші Сара Брайтман сияқты. «Айымбетовтің ғарышқа ұшуы үшін Қазақстан 20 миллион АҚШ доллары шамасында ақша төлеуге тиіс, әзірге бұл сома төленген жоқ...» дейді корпорация жетекшісі Комаров. Бұ кісі, тіпті, қазақ елі аталмыш соманы төлемесе, Айымбетовтің ғарышқа ұшпай қалуы да мүмкін екенін жасырған жоқ. Ал әңгіме барысында Мұсабаев болса, Комаровқа қарсы «МӘУ» деп бір ауыз сөз айтуға жарамады, ашығын айту керек.

Қысқасынан қайырғанда, менің ойым мынандай: Қазақ елі Ресейге «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беріп отыр ма – беріп отыр. Былтырдан бері Ресей осынау жалдың құнын да, сүйегі қазақ жеріне шашылып кеткен «Протонның» гептиліне байланысты төлеуге тиісті өтемақыны да әлі күнге дейін төлеген жоқ па – төлеген жоқ. Мұны еліміздің ғарыш агенттігіндегі ақпарат көзінен алынған ресми мәліметтер растап отыр. Сонда деймін-ау, «қайдағы бір 20 миллион доллар дейтін болмайтын» ақшаны МҰСАБАЕВ мырза Ресей тарапының қазақ еліне төлеуге тиісті жал құны мен гептилдің өтемақысының ішінен есептеп, НЕГЕ шығартып тастамайды, а? Әлде Мұсабаевтың «миы осыған» да жетіңкіремей отыр ма? Түсініксіз мәселе, өте-өте түсініксіз, өйткені, менің ойымша, орыс елі Айымбетовті ғарышқа ұшырмаудың қандай да болмасын бір амал-айласын қарастырып жатқанға ұқсайды.

НЕГЕ?

«Неге?» десеңіз, ғарышқа ғарышкер-зерттеуші ретінде ұшайын деп отырған АЙДЫН бауырымыз ғарыштағы зерттеулері барысында бізге – яғни, қарапайым қазаққа белгісіз біраз да біраз жұмбақ жайттардың бетін ашуы әбден мүмкін. Басқа ештеңе де емес.

 

Марат МАДАЛИМОВ. 

Abai.kz

0 пікір