АЙЫМБЕТОВ ҒАРЫШҚА ИНЖЕНЕР БОЛЫП ҰШАДЫ
Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовтің 2015 жылдың 1 қыркүйегіне жоспарланған ХҒС сапарындағы ұшу қызметі өзгерді. Tengrinews.kz-тің жазуынша, енді жерлесіміз "ғарыш сапарының мүшесі" емес, "№2 бортинженері" болды. Оның станция бортындағы міндеті 10 күнге созылады.
Осыған дейін Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев Айымбетовтің міндеті ХҒС-те түрлі жұмыстар атқаратын ғарыш кемесін басқару, сонымен қатар, "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ ғылыми жобаларын жүзеге асыру екенін айтқан болатын.
Онымен бірге ХҒС-ға "Союз ТМА-18М" кемесі экипажының құрамында Сергей Волков пен Еуропа ғарыш агенттігінің өкілі Андреас Могенсен ұшады.
Абай-ақпарат