Биыл БҰТ тапсыратын бітірушілердің бір легіндегі саны қысқартылды – білім министрі
Алматы. 28 мамыр. ҚазТАГ - Биыл берген өтінім бойынша Біртұтас ұлттық тестілеуді (БҰТ) тапсыратындардардың саны 110 мың 118 бітіруші, деп білім және ғылым министрі Жансейт Түймебаев хабарлады.
Оның айтуынша, тестілеу маусымның 4-10 аралығында 154 қосында (49 қала мен 105 аудан орталығында) өтеді. Биыл лектің жалпы саны -7.
«Осылайша, бітірушілердің бір легіндегі саны 800 адамға дейін қысқартылған. Бұл БҰТ-ті тыныш жағдайда тапсыруға мүмкіндік береді», - деді министр жұма күні Алматыдағы брифингте.
БҰТ бес сабақтан жүргізіледі: оқыту тілі, (қазақ, не орыс тілі), Қазақстан тарихы, математика, таңдалған пән бойынша, сондай-ақ орыс тілі мектептеріне - қазақ тілінен, қазақ тілді мектеп бітірушілер - орыс тілінен тапсырады.
«Әр пәннен тестілік тапсырма - 25, барлық бес пәннен - 125. Тестілеудің ұзақтығы 210 минут немесе 3,5 сағат», - деді министр.
Оның айтуынша, мемлекеттік білім грантына конкурсқа қатысу үшін және республиканың ақылы оқу орындарына түсу үшін шекті деңгей 50 балл («жалпы медицина» мамандығы бойынша - 55 балл) деңгейіне дейін көтерді.
Сондай-ақ БҰТ баллдарын аттестатқа ауыстыру шкаласы да өзгерді.

«Егер мектеп бітіруші бір пән бойынша 0-ден 3 баллға дейін алатын болса оған «нашар» деген баға қойылады, 4 балл мен одан жоғары баллдар оң баға деп есептеледі», - деді ол.
Ұлттық - ұйғыр, өзбек, тәжік мектептерінің бітірушілері БҰТ-ті мемлекеттік не орыс тілінде тапсыруларына болады, деді министр.
Білім министрлігінің мәліметтерінше, биыл мектепті 142 мың оқушы бітіріп, олардың 85 мыңнан астамы қазақ тілді мектептерді және 50 мыңнан астамы - орыс тілді мектепті бітірді. 3679 бітіруші «Алтын белгі» белгісіне үміттенуде.