Жұма, 22 Қараша 2024
Уақ-түйек... 4879 0 пікір 27 Қараша, 2015 сағат 03:00

ОҚО-да фармацевтикалық мекемелерге маман дайындайтын орталық ашылды

Шымкент қаласында ОҚО Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен құрылған фармацевтикалық кластер мекемелеріне сапалы мамандар дайындайтын арнайы оқу орталығы ашылды.
Бүгінгі таңда нарықта білікті мамандарды табу кәсіпорындардың басты мәселелердің бірі болып табылады. Егер бір салада жұмыс істейтін кәсіпорындар саны көп шоғырланған аймақты айтар болсақ, сапалы мамандарға деген бәсекелестік артады. 
«Химфарм» АҚ («Santo» компаниясы) Оңтүстік Қазақстанның тарихы терең ірі кәсіпорындарының бірі болып табылады. Зауытта 1100 астам жұмыскер қызмет етеді. Соған қарамастан кәсіпорында мамандар тапшылығы сезіледі. Осы мәселені шешу мақсатында зауыт жанынан фармацевтикалық кластерге қажетті мамандарды дайындайтын оқу орталығы ашылды. 
Оқу орталығының ашылу рәсіміне ОҚО Кәсіпкерлер палатасының, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының, облыстық Мемлекеттік фармцевтикалық академияның ректоры, фармацевтикалық кәсіпорындар басшылары қатысты. Орталықта білім алушыларға заманауи құрал жабдықтар орнатылып, кітапхана және демалу орынымен қамтылған. Студенттерге жоғары білікті мамандар сонғы үлгідегі технологиямен сабақ береді. Барлық оқу бағдарламалары кәсіпорындардың ұсынысын есекере отырып дайындалған. 
Әрине, көптеген кәсіпкерлер оқу орнын жаңа бітірген түлектердің жұмысқа бірден кіріскенін қалайды, алайда көп жағдайда студенттердің дайындық деңгейі кәсіпорын талабына сәйкес келмейді, - деді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Абубәкіров. Сондықтан оқу ордалары мен кәсіпорындар арасындағы байлынысты нығайту керек. Өз кезегінде Кәсіпкерлер палатасы екі тараптың арасында үйлестіруші рөлін атқарады. 
ОҚО Кәсіпкерлер палатасы облыс нарығындағы маман тапшылығы туралы ақпаратты жинақтаған болатын. Сол ақпаратқа сүйене отырып облысымызда тапшы мамандықтарды дайындауға мемлекеттік тапсырыс бөлініп, дуалды оқыту жүйесі енгізілген болатын, - деді А.Абубәкіров.  
Аталған өндірістік оқыту орталығы фармацевтикалық компаниялар мен жоғары оқу орындары арасында сапалы мамандарды бірлесе дайындаудың жүйелі және тиімді жолы болып табылады, - дейді  «Santo» компаниясының бас директоры Ижи Урбанец. Кәсіпорын базасында дайындалған мамандар, команиямыздың болашақ сапалы жұмысшылары болып табылады. Әрине, сапалы мамандарды дайындап шығару жоғары шығындарды талап етеді, шет елдерге іс сапарлар, ол жақта тұру шығындары, дәріс жүргізетін маман жалдау сияқты мәселелер көп. Осы мақсатта зауыт жанынан оқыту орталығын ашу ең тиімді әрі ыңғайлы шешім болып табылады, - деді И.Урбанец.  
Іс-шара барысында ОҚО Кәсіпкерлер палатасы, «Химфарм» АҚ, ҚР ДСМ дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы және Мемлекеттік фармцевтикалық академия арасында меморандумға қол қойылды. Меморандум үздіксіз кәсіби білім беру, дуалды оқыту жүйесі, ғылыми зерттеулер жүргізу және мамандарды жұмысқа орналастыруды көздейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3222
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279