ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕПКЕ 40 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ КЕРЕК
Қазақстанда үш ауысымда білім беріп жатқан мектептердің мәселесін шешу үшін 40 миллиард теңге қажет. Бұл жөнінде Үкіметтің бүгінгі селекторлық отырысында білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Сәрінжіпов қазір сабақ өтуге болмайтын апатты жағдайдағы мектептерде балалар білім жатқанын да айтты. Министрдің сөзінше, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында үш ауысымды мектеп мәселесін шешу үшін 40 мектеп салу қажет.
–Бізде екі мәселе бар. Біріншісі - үш ауысымдағы мектептердің мәселесін шешу. Екіншісі - демографиялық ахуал. Биыл бірінші сыныпқа 340 мың бала барды. Ал биыл туған бала саны 400 мың. Яғни, бала саны көбейіп жатыр. Мектеп тапшылығы болмас үшін жыл сайын 10-15 мектеп салуымыз керек,- деді Сәрінжіпов.
Министр келтірген мәлімет бойынша, Қазақстандағы мектеп оқушыларының жалпы саны 2 миллион 700 мың.
Абай-ақпарат