Сейсенбі, 29 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4343 0 пікір 24 Қараша, 2015 сағат 07:56

ТӘЖІК ПРЕЗИДЕНТІ "ҰЛТ ЛИДЕРІ" БОЛМАҚ

Тәжікстан парламенті төменгі палатасының бір топ депутаттары президент Эмомали Рахмонға «ұлт лидері» мәртебесін беретін заң жобасын әзірледі.

Парламент мәжілісінің баспасөз хатшысы Мухаммадато Султонов Озоди радиосына заң жобасы дүйсенбі күні қаралғанын айтты. Оның сөзінше, құжатты жан-жақты талқылаудан кейін комитет пен комиссияға қорытынды шығаруға жіберілген.

Президентке «Ұлт лидері» мәртебесін беру туралы ұсыныс қазан айында көтерілген болатын. Осыдан кейін мемлеке ттік телеарналар Эмомали Рахмонды ұлт лидері деп атай бастады. 

Эмомали Рахмон Тәжікстанды 1992 жылдан бері басқарып келеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2503
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5432
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4721