Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4807 0 пікір 19 Қараша, 2015 сағат 11:04

ШЕКАРАШЫЛАР КОНТРАБАНДАЛЫҚ ТАУАРЛАРДЫ ТӘРКІЛЕДІ

Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар жүктерін контрабандалық жолмен шекара асырмақ болған қазақстандық екі азаматты ұстады, - деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ Баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, «Қарасу-авто» бақылау-өткізу бекетінде (қазақ-қырғыз шекарасы) осы жылдың 18-қарашасы күні 23 сағат 40 минут шамасында 1989 жылы туылған «Бақтияр» есімді Қазақстан азаматы ұсталды. Оның «Ауди-100» автомашинасын қарау кезінде оның жүк салғышынан салмағы 50 кг болатын құс еті табылды (үйрек еті). Жүргізуші оған қатысты ілестірме құжаттарын көрсете алмады.

Ұстау материалдары Жамбыл облысының Қарасу поселкесіндегі ветеринарлық қызметіне берілді.

 

Сондай-ақ, еліміздің батысындағы «Шыңғырлау-теміржол» бақылау-өткізу бекетінің (Қазақстан – Ресей шекарасы) шекара наряды осы жылдың 19-қарашасы күні түнгі 02 сағат 26 минут шамасында № 058 «Орал – Астана» бағытындағы жолаушылар пойызына шекаралық бақылау жүргізді. Бақылау барысында «Вера» есімді 1963 жылы туылған Қазақстан азаматшасының салмағы 30кг болатын тірі шаяндарды жасырын әкетіп  бара жатқаны анықталды. Шаяндардың алдын ала есептегендегі  бағасы 30 000 теңге болып шықты. Су жәндіктерін заңсыз ұстағаны үшін жолаушы заң алдында жауап беретін болады.

Ұстау материалдары Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының ішкі істер бөліміне берілді.

Абай-ақпарат 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394