Сейсенбі, 29 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3194 0 пікір 16 Қараша, 2015 сағат 10:54

G20 ЛИДЕРЛЕРІ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТІ ТАЛҚЫЛАЙДЫ

Түркияның Анталия түбіндегі Белек қаласында G20 «үлкен жиырмалық» саммитінің жұмысы басталды.

Әдетте экономикалық мәселелер қаралатын жиында бұл жолы күн тәртібіне терроризмге қарсы бірлескен күрес және босқындар проблемасының гуманитарлық мәселелерін талқылау енгізіліп отыр.

Бұл жолғы саммитке алдын ала жоспарланған ойын-сауық шаралары Париждегі қайығылы оқиғаларға байланысты өткізілмейтін болды.

АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Владимир Путин саммит сыртында ресми емес қысқа кездесу өткізді. Онда олар Сирия мен Украинадағы шиеленісті шешу жолдарын талқылаған. Екі президент те Сириядағы соғысты тоқтату керек деп келіскен. Бұл олардың қыркүйек айының соңында ресейлік әскери күштердің Сирияға соққы бергеннен кейінгі бірінші кездесулері.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2485
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5416
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4701