Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4126 0 пікір 2 Қараша, 2015 сағат 14:28

ТҚЖБ СЫРТТАН ҚАРЫЗ АЛҒАН ЕМЕС

Кез келген азаматтың бұл өмірде үш міндеті болады екен. Оның бірі - баспана тұрғызу болса, екіншісі - отбасын құрып, ұрпақ тәрбиелеу, ал соңғысы - ағаш отырғызу. Ер азаматтың отбасын құрып, ағаш отырғызуға мүмкіншілігі жеткенімен,  баспаналы болу зардабын көп тартатынын қазіргі қоғам анық көрсетіп отыр. Дегенмен мемлекеттің бірден баспаналы болуды қалтасы көтермейтін азаматтарға мемлекеттік бағдарлама  бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы төмен пайызбен несие бере бастағанына да оншақты жылдың жүзі болды. Сонымен қатар, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламаларымен қатар шет елдегі қандастарымыздың тарихи отаны - Қазақстанға қоныс аударуына мүмкіндік беретін «Нұрлы көш» жобасына да атсалысуда. Бұл туралы abai.kz порталы жазады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қазірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысушыларға теңгемен жылына 4 пайыздық мөлшерлемемен алдын-ала (тиімді мөлшерлемесі - 4,3%-ға дейін) және аралық (тиімді мөлшерлемесі - 5,1%-ға дейін) тұрғын үй несиелерін беруде.

Осы тұста айта кететін тағы бір жайт, әлемдік қаржы дағдарысы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жұмысына да өз салқынын тигізгені рас. Әлемдік қаржы дағдарысы банк қызметіне де кері ықпалын тигізді. Алайда, нарықтағы басқа қатысушыларға қарағанда банк бұл қиындықтан жеңіл өтуде.  Себебі түсінікті, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» сырттан қарыз алған емес. Дегенмен, елдегі экономикалық жағдайдың өзгеруі банктің жаңа клиенттерді тарту үдерісіне салқынын тигізіп отыр. Бұл құбылыс дағдарыс жағдайында халықтың әлеуметтік белсенділігінің төмендеуімен, кей жағдайда, жалақының  азаюымен байланысты. Дегенмен, 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы мен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қаржысы есебінен несие беру арқылы  банк дағдарыс кезінде 2010-2015 жылдар аралығына жоспарланған негізгі даму көрсеткіштерін сақтап қалған. Жағдайдың оңалып келе жатқанын тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісім шарттар санының үстіміздегі жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 1-қарашадағы көрсеткішке сәйкес, 33 пайызға артуынан да байқауға болады.

«Қол жетімді баспана-2020» бағдарламысын жүзеге асыру аясында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» займдардың сыйақы ставкасын төмендетіп, салымшыларға қолайлы жағдай жасаған.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» клиенті өз мүмкіндігіне қарай жинақтау мерзімі мен займның сыйақы ставкасы бойынша ерекшеленетін төрт: «Бастау», «Өркен», «Кемел», «Болашақ» тарифтік бағдарламасының біреуін таңдай алады. Ең төмен сыйақы ставкасы «Болашақ» арнайы жинақтау бағдарламасында - 3,5 пайыз көлемінде қарастырылған (жылдық тиімді сыйақы ставкасы 3,6%). Тұрғын үй займы бойынша ең жоғарғы сыйақы ставкасы  «Бастау» бағдарламасында - 5 (жылдық тиімді сыйақы ставкасы 5,3  %) пайызды құрайды.

 

Аbai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338