Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаздым-жаңылдым... 5558 0 пікір 29 Қазан, 2015 сағат 11:18

АХМЕТОВ ІСІ: БЮДЖЕТ АҚШАСЫН ҰРЛАУ


28 қазанда Қарағанды облыстық сотында Ахметов ісі бойынша куәгерлерден сотта жауап алу жалғасып, қылмыстық істің басты кейіпкерлерінің бірі – кәсіпкер, «Eco-treatment systems» компаниясының директоры Думан Нұрбаев сотқа түсінік берді. Өз сөзінде ол бюджет ақшасын ұрлау сызбасына Қарағанды облысының әкімінің экс-орынбасары Ғабит Мұхамбетовтің белсене қатысқанын жеткізді. Айта кетелік, әрі сотталушы әрі куәгер ретінде сотқа дейінгі тергеудегі жауаптарында ол бұл жайды айтпаған болатын.

Сот залында ол 2010 жылы «Eco-treatment systems» компаниясын қалай құрғанын, 2011 жылы «Центр-строй комплект НС» ЖШС-нің жалдамалы директоры Е. Асановпен және Қазақстандық өнеркәсіптік корпорацияның вице-президенті Ә.Ақмолдаевпен қалай танысып, іскерлік қарым-қатынас орнатқанын әңгімеледі. Айтуынша, оның өзі мен компаниясын Қарағанды қаласының индустриалдық паркіндегі шаруашалық-тұрмыстық суағарларды тазалайтын станция жобасына Ә.Ақмолдаев шақырған. Ол бірден келісімін береді. Кейінірек Д.Нұрбаевты Қарағанды облысы әкімдігінің ғимаратында өтетін жиналысқа шақырады. Облыс әкімінің орынбасары Ғ.Мұхамбетов өткізген жиналысқа Ә.Ақмолдаев, Е.Асанов, А.Ессе, В.Левен қатысып, тұрмыстық ағын суларды тазалау жүйесін салу мәселесі талқыланады. Осы басқосуда Ғ. Мұхамбетов чех технологиясынан бас тартып, «Eco-treatment systems» компаниясының жобасын жүзеге асыруды ұсынады. 

Куәгердің айтуынша, бұл мәселе алдын-ала шешіліп қойыпты. Ол осы мәселе жөнінен Ғ.Мұхамбетовпен бірнеше рет кездескен. Сондай кездесулердің бірінде облыс әкімінің орынбасары оған аталған нысан бойынша келісім-шарттың құнының 15 пайызын пара есебінде беруді ұсынады. Бұл оқиғаның қалай болғанын куәгер былай әңгімелеп берді: «Бір жолы Ғ. Мұхамбетовтің кабинетіне кіргенімде ол «Eco-treatment systems» компаниясына аталған жобаны іске асыруда қолдау көрсететінін айтты. Сөйтіп, артынша маған белгілі бір талаптар қойылатынын ескертті. Кабинетінде отырған кезімде Ғ. Мұхамбетов кеңсе жиынтығынан бір парақ қағаз алып, оған өзінің қолымен «15 пайыз» деген санды жазып, қағазды менің қолыма берді. Егер қосалқы мердігерлікке келісім-шартты ешқандай қиындықсыз аламын десең, келісім-шартта көрсетілген қаржының 15 пайызын маған бересің деді. Мен істің мән-жайын бірден ұқпадым. Содан соң  Ғ.Мұхамбетов егер де қойылған талаптармен келісетін болсаң, қосалқы мердігерлік келісім-шартын аласың деді. Маған ойлануға уақыт берілетінін, бірақ жауапты кешіктірмеуді жеткізді. Сол кезеңдегі компанияның қиын қаржылық жағдайын ескере келе, мен Ғ. Мұхамбетовтің ұсынысымен келістім».

Д.Нұрбаевтың айтуынша, Ғ. Мұхамбетовпен көп кездесулерінің бірінде жоғары лауазымды шенеунік одан: «Сенің компанияңа жоғарыдағы лауазымды тұлғалардан кім қолдау көрсетеді?» деп сұрайды. Ол: «Біз жоғарыдағы лауазымды тұлғалардың ешқайсымен байланысымыз жоқ. Тек нарықтық қағидаттармен жұмыс істейміз» деп жауап береді. Сол кезде оған Ғ. Мұхамбетов: «Олармен жұмыс істеп қалған жағдайда біздің арамызда (Әсіресе, Қарағанды облысының әкімі С. Ахметовтің мүддесі) мүдделердің қайшылығы туындамауы керек» деп ескертеді.

Әмина БӘКІР

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048