Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Билік 3760 0 пікір 23 Қазан, 2015 сағат 02:00

ОҚО: АРЫСТА АРЫНДЫ ШАРУАЛАР ЖАСАЛЫП ЖАТЫР

Дамыған ел – белсенді де білімді, денсаулығы мықты тұлғалары бар мемлекет. Әлемдік даму үдерісі ешбір мемлекетті алаңдатпай қоймайды. Сондықтан қазіргі жаһандану дәуірінде экономикалық, саяси-рухани тығырықтан шығу үшін болашақты болжап, тарихты өлшеп, адамзат өркениетінің даму жолдарын қарастыруы қажет. Бұл орайда Елбасы атап көрсеткен Мәңгілік елдің іргетасының мықты болуы өзімізге байланысты. Мәңгілік ел болу – ұлтымыздың ұлы мұраты, сонау Күлтегін дәуірінен тасқа қашалып жеткен бабалар аманаты. Ендеше, бұл құжаттың арқалаған жүгі ауыр, әрі стратегиялық маңызы зор болмақ. Яғни азаматтар тең құқықты қоғамда өмір сүріп, жауапкершілік жүгін тең көтеруі тиіс.

– Ұлы міндеттер үлкен асқаралы асуға жетелейді. Мемлекеттің мықты болмағы аймақтың да қуаттылығына қатысты. Демек Президенттің 5 институттық, «100 нақты қадам» халықтық реформасы –  Мәңгілік елдің темірқазығы. Елбасы атап көрсеткен міндеттерді іске асыру бойынша Арыс қаласындағы айтарлықтай жұмыс атқарылып жатыр. Бір ғана мысал, кә­сіпкерлік сала бойынша шағын және орта бизнес кәсіпорындарының өндірген өнімі 13.315,6 млн теңгені құрап, 2014 жыл­мен са­лыстырғанда 547,2 млн теңгеге өсті. Жұ­мыспен қамтылғандар саны 7616 адамды құрап, 288 адамға артты. Қаржы ұйымдары арқылы 2015 жылдың 9 айында бизнес субъектілеріне және жеке тұлғаларға барлығы 823,3 млн теңге көлемінде несие берілді, – дейді Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының әкімі Ертай Сейіт Мырзақұлұлы. 
Атап айтар болсақ, «Казмикрофинанс» ШНҰ арқылы 706,4 млн теңгеге 2597 адамға (әр түрлі салада ШОБ өкілдерімен 317,9 млн теңгеге 1168 адамға) және «Ырыс» МКҰ» ЖШС-ы арқылы 76,0 млн теңгеге 39 адамға несие берілсе, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағ­дарламасы аясында 40,9 млн теңгеге 19 адамға мал шаруашылығын дамытуға несиелер берілген. Сондай-ақ мемлекет басшысы жоспардағы 60-қадамда сүт және сүт өнімдері өндірісін дамыту үшін стра­тегиялық инвесторлар тарту керектігін белгілеп берді. Осы мақсатта «MEGA-AGAT» ЖШС-ның сүт өнімдерін өндіретін зауыты индустрияландыру картасына аймақтық үйлестіру кеңесінің шешімімен мақұлданды. Аудан әкімінің айтуынша, жоба 2016 жылы іске қосылатын болады. Елбасы Ұлт жоспардағы 52-қадамда электр энергетика саласына инвестиция тартуды міндеттеген белгілі. Бұл бойынша қа­ламызда энергия тапшылығын жою мақсатында «KAZ GREEN TEK SOLAR» ЖШС-ның баламалы электр энергиясын өндіру жобасы іске қосу жоспарланған. Жобаға әкімдік тарапынан Арыс қаласы Қожатоғай ауылдық округі аумағындағы қаланың арнайы жер қорынан күн сәулелік электростанса құрылысын салу үшін аумағы 30 гектар жер берілді. Жоба құны 6 млрд 90 млн теңгені құрайды. Егер бұл жоба жүзеге асатын болса, жаңадан 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. 
Елбасы игерілмей жатқан жерді тү­гендеу талабын қойғаны белгілі. «100 нақты қадамның» 35-қадамында да ауыл­шаруа­шылық жерлерін тиімді пайдалануды, оны нарықтық айналымға енгізуді атап көрсетті. Арыс қаласының әкімі Ертай Сейіт Мырзақұлұлының айтуынша, осыған орай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер­лерге түгендеу жұ­мыстары жүргізіліп, 37000,0 гектар жердің бары анықталған. Жер иелерінен аумақтық жер инспекциясы тарапынан ауылшаруашылық жерлерді қайтару жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда 1420 гектар жер сот шешімімен қаланың арнайы жер қорына қайтарылды.
Арыс ақиқатында, қазір айшықты да сәулетті. Құрылыста қарқын бар. Қала сәу­летті шаһарға айналып келеді. Шаһар басшысы – Ертай Сейіт іскер азамат. Таза­лықты, тиянақтылықты жаны сүйеді. Жолдар жөнделген, бюджетке қаржы түсімі артқан. Қарапайымдылығы шығар, қашан да халықпен бірге. Халықтың әл-ауқаты жақсарып келеді. Қала әкімі туралы тұрғындардың  пікірі өте жоғары. Өйткені әкімнің жұмысында нәтиже бар. Қала осыдан 4 жыл бұрынғы ажарынан мүлде бөлек. Өйткені шаһардың шырайын кір­гізген әкімнің өзі. Қолға алынған кез кел­ген істің басы-қасында өзі жүрді. Қатаң бақылауға алды. «Арыстың сәулеті Ас­танадай болуы керек» деп бар жауап­кершілікті мойнына алды. Келер жылы қаланың 60 жылдығы аталып өтпек, Арнайы комиссия құрылып, атаулы мерекеге дайындық қазірден бастап кетті. Таңертең-кешке тірлікті бір ықтияттайтын қала басшысы шаһардың ажары мен халықтың пікірін  бір елі естен шығармайды. «Жеңіс» және «Жастар» саябағы әдемілене түсті. Елге де керегі осы емес пе?
Құрылыс саласы бойынша Арыс қалалық мәдениет үйі ғимараты қайта жаңғыртудан өтіп пайдалануға берілді. «Көктем-2» тұрғын ауданындағы көп­қабатты 60 және 90 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы аяқталды. Дене шынықтыру- сауықтыру кешені де өз мерзімінде бітті. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орта­лығының ғимараты» құрылысы да халық игілігінде. Аққала елді мекеніндегі 200 оқушыға арналған мектеп құрылысы да аяқталып, пайдалануға берілді. Монтайтас ауылдық округіндегі 150 орындық «Қуаныш» ЖШС балабақшасын қазір бүл­діршіндердің шат күлкісі көміп тұр.Шағырда Тілеубердин атындағы 200 орындық, Шөгірлідегі Макаренко атын­дағы 150 орындық, Қабылсай елді ме­кеніндегі 150 орындық және Қаражантақ ауылындағы Кенжебаев атындағы 120 орындық мектептердің құрылысы жүргізілуде. Арыс – Шымкент тас жолы бойындағы дендросаябақ құрылысына қаржы қаралып, қазір құрылысы жүр­гізілуде. 
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов мырза бұл орайда Елбасы тапсырмаларының жергілікті жерде тиісті мерзімде орындалуына көп көңіл бөліп, бақылауда ұстап отыр. 
Елбасының «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 58-қадамында жол-көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту міндеттемесін іске асыру бойынша Арыс қаласының 13 көшесін орташа жөндеуге (10,314 шқ) қалалық бюджеттен қаржы қаралып, көшелерді орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Басқа да көшелерде құрылыс жұмыстары қарқын алды. Аймақ басшысы Бейбіт Атамқұлов Арыс қаласында атқарылып жатқан жобалармен танысу барысында да бірқатар нақты тапсырмалар берді. Қазір олардың бірқатары орындалды, қалғаны атқарылу үстінде. Атап айтар болсақ, қаланың «Орталық», «Жастар» саябағын, «Жеңіс» скверін, «Батырлар» аллеясын абаттандыру жұмыстары толық аяқталды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Монтайтас, Байырқұм, Жиделі, Дермене және Қожатоғай елді мекендеріндегі саябақтарды қоршау жұмыстарына 29,0 млн теңге бөлініп, ол толық аяқталды. Қаладағы орталық қазандықты күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 204,1 млн теңге бөлініп, бұл жұмыс та біту үстінде. Арыс қаласы «Стадион» шағын ауданындағы Қабылсай сайынан өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысына жергілікті бюджеттен 61,8 млн теңге қаралып, ол желтоқсан айында халық игілігіне берілетін болады. Қалада жылу құбырлары, ауызсу құбырлары және кәріз желілері ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Арыста мәдени, ағарту саласында да алға жылжу бар. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мен саламатты ұрпақ қалып­тасыруда көрсеткіш жақсы. Мақсат – қай салада болсын, жан-жақты нәтижеге жету. 
– Елбасы «Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарға қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел» деп атап өтті. Сондықтан біз де Елбасының ұлы мұратының жүйелі жүзеге асуына жергілікті жерде әрдайым қолдау көрсетеміз, – дейді Арыс қаласының әкімі Ертай Сейіт Мырзақұлұлы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1542
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3329
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6087