Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 6173 0 пікір 29 Мамыр, 2009 сағат 06:00

«Шапырашты Наурызбай батыр» деректі-тарихи романы жарыққа шығарды

Заманында қазақтың Бас батыры атанған Шапырашты Наурызбай батырға осыдан бірнеше жыл бұрын Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовтың бастамасымен Алматы – Бішкек халықаралық автжолының Қаскелең қаласы тұсындағы биік шоқы үстінде еңселі ескерткіш орнатылғанын жұртшылық жақсы біледі. Қазақ елінің тәуелсіздігі мен қасиетті жеріне жаудың табаны тимеуі үшін күрескен батыр бабалар арасында өзіндік орны бар Наурызбай батыр туралы бұған дейін біраз зерттеулер мен кітаптар жазылған болатын. Солардың қатарына Таразда тұратын ғалым-жазушы Бақытяр Әблідлдаұлының «Шапырашты Наурызбай батыр» атты деректі-тарихи романы қосылды.

Шыға салысымен ғалымдар мен тарихшылардың, әдебиетшілердің және қарпайым оқырмандардың көңілінен шыққан құнды туындының тұсаукесері Қозыбасы тауының етегінде, күре жолдың бойында жатқан Наурызбай батырдың басына салынған кесенеде басталып, көршілес облыстардан, Алматы мен Астана және Талдықорған қалаларынан ат арытып жеткен құрметті қонақтар батырдың қабіріне тағзым етіп, құран оқытты. Содан соң темір тұлпарлардан тұрған керуен Наурызбай батырдың жоғарыда айтылған ескерткішіне де бас иіп, гүл шоқтарын қойды. Тұсаукесер шарасы мәдениет үйінде жалғасып, мұнда облыс әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков баяндама жасап, жаңа кітаптың жас ұрпаққа қажетті, тарихи жағынан аса құнды еңбек екенін, одан нақты мысалдар келтіре отырып жұртқа жеткізе білді. Жазушы Смағұл Елубаев, ақын Ғалым Жайлыбай және Наурызбай батырдың жетінші ұрпағы қоғам қайраткері Мәрия Жүйріктаевалар сөз алып, өз ойларын білдірді, біраз жыл еңбек еткен Бақтыяр Әбділдаұлының еңбегін жоғары бағалап, жұрт үміті ақталғанын айтты. Жұртшылық батыр бабаларының бұған дейін белгісіздеу болып келген жаңа қырлары мен ел үшін еткен ерліктері мен еңбектерін тарихи деректерге сүйене отырып жеткізген жазушыға темір тұлпардың кілтін тапсырды.
Бақтыяр Әбділдаұлының өзі болса, өзегін жарып шыққан жаңа кітаптың роман атанғанымен ондағылардың барлығы мұрағат деректеріне сүйене отырып жазылғандықтан шындықтан тұратынын, сондықтан да деректі-тарихи роман делінетінін, мұнда бұрындары зерттеушілер назарынан тысқары қалып келген тың деректер мен оқиғалар нақты құжаттарға негізділеп суреттелетін білдірді. Өзінің еңбегін бағалап, төбелеріне көтерген жетісулықтарға алғысын  жаудырды.

Болат Абаған, Алматы облысы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1458
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282