Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Білгенге маржан 6759 0 пікір 29 Қаңтар, 2016 сағат 12:31

ШАҒЫН БИЗНЕС БАСТАУШЫЛАРҒА КЕҢЕС

365info.kz порталы украиналық Netpeak интернет-маркетинг агенттігінің жетекшісі Артем Бордатюкпеон бірлесіп, өз ісін жаңадан бастағандар мен тәжірибелі кәсіпкерлерге арналған ақыл-кеңестерін әзірледі.

Интернет арқылы бизнес ұйымдастыру — қай саланы алсақ та өте тиімді әдіс. 9 миллион адамды қамтитын қазақстандық аудиторияны есепке алсақ мұндай бизнес жолының өсімі ең жылдам және әлеуеті зор.

Артем Бородатюк, Netpeak интернет агенттігінің жетекшісі:

1. Бәрін санмен өлшеңіз

Егер сіз сайт ашсаңыз — оның құны қанша, ол сайт арқылы сауданы қаншалықты арттыруға болатынын есептеуіңіз керек. Егер интернетке жарнамаңызды берсеңіз — ол жарнаманың нақты қанша сатылым, транзакция мен табыс беретінін есептеуіңіз керек.

2. Сайтты үнемі дамытып отырыңыз

Көп кәсіпкер сайтты жасап болғаннан кейін іс бітті деп ойлайды. Бұл — қателік. Сайт жасау — оффлайн саудадан онлайн саудаға қарай жасалған алғашқы қадам ғана. 2013 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстандағы барлық сауда-саттықтың 1,2 пайызы интернеттің үлесіне тиісті. Салыстыру үшін айта кетсек, Ұлыбританияда бұл көрсеткіш 12 пайызды құрайды., яғни, әлі кем дегенде 10 есеге дейін өсім болуы мүмкін.

3. Жаңа құралдарды пайдаланып көріңіз

Интернетте бизнесіңізге қатысты түрлі сауалнамалар жүргізіп көріңіз. Сол арқылы өзіңіздің бизнесіңізге сәйкес келеді-ау деген бір немесе бірнеше құралдарды таңдаңыз. Әрине, не істесеңіз де ең алдымен табыс табуды көздеуіңіз керек.

4. Орта бизнеске айналдыруға тырысыңыз

Шынында да дәл солай. Көшбасшы болу үшін алға қарай ұмтылу керек. Алдыңызға жаңа мақсат қойыңыз. Интернетте AB-тест жүргізу мүмкіндігі бар: сайтыңыздың қолданушылары жартысы сіздің интернет-дүкеніңіздің жаңа дизайнын көреді, қалған жартысы ескі дизайнын ғана көреді. Осылайша қайсысында сауда көбірек жүретінін біліп, таңдауды соған түсіруге болады.

5. Бренд жасауға тырысыңыз

Өзі ісіңіздің атын шығаруға тырысыңыз. Мұндай жағдайда SEO, PPC (мән-мәтін арқылы жарнамалау), email-маркетинг (арзандығы жағынан ең тиімді әдіс) көп нәтиже бере алады. Сайтқа тікелей кірушілер үлесі арта түседі әрі адамдар сайтыңызға көз үйрете бастайды.

Ұлттық электрондық сауда-саттықтың ерекшеліктері

Қазақстандық интернет пайдаланушыларының 11 пайызы интернет арқылы қызмет үшін есеп айырысады, тағы 11 пайызы интернет арылы тауар сатып алады.

Қазақстандықтардың интернетте жасайтын саудасы 90 пайызға жуығы шетелдік интернет-дүкендерінде жасалады.

Қазақстанадғы e-commerce нарығының басым бөлігі «Air Astana» мен «Қазақстан темір жолы» АҚ-на тиесілі.

Көбінесе баннерлік жарнаманың үлесі басым.

Интернет-жарнама – жарнама нарығының 4 пайызын құрайды.

Қазақстандағы e-commerce нарығының көлемі 400 миллион доллардан асады.

Жылдық өсімі 100 пайызды құрайды.

Нарықтың 2015 жылға арналған болжамы — 3,5 миллиард доллар (бүкіл нарықтың 5,1 пайызы, 11 миллион тұрақты қазақстандық сатып алушылар).

Онлайн арқылы сауда-саттық көрсеткіштері:

Қолма-қол ақша – 57%
Төлем карталары – 17%
Терминалдар – 14%
Чектердің орташа сомасы – 57 доллар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052