Сенбі, 23 Қараша 2024
Өз сөзі 7408 0 пікір 11 Мамыр, 2016 сағат 19:49

АЙСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: «САСЫҚ» АСТАНАДА ТҰРҒЫМ КЕЛМЕЙДІ


Жақында Айсұлтан Назарбаев  өзінің «Фейсбук» желісіндегі жеке парақшасында кезекті рет Астана іргесіндегі «сасық иіс» туралы жазып, әкім Жақсыбековке кезекті рет ескерту жасаған. Жәй ғана ескерту жасап қоймай, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «киіз үй» туралы айтқандарын мысалға келтіріпті, бұл туралы «korrespondent.kz» сайты жазады.

Елбасы Н.Назарбаевтың жиені, Дариға Нұрсұлтанқызының ұлы Айсұлтан Рахатұлы нағашы атасының тапсырмасын өзі-ақ орындауға дайын екенін жеткізді.

«Сәуір айының соңында Қазақстандағы футболды дамыту жөнінде өз жобамды ұсынбақ болғанмын. Біраз себептер пайда болып, оны бірнеше айға кейінге шегеруге тура келді. Бәлкім бұл уақыт Қазақстан футбол федерациясына міндетті есепті конференциясын өткізіп алуына жеткілікті болған шығар. Дегенмен біздегі футболдың жағдайын бақылап отырып, федерациядан өзіне жүктелген міндетті орындауды күтіп отыру – қисынсыз шаруа екенін білемін.

Жарайды, олар тым ушықтырмайды... Бірақ «попкорн» алып, комедиялы «реалити шоуды» тамашалауға болады.  Әртістер, әрине, болады, олар сыртта да, өз елімізде де елді күлдіруге барынша тырысады»,-деп жазды А.Назарбаев.

Өз сөзінде Мемлекет басшысының жиені Астана қаласының әкімін де сөз еткен. Оның атқарып жатқан жұмысын сынға алған ол елорданың сасық шаһар атанып отырғанына қынжылды.

«Мен Астананы жайлаған сасық иіс туралы айтып отырмын...  Осы үшін Президенттің өзі әкімге  нақты жұмыс жасау керектігін айтып сөкті... Мен қазір Астананың қарапайым тұрғыны ретінде айтып отырмын, сасық қалада тұрғым келмейді. Егер Елбасы  ескерткендей жағдай Талдыкөлде киіз үйде тұруға дейін жетсе, мен өзім оны орнатып беремін. Себебі Президенттің тапсырмасы орындалуы тиіс»,-деп сөзін қорытындылады Айсұлтан Назарбаев. Осы ретте айта кетейік, сәуір айының соңында Мемлекет басшысы бас қаланы сасық иістен арылта алмаған Астана әкімін қатал сынға алған болатын.

- Алты жыл Тасмағамбетов айналысты, ештеңе істемеді, сен келдің, ештеңе бітірмедің. Астанада сасық иіс бар әлі. Егер биыл шешпесеңдер, Хорошун екеуіңе Талдыкөл жағасына киіз үй тіккіземін, сонда тұрасыңдар. 6 млрд теңге жұмсалды, түк бітпеді. Астанаға кім келеді, мынадай жағымсыз иісі мүңкіп тұрса...  Талдыкөл мәселесімен қанша жыл болды мені тойғызғандарыңа. Үкіметпен, кімнің көмегі керек, шешіңдер бұл мәселені. Масқара ғой. Астанамыз мынадай деп мақтанамыз». Астана қалай болады, сасып тұрса? Масқара! – деп ашуланған еді Елбасы. Бұл тапсырманы естіп, сасық судың жағасында тігілген киіз үйде тұрасың дегеннен шошып кеткен болу керек, Астана әкімі жағымсыз иісті биылдан қалдырмай шешетінін уәде етті.

Айта кетейік, Елорда төңірегіндегі жағымсыз иісті кетіре алмаған соң, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі Астана әкімі Жақсыбековтің жұмысын сынап, сыбап та алғаны бар еді ғой.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435