Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 4671 0 пікір 3 Мамыр, 2016 сағат 10:54

СОЧИ ФОРУМЫ: АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН ҚОҒАМДЫҚ ДИПЛОМАТИЯ

Cуретте: Орталық Азия Жеке тәуелсіз талдау орталығының директоры Бабур Дәуренбек

Осыдан жиырма жылдай бұрын шекаралық аудандарда әскери саладағы сенімді нығайту жөніндегі бес мемлекет арасындағы келісімге қол қойылып, «Шанхай бестігі» құрылған болатын. Бұл бірлестік өткен кезең ішінде құрамындағы елдердің талап-тілектеріне сай өсу жолында Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына айналып, халықаралық  саясаттың салмақты факторы ретінде танылып үлгерді. Қазақстан интеграциялық идеяларды дамытудың белсенді жақтаушысы әрі өзінің ұлттық мүдделерін ілгерілету орайында ШЫҰ-ның беделі мен әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаларын әрдайым жан-жақты қолдаушылар қатарынан көрініп келеді.

Ұйым аясындағы ынтымақтастықтың басты  нәтижесі - саяси-әскери саладағы өзара сенімді нығайтуға қол жеткізілгеннен кейін, елдер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау бағытында ортақ іс-шаралар жалғасып, нығая түсуде.

Мұның тағы бір дәлелі ретінде жақында, яғни 19-20 сәуірде Сочи қаласында Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасының ұйымдастыруымен  Шанхай Ынтымақтастығы ұйымын дамыту мен кеңейтудегі азаматтық қоғам мен қоғамдық дипломатияның рөліне арналған ірі халықаралық форумның өткендігін айтар едік.

Азия мен Африканың және Еуропаның 26 мемлекетінен 300-ден астам қатысушылар  бас қосқан жиынның пленарлық отырысында, сондай-ақ келесідей 3 секция: «Әлемдік тәртіп, қауіпсіздік және терроризммен күрес», «Экономика және кәсіпкерлік. Экология және қоршаған ортаны сақтау», «Мәдениеттер мен діндердің ықпалдастығы» жұмыстарында 120-ға жуық баяндама жасалып, қызу пікірталастар жүргізілді.

Айта кетерлігі, Үшінші секция жұмысы Қазақстан өкілі, Халықаралық және айматық ынтымақтастықты зерттеу институтының директоры Болат Сұлтановтың модераторлығымен жүргізілді. Сочидегі осынау ірі халықаралық форумға Қазақстан Республикасынан «Диалог КЗ»  сайтының Бас редакторы Ж.Сүлеев, «Альтернатива» Өзекті зерттеулер орталығының директоры А.Чеботарев, «Стратегия» Әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығының президенті Г.Илеуова, сондай-ақ «Афрасиаб»  Таяу Шығыс және Орталық Азия Жеке тәуелсіз талдау орталығының директоры Бабур Дәуренбек ресми шақырылып, жемісті де нәтижелі қатысып қайтқан болатын.

Ондаған елдердің танымал, беделді сарапшылары атсалысқан жиында сөз алған Д.С.Лихачев атындағы Мәдени және табиғи мұра институты директорының орынбасары Евгени Бахреевскидің ШЫҰ мүше-елдерінің гумантарлық ынтымақтастығына арналған баяндамасы, сондай-ақ «Әзербайжан жаңалықтары» Халықаралық ақпараттық агенттігінің бас редакторы Гүлнара Мамедзаденың медиа-коммуникацияны дамыту тетіктері, Ресейдің  «Ливия және Сирия халықтарымен ынымақшылық комитетінің»  тең төрағасы Олег Фоминнің Таяу шығыс аймағындағы этноконфессиялық ахуалға қатысты, РФ Қоғамдық палатасының Ақпараттық қоғамдастықты, БАҚ және бұқаралық коммуникацияны дамыту комиссиясының төраға орынбасары Светлана Яремчуктің «ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің достық қарым-қатынастарын нығайтудағы БАҚ-тың рөлі» тақырыбында, Өзбекстан ҒА Тарих институтының өкілі Равшан Назаровтың «Орталық Азия: этностардың, конфессиялардың және мәдениеттердің ықпалдастығының тарихи және заманауи тәжірибелері» жайында жасаған баяндамалары қызу талқылаудың тақырыбына ұласты.

Әйгілі ғалымдар, лауазымды дипломаттар, танымал сарапшылар мен зерттеушілер, ірі БАҚ өкілдері қатысқан Форумда қазіргі заманғы халықаралық қоғамдастықтың беделді ойыншысы - Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше-елдер, жалпы бүгінгі әлем келбетіндегі мәдеиеттер мен діндердің тоғысуына қатысты өзекжарды жайттардың еркін, ашық талқыға түсуі бүгінгідей қайшылыққа толы күрделі кезеңде мемлекеттер мен халықтардың өзара жақындасуы мен түсінісуіне бастаған игілікті қадам болып табылғандығын айту лазым.

abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2278
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596