Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Алашорда 9347 0 пікір 25 Сәуір, 2016 сағат 09:50

1916 ЖЫЛ: ЖЕТІСУДАҒЫ САДЫРЛАР КӨТЕРІЛІСІ

1916 жылдың 25 маусымында Ресей патшасы Орта Азия мен Қазақстанның бұратана халықтарының ер азаматтарын  Ресей әскерінің тыл жұмысына   мобилизациялау  туралы Указ жариялады. Бұл әрекет көтерілістің себебі емес сылтауы болды[1]. Көтерілістің себебі қазақтың жерлерін тартып алып оларды казактар мен қара шекпенділерге үлестіру еді.

Қазақ жұртшылығы қу медиен дала мен шөлге қуылды. Тарих институтының деректеріне сүйенсек 1916 жылға қарай мөлшері қазақтан  45 млн. дес. жер түрлі жолмен алынып Ресейден келген келімсектерге беріліпті. Сол деректерді негізінен растайтын ақпар: 1916 жылдың басына қазақ сахарасында 20 млн. десятин жер патшалық  Ресей құзырымен иемделінген, оның үстіне тағы да сол көлемдегі жер Переселенц қорына кіргізілген[2]. Зерттеуші Чеканинский өзі жақсы білетін ащы шындықты былай баяндайды: «...большую роль сыграла политика царской власти, внедрявшая в сознание русского крестьянства, что всякий подвластный России «туземец»  есть совершенно безличное существо, положение которого, перед каждым русским человеком, должно сводиться не более как представителю низшей расы, как вьючному животному, эксплуатация которого не ограждена никакими законами[3].

Бірінші Дүниежүзілік соғыс басталысымен бұрыннан күшейіп келе жатқан салық езгісі үдере түсті. Салық ауырпалығы орыстарға да күшейе берді, себебі Ресейдің соғыстағы әскери жетістіктері тым шамалы болды. Тіпті бұл тұста Ресей біраз жерін Германдықтарға беріп алған еді. Орыс жұршылығы мобилизация бойынша майданда жүргенде олардың отбасылары тарығып жүрді. Қымбатшылықтың да  күшейгені белгілі.

Орыс пен қазақтың наразылығы бірігіп кетпес үшін сол заманда белгілі саяси технологиялар пайдаланыла бастады: Ол қазақ пен орысты бір біріне айдап салу, орысты қазақ есебінен малдандыру, материалдық мүдде арқылы тонауға итермелеу. Есесіне қазақ пен орыстың арасындағы өшпенділік үдей түсті.

Патша үкіметі орыс тұрғындарын қорғаған болып оларды қарумен – винтовкалармен қамтамасыз етіп отырды. Мұрағат деректерін келтірейік: «Крестьяне села Теплоключнинского пропустили через селение татар, а сартов и таранчинцев и дунган всех перебили, всего свыше 500 человек... у убитых только ташкентских торговцев было свыше миллиона рублей наличных денег, не считая имущества[4].

Көтеріліс басталысымен қазақтардың жағдайы тым қорғансыз болды. Көтерілісті басуға жіберілген карательдік жасақтар туралы төмендегі деректер куә: «...беспорядки в Джизаке, туда подходит карательный отряд,  состоящий из трех видов оружия, пехота, артиллерия и кавалерия и начальник отряда отдает приказ сжигать все поселения, уничтожать все туземное население без различия пола и возраста». IV Мемлекеттік Думаның депутаты А.Ф. Керенский — трудовиктер партиясының талабымен бұл масқара заңсыздықтар мен қатыгездікті тоқтату және қылмысты әшкереу мақсатымен Мемлекттік думада осы мәселені көтерген болатын. Сонда Керенский былай деген:  «...а селении Луговом, где отряд солдат вместе с русскими поселенцами, оцепив громадную толпу киргиз[қырғыздар емес – қазақтар-Ә.Ғ.] и стал гнать их безоружных выстрелами и нагайками к утесу, внизу которго была река и сбросила этих людей.Басқа мысал: ...развалины туземного города Джизака,который насчитывал 20 тыс населения, сами говорят за себя... город сравнен с землей» [5].

Жетісу облысының Верный уезіндегі қазақ бұқарасы қазақ баласын соғыстағы тыл жұмысына шақыруына наразылық білдіріп түрлі әрекет жасады, солардың бір бөлігі басқа өлкеге көшіп кетуге бел байлады. Наразылардың бір бөлігі 1916 жылдың 18 тамызында Балқаш өңіріне жинала бастады[6]. Тағы бір қанды оқиға Алакөл маңайында болды. Қытайға көшпек болғандарды көтіріліс-мятеж деп айыптап олардың малы мен меншіктері тоналды[7].

1916 жылдағы көтеріліске  бұл өлкеде найманның төрт садыр болыстықтары (Мақаншы-Садыр, Мақаншы-Шілікті, Мәмбетай-Қысқаш, Балқаш-Лепсі)  қатысқан екен. Көрші жатқан қара керейлер мен матай болыстықтарының жеке өкілдері (сол өлкеде орыстарда жалшылықта жүргендер болуы мүмкін) ғана қатысқанға ұқсайды[8]. С.Брайнин и Ш.Шафиро деректерінде 1916 жылдың  9 қыркүйегінде Лепсі уезінің Мақаншы-Садыр және Мәмбетбай-Қысқаш болыстықтарында қазақ көтерілісшілері шабуылдарын бастаған көрінеді. 10 қыркүйекте көтерілісшілердің үлкен бөлігі Саратов елді мекенінің жанында (8 шақырымдай қашықтықта) штаб-ротмистр Масловтың жазалаушы жасағына шабуыл жасады. Шабуылшылар «Алдияр» деп ұрандап шабуылдады. Штаб-ротмистр Масловпен бірге болғандар жайлы былай делінеді: «35 казаков конвоя шестой  ополченческой сотни Семиреченского войска». Оларға мұздай қаруланған тағы да 15 атты әскер – ополчендіктер қосылмақ еді. Лепсі уезінің басшысының айтуынша көтеріліске қатысушылардың көп бөлігі орыс қожайындарының жалшы жұмысшылары. Бұл оқиғаға қатысы болған Мұхаметжан Тынышаевтың жазуынша сол шайқаста 90 қазақ өлтірілген, 40 адам тұтқындалып абақтыға жетпей өлтірілен. Абақтыда бұрынғы болыс Селеу Саурықов қайтыс болған[9].

Садырлар көтерілістің жеңілу себептері: локалдық тайпалық сипат алуы, қарулануы салыстырмалы түрде тым жұпыны болғанға ұқсайды.

1918 жылдың маусым айында қызылдар мен ақтардың арасы аса шиеленісті. Мұхамеджан Тынышбаевтың адмирал А.В.Колчактың атына жазған хатында былай деп жазады: «Это обстоятельство разозлило красных и они принялись за массовые убийства безоружных киргиз [қазақтар -Ә.Ғ.], за систематическое уничтожение киргизского хозяйства [қазақ шаруашылығы -Ә.Ғ.]. Так в пяти Садыровских волостях Лепсинского уезда было убито свыше 5000 киргиз [қазақтар -Ә.Ғ.], исключительно взрослых работников. Одновременно с этими событиями разразился джут».

1918 жылдың басында  «Алаш» өзінің әскерін жинай бастады. Халықтан жігіт пен мініс ат сұрады. Менің атамның айтуынша олардың мал саны ортайып қалған кез болыпты. Соған қарамастан «Алашқа» әскер қоспаса да, бір-екі бас жылқы беріпті.  «Біраз қазақ «Алашқа» жылқы да, жігіт те бермепті. Сәл кейін олардың малын ақ атаман Анненков түгел тартып алыпты» деуші еді атам. 1918 жылдың жазында Лепсі уезінің қазақтарынан 10000 жылқы тәркіленіпті[10].

ХХ-ғасырда екі расаралық (нәсіларалық) соғыс өтті. Ол Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар. Тарихқа белгілі ағылшын  – бур соғысы заманымыздың ең қатыгез расаралық (нәсіларалық)  соғыс болды. Себебі сол соғыста жарылатын оқтар (дум-дум) пайдаланған болатын. Алғашқы расаралық – этникалық аршу (этническая чистка) соғыстарының бірі 1916 жылғы қазақ көтерілісшілеріне қарсы – «тактика выжженой» земли әскери әрекеті пайдаланды. Бейбіт жұртшылықты қыру тактикасын көп пайдаланған генерал Курапаткин болды. Осы генерал Орыс-Жапон соғысында  қолбасшы болып орыс әскерін басқарған. Барлық шайқастарда (Ляоян, Шахэ, Сандепу және Мукден)  өз еліне жеңіліс әкелген. Есесіне, нашар қаруланған қазақтарды қырғынға ұшыратқан. Әскери қолбасшылықтан басқа Курапаткин өзін орыс идеологы ретінде көрсеткен. Мәселенки, А.Н.Куропаткин «Россия для русских. Задачи русской армии», «Желтая опасность» деген еңбегінде: « Главным образом усилиями славянских племен движение из Азии на Европу азиатских народностей — монголов, татар и турок — не только остановлено, но с наступлением славян, северная часть Азии переходит в руки русского племени. ...В общем, это будет союз народов белой расы против народов желтой расы и чернокожих.  Деление на эти две группы будет близко отвечать и делению на две группы по религиозным верованиям» [11].

Сонымен нәсілшіл, расист Куропаткин өзінің геноцидтік  ойын қазақтарды қырып жүзеге асырған. Биыл 1916 жылғы көтерілістің 100 жылдық азалық юбилейі болмақ. Қырғыз ағайындар намысшылдығын тағы да көрсетіп отыр. Қырғыз халқының Ұлы Үркіні –трагедиялық оқиғасының – 100 жылдығын жоғары деңгейде атап өтпек. Қырғыз халқы қазаққа үлгі көрсетіп тұр. Мен қазақ перзенті ретінде Садырлар көтерілісінде шахид болған бабаларымды аза  тұтамын. Жалпы қазақ халқының саны 1916 жылғы қырғын мен үркіннен кейін 400 мыңға кеміді. Қазақтарда да  қырғыз сияқты шекара асып кеткендер аз болған жоқ. Ал 1916 жылы кеткендердің басым  көпшілігі кейін көп ұзамай қайтып келді. 1930-1932 жылдардағы ашаршылықта қазақтың көбісі қырылды: біразы шекараға (Қытайды айтып отырмыз) жете алмады, біразы шекарадан өте алмады, біразы сол жақтағы қақтығыстарда азықсыз мерт болды.    

Алдымен,  1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығы толған тұста бұл оқиғаның басын қазақ геноцидінің басы деп мойындаймын. Геноцидтің бел ортасы – ол 1930-1932 жылдар; қолдан ұйымдастырылған ашаршылықтан 2 миллион қазақты қырды. Екінші дүниежүзілік соғыс бітісімен ядролық қарудың пәрмені мен әсерін қазаққа сынады. Бұл геноцидтің жалғасы емей немене? Қазақты қалаға кіргізбеді. Қорыта айтсақ, геноцидтің болғанын Ресейге мойындату, армяндар, еврейлер сияқты арнайы заң қабылдау, геноцидтің азалық естелік мемориалын салдыру секілді шаруаларды қолға алатын кез жетті. Ал бүгін халықты қазақ қасіретіне қазақтың да, қазақ еместін де, басқа мемлекеттердің де назарын аударту қажет деп білемін.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Национально-освободительное восстание 1916 года в Казахстане. http://e-history.kz/ru/contents/view/287 Институт истории и этнологии им.Ч.Ч. Валиханова КН МОН РК, 2013

2.Восстание 1916 года в Казахстане. (Документы и материалы). Составители Ф.Н.Киреев, Ш.Я.Шафиро. Алма-Ата.Изд-во АН КазССР.1947,с.IV

3.Чеканинский Ив.Восстание киргиз-казахов и кара-киргиз в Джетысуйском (Семиреченском) крае в июне –сентябре 1916 года (К материалам по истории этого восстания). Кзыл-Орда.1926,c.110

4. Из протокола допроса судебным следователем ротмистра Железнякова о причинах и ходе восстания. В кн.: Грозный 1916-й   год. Сб. документов и материалов. Том 1. Алматы. Казахстан. 1990,с.143

5. В кн.: Грозный 1916-й   год. Сб. документов и атериалов.Том1. Алматы. Казахстан. 1990, с.180-181,198-199 Ескерту: Луговое-Қазақстанның елді мекені, Джизак-Өзбекстанның облыс орталығы

6. Брайнин С., Шафиро Ш. Восстание казахов Семиречья в 1916 году. Казахское краевое издательство.Алма-Ата. Москва.1936. с.63; namys.kz

7. Чеканинский Ив. Восстание киргиз-казахов и кара-киргиз в Джетысуйской  (Семиреченском) крае в июне –сентябре 1916 года... 82бет

8. Восстание 1916 года в Казахстане. (Документы и материалы) с.135-136

9. В кн.: Грозный 1916-й   год. Сб. документов и материалов.Том1, c.287-289

10. Қараңыз: Тынышбаев М.Таңдамалы.Избранное.Алматы. «Арыс».2001, с.61

11. А.Н.Куропаткин. «Россия для русских. Задачи русской армии», СПб., 1910, т. 1- 3. «Желтая опасность»

Әзімбай Ғали

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053