Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3163 0 пікір 18 Сәуір, 2016 сағат 08:30

Қырғызстан АҚШ-тың адам құқықтары жөніндегі сынына жауап қайырды

2015 жылғы адам құқықтары жөніндегі АҚШ мемлекеттік департаментінің есебінде Қырғызстанда сөз бостандығы мен адам құқықтарына қатысты жағдайдың нашарлағаны туралы баяндалған.

Қырғызстан СІМ бұл баяндаманы мемлекеттегі саяси жүйеге қысым жасауға тырысу деп бағалады.

Сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде осы мәселе бойынша халықаралық ұйымдар мен шетелдік әріптестерге, оның ішінде АҚШ-тағы жекелеген институттарға жақсы ақыл-кеңесі мен көмегі үшін Қырғызстанның рақмет айтатыны жазылған. Алайда Қырғызстан жоғарыда аталған есептегі саяси астары бардеп санайтын жекелеген бағаларды дұрыс емес деп бағалайды.

«Біз баяндаманың «заңсыз тұтқындаулар», «биліктің мүдесі үшін саяси көзқарасы өзгеше азаматтарды оқшаулау» секілді тұстармен мүлдем келіспейміз. Сонымен бірге бәріне жақсы таныс А.Асқаровтың «құқығын бұзу», «соған жол берген лауазым иелерінің жазасыз қалуы», «биліктің үкіметтік емес ұйымдарға қысым көрсетуі» секілді ақылға қонымсыз тұстарымен мүлдем келісе алмаймыз», - делінген мәлімдемеде.

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі АҚШ мемлекеттік департаментінің Қырғызстан туралы есебін «мемлекеттегі саяси жүйеге қысым көрсетуді көздейтін саяси астары бар, еш негізсіз саяси бопсалау» ретінде қабылдайтынын мәлім етті.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485