Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2729 0 пікір 15 Шілде, 2016 сағат 10:23

Тәжікстан аста-төк той өткізуге қарсы күресіп жатыр

Дәстүр мен әдет-ғұрыптарды реттеу жөнінде заң қабылданған 9 жылдан кейін, қосымша үйлену тойлары мен ас беру рәсімі секілді шараларды шектеу жөнінде өзгерістер енгізілді. Мәселен, бұдан былай Гиссар ауданында шараларды ұйымдастырудың жаңа ережесі енгізілген.

Шуроб қышлағында адамдардың бәріне бірдей үйлену тойларына қатысуға тыйым салынды. Салтанатты жиынға тек ғана той иелерінің көрші-қолаңдары ғана қатыса алады. Осылайша, той жасайтын үйден алыс тұратын туған-туыстары да жиынға келе алмайды. Оның үстіне әр отбасынан тек 1-2 адам ғана қатысуға тиіс.

Салтанатты жиындарға қойылған шектеулердің ішінде дастарханға қойылған тағамдар да кіреді. Бастаманы ұсынушылардың ақпараты бойынша, ас беру мен үйлену тойларында жайылатын дастархандар бәсекеге айналып кеткен. Гиссар ауданындағы Жастар ұйымының жетекшісі Бахром дастарханға қойылатын тағамдардың арнайы тізімін жасағандарын айтады. «Біз тек ғана шығынды азайтуды ұсындық. Мысалы бір адамның жақыны қайтыс болса, ол адамның басында үлкен қайғы. Ол сол кезде дастархан жайын ойлап, үстел үстінде банан, ананас немесе өзге де тәтті жемістер тұруын қадағаламауы керек. Арзан азық-түлікпен дастархан жаюға болады. Қайғының үстіне, қарыз болып отыру кімге керек?»,-дейді ол.

Бахром соңғы уақытта үйлену тойларының аста-төк болып кеткені соншалықты, бір жиында кемінде 30 даяшы қызмет көрсетеді дейді. «Тойлар тек шығын шығару болып кетті. Әрбір қызын ұзатқан қожайын кемінде 5-6 мың доллар жұмсайды екен. Жас жұбайларға жихаз сатып алу үшін 1500-1800 доллар жұмсайды. Біз қызының тойына ауыл адамдарының бәрін шақыру міндетті емес деп ұсыныс жасадық. Ұзату тойының орнына қалыңдық дос қыздарын шақырып, көңіл көтерсін. 15-20 адам шақырса болады», - дейді Бахром.

Мортепп қышлағының төрағасы Амруллои Исмат Озоди радиосына берген сұхбатында үнемдеудің бәрі экономикалық жағдайдың нашарларуына байланысты дейді. Әсіресе, Ресейде жұмыс істейтін тәжік мигранттарының ақша аудару көлемі бірден азайған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3271
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5686