Жұма, 16 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2487 0 пікір 12 Шілде, 2016 сағат 12:47

«Душанбе аквапаркінің» құрылысы қайта жалғасты

Душанбе қаласы Құрылыс басқармасының өкілі Парвиз Аминов, Озоди радиосына берген сұхбатында, жобаның жалпы құны 83 миллион сомони екенін айтқан. Оның 28 миллионын Тәжікстан салса, қалған 55 миллионды италиялық тарап құяды.

Жоба бойынша, ойын-сауық кешені ересектер мен балаларға арналған алты ірі бассейннен және 34 түрлі аттракциондардан, үш қабатты әкімшілік ғимаратынан, асхана мен киім ауыстыратын бөлмеден тұрады. Парвиз Аминовтың айтуынша, 2 гектар жерге орналасқан аквапарк Тәжікстандағы жалғыз әрі ең ірі ойын-сауық мекені болмақ.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2663
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4339