Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 9073 0 пікір 1 Шілде, 2016 сағат 09:27

"ҮШТІЛДІЛІК" МУТАЦИЯСЫНАН БАС ТАРТУДЫ ТАЛАП ЕТЕМІЗ

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевқа 

 

                                                   Көшірмесі: ҚР Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовке

 

ҚР Сенатының Төрағасы Қ.К. Тоқаевқа

 

                       ҚР Мәжілісінің Төрағасы Н.З. Нығматуллинге

 

Вице-Премьерлерге, Министрлерге, Барлық деңгейдегі

 әкімдерге, Парламент және маслихат депутаттарына,

ректорларға, облыстық және қалалық (аудандық)

 оқу бөлімдеріне, мектептер мен бала-бақшалар

директорларына, Қазақстан азаматтарына!

 

 

А Ш Ы Қ  Х А Т

 

2012 жылдан бастап үш тұғырлы тіл Қазақстанның білім мен тәрбие жүйесіне енгізілуде. Ол бойынша бала-бақшаның есігін ашқан үш жасар бүлдіршінге бірден үш тілді үйрену міндеті қойылған. Осы уақытқа дейінгі әлемде баланы он жасқа дейін ана тілінде тәрбиелеп, дүниетанымы қалыптасқаннан кейін, оның ой-өрісін дамыту үшін алдымен қосымша бір тілді, қажет болса 2-3 жылдан кейін екінші шет тілін үйрете бастайды. Бұл әлемдегі қалыптасқан үрдіс. Мысалы, Францияда бала 1-сыныптан бастап мемлекеттік тілден емтихан тапсырады. Оларда ағылшын тілі 10-жастан бастап пән ретінде ғана өтіледі. Жапонияда балаға 12-жасқа дейін басқа тілді оқытпайды. Ал, Қытайда ғылым, техника, тіптен интернет желілері де қытай тілінде сайрап тұр.

2016 - 2019 жылға арналған білім бағдарламасы бойынша үш тұғырлы тіл 1-сыныптан бастап пән ретінде енгізбекші.

Ғаламтордан Семейде үшбасты баланың дүниеге келгенін көрсетіп, оның сол аймақта 40 жылдан астам уақытта жарылған жарты мыңдай атом бомбасының салдарынан пайда болған мутант екені жазылған. Ал, Қазақстан қоғамын «үштілділік» мутациясының себеп-салдары мен одан қалай құтыламыз және одан пайда болған клондармен не істейміз деген сұрақтар мазалауда?! 

Қазақстандағы үштілділік – ол ғылым мен педагогикаға емес, саяси этикетке негізделген анахраизм! Себебі, саяси этикеттің қауіптілігі - онда «сатушы да, сатып алушы да алданады» яғни оны ендіріп отырған билік те, оқушы да алданады.

Жоғарыдағы бағдарламада 10-11 сыныптарда физика, химия, биология, информатика пәндері ағылшын тілінде, дүниежүзі тарихы пәні орыс тілінде оқытпақшы.

Мемлекеттің экономикасы сол елдің ғылымы мен техникасына тікелей байланысты болғандықтан дамыған елдердің барлығында ол пәндер өз тілінде оқытылады. Себебі, ол халықты жаппай сауатсыздандырып, мемлекетік тілдің яғни сол мемлекеттің өзінің дамуына кедергі болып, оны ондаған жылдарға кейін кетіреді. Ондай шараларды өзіне сенімсіз, басқаларға тәуелді, болашағы бұлыңғыр елдер ғана амалсыздан қабылдайды. Себебі, әлемдегі 9 әмбебап тілдердің қатарындағы, ең бай, ғылым мен технология тіліне айналған қазақ тілін кері кетіргісі келетін мәңгүрттердің тірлігін мемлекетке қарсы істеліп отырған қылмыс деп қаралуы керек.

Францияның мәдениет министрлігімен Париж жанында Аттилаға (б.д. V ғ.) музей және ескерткіш ашу (2012), БҰҰ-да «Қазақстан-Мәңгі Ел» (Нью-Йорк, 2014), ЮНЕСКО-да (Париж, 2015) «Қазақ хандығының 550-жылдығына» халықаралық конференция сияқты елдің имидждік жобаларын, біз (Халықаралық Адам институты, «Алаш» тарихи-зерттеу Орталығы) халқымыздың 5700 жылдық бай тарихына сүйеніп өткіздік және болашақта да өткіземіз. Ал, жоғарыдағы білім бағдарламасынан қазақ халқының тарихын мүлдем алып тастауды, қоғамда ортағасырлық инквизицияның бір түрі деп түсінуде.  

Қабылданбақшы білім бағдарламасы педагогика мен жаратылыстану ғылымдарының методологияларына сүйенбеген, іске асыру механизмдері заманауи білім стандарттарына сай келмейтін, біреулерге еліктеуден пайда болған құжат. Ондағы, мемлекеттік тіл, мораль, ұлттың менталитеті мен дүниетанымы, ғылым мен технология, тарих пен этнологияға кереғар ұстанымдар қоғам мен мемлекет дамуына кедергі келтіретіндіктен, оны қабылдауды тоқтату керек.

Осы білім бағдарламасына байланысты ортақ жұмыс тобын құру туралы Үкіметке бұрын да ұсыныс (хат № 1/628,  22.04.2016) жасалған.

Тілі, тарихы, жері жоқ ұлт та, мемлекет те болмайды! Бұл бағдарламаның мақсаты ұлттық мемлекеттің тамырына балта шабу. Егер оған қол жеткізсе, оның артында біржынысты отбастарын заңдастыру қалады. Бүгінгі елдегі лаңкестердің экстремистік секталары да осылай заңдастырылған.

Жалпы, тоталитарлық Кеңес Одағы да қазақтың тілі мен тарихына тап осындай қиянат жасамады. Өз халқына осындай эксперименттерді өткен ғасырдың 30-шы жылдары «жаңа нәсіл» шығармақшы болған Германияда да істемепті. Соңғы жарты ғасырда Ливияда 30 жылдай мектептерде осыған ұқсас эксперименттер жасалған. Бірақ, ол тәжірибе елдегі билік ауысқасын тоқтады. Ливияның «тәжірибесінен» сабақ алып, қияли ұрпақ өсірмес үшін бұл экспериментті тоқтату керек!

Халықаралық Адам институты, құрамында ғылымның барлық саласын қамтыған әлемнің 3500 атақты ғалымдары (оның ішінде ТОП-500 және 87 Нобель лауреаттары) істейтін Әлемдік инновациялық Қормен (WIF) жасалған, ҚР 30 жылға жан-жақты дамытудың келісімшарты аясында, отандық мамандардың қатысуымен білімді және инновациялық кластерді (білім-ғылым-технология-индустрия-экономика) дамытудың  заманауи бағдарламасын дайындап, іске асыруға көмек беруге дайын екенімізді хабарлаймыз.

 

Құрметпен,

«Нұр Отан», «Ақ жол», «Азат», ЖСДП партиялары, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазэнержи» қауымдастығы, «Атамекен» ҰҚП, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясы, Жазушылар одағы, Халықаралық Адам институты (Институт), «Алаш» ҒЗО, қаржыгерлер, тәуелсіз кісіпкерлер, ректорлар қауымдастығы т.б. қоғамдық ұйымдар құрған Мемлекеттік емес ұйымның Ұйымдастыру алқасы атынан:

 

ӘКІМ Жанұзақ – Халықаралық Адам институтының президенті, ҚР Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары Академиясының корр.-мүшесі, Еуропа жаратылыстану ғылымдары Академиясының мүшесі;

СӘБДЕН Оразалы – Қазақстан ғалымдар одағының Төрағасы, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, экономика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі;

ӘУЕЗОВ Мұрат –  М.О.Әуезов атындағы қордың Төрағасы, Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, ғалым;

ЕЛЕУСІЗОВ Мэлс – Қазақстанның экологиялық Одағы мен кәсіпорындары «Табиғат» қауымдастығының Президенті;

ТҰЯҚБАЙ Жармахан – ЖСДП Төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері;

ТОҚАШБАЕВ Марат - «Президент және халық» газетінің Бас редакторы, ҚР ПҒА академигі, профессор;

БАТТАЛОВА Зәуреш – «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» Қоғамдық қорының президенті, ЖСДП Президиум мүшесі;

ҚАЛЫБАЙ  Жарылқап - «Жұлдыздар отбасы-Аңыз Адам» журналының Бас редакторы;

ЖӘКЕЕВ Ғабиден – Ғ.Мүсірепов атындағы қордың Төрағасы;                                   

ЖҰМАЛЫ Расул – саясаттанушы, дипломат; Қазақ Ұлттық Кеңесі Төрағасының орынбасары;

АБАҒАН Мұқтархан – Кенесары Хан қоғамдық қорының Төрағасы;

Түркия, АҚШ, Венгрия, Финляндия, Қазақстан, Өзбекістан, Эстония, Қырғызстан,  Әзербайжан, Ресей, Франция, Түркіменстан елдерінен – барлығы 6207 мемлекет және өнер қайраткерлері, ғылым докторлары мен профессорларынан тұратын Түрік және угро-фин халықтары Конгресі мүшелері Қазақстан ғалымдары, ақын-жазушылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері атынан:

НҰРПЕЙСОВ Әбдіжәміл – жазушы,  ҚСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ҚАЙДАРОВ Әбуғали - филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі;

АЙТБАЕВ Өмірзақ - филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА

академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Төрағасы;

МЫРЗАХМЕТОВ Мекемтас – ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының

лауреаты;

ӨТЕЛБАЕВ Мұхтарбай - физика-математика ғылымдарының докторы,  профессор, ҚҰА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ЕЛЕМЕСОВ Көпмағамбет – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик;

ЕЛЕШЕВ Рахымжан – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик;

ҒАББАСОВ Совет-Хан - медицина және педагогика ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының лауреаты;

ҚАБЫШҰЛЫ Ғаббас - жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі; 

РАҚЫШЕВ Баян – ҚР ғалымдар Одағының вице-президенті, ҚР ҰҒАакадемигі,

ҚазҰТУ кафедра меңгерушісі;

ЖҰМАДІЛОВ Қабдеш – Қазақстан халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ИСАБЕКОВ Дулат - «Мәдениет» журналының бас редакторы, жазушы-драматург,  ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

СМАТАЕВ Софы - жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының  лауреаты;

МЕДЕТБЕК Темірхан – ақын, ҚҰ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ЕСДАУЛЕТ Ұлықбек – ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Жұлдыз» жорналының Бас редакторы;

АРАЛБАЙ Нұғман – биол. ғылымдарының докторы, профессор, «Жаратылыстану ғылымдары және иновациялық технологиялар» ҒЗИ директоры;

КАПЕКОВА Гулнар – Қазақстан ғалымдар Одағының Алматы облысы бойынша филиала директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор;

НЕСИПБАЕВА Калия – тарих ғылымдарының докторы, профессор;

БУРБАЕВА Галия – ғалым, қоғам қайраткері;

ҚҰЛКЕНОВ Мереке – жазушы, қоғам қайраткері;

ҚОЙШЫБАЕВ Бейбіт- тарих ғылымының кандидаты, «Әділет» тарихи- ағарту қоғамының президенті;

СӘРСЕНБАЙ Рысбек  - «Жас Алаш» газетінің бас редакторы, қоғам қайраткері;

БАПИ Ермұрат - «ДАТ» жобасының жетекшісі, қоғам қайраткері;

КЕНЕБАЙ Жұмаш - ақын, қоғам қайраткері, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты;

АЙҒАЛИҰЛЫ Е. - «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы;

ИСА Қазыбек  -  "Қазақ үні" газеті президенті, ақын, Халықаралық Алаш сыйлығы лауреаты, Халықаралық Сергей Есенин атындағы сыйлық - "Алтын күз" ордені иегері.

САРЫМ Айдос -  Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың жетекшісі, Қазақ Ұлттық Кеңесі Төрағасының орынбасары;

ШЫМШЫҚОВ Жанкелді  - Астана қалалық «Тәуелсіздікті қорғау» ХДҚ

 ұйымдастыру комитетінің төрағасы;

ЖАНДАРБЕК Зікірия - тарих ғылымының кандидаты, Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Түркістан университетінің профессоры;

ЗЕЙНУЛЛИН Аманжол - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Дала» институтының директоры;

ҚАДЫРБАЕВА Айсұлу – ақын, қоғам қайраткері;

ҚУАНЫШАЛИН Жасарал – қоғам қайраткері;

ҒАБДОЛЛА Қажымұқан – «Қазақ Елі» газетінің Бас редакторы; 

ҚАНАТБАЕВ Серік - ветеринария ғылымының докторы;

АЙЫПҰЛЫ Рахым – ЖСДП Президиум мүшесі, Қоғам қайраткері;

ҚАЛЫБАЙ Мақсот - Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі сіңірген зейнеткер;

САГИДУЛЛАЕВА Айман – ұстаз, қоғам қайраткері;                                     
БАБАМҰРАТ Дәурен -  «Болашақ» жастар қозғалысының лидері;

ЕРҒАЛИЕВА Баретта - Қазақстанның «Демократия және құқық» халықаралық тарихи-құқық орталығының төрайымы;

ЕРҒАЛИЕВА Гүлжан – журналис, қоғам қайраткері;

ҚОСАНОВ Әміржан – қоғам қайраткері, тәуелсіз саясаткер;
АЛИБАЕВ Алик     - экономист, ЖСДП Президиум мүшесі;
КЕНЖЕБАЙ Мырзан
– ақын, ҚР мәдениет қайраткері
ТӨРЕХАНОВ Эрнст -  жазушы, қоғам қайраткері;
МҰҚАНҒАЛИЕВ Ермек – ғалым, қоғам қайраткері;

МАМАЙ  Жанболат - журналист, қоғам қайраткері;

ҚАПТАҒАЙ Қ. -  «Халық дабылы» қозғалысының төрағасы;

ҚУАТ  Дәурен - «Абай.kz» ақпараттық порталының жетекшісі;

СӘДУҰЛЫ Бисенғазы - «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

ӘЗІМБАЙ Ғали - саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы;

БЕЙСЕБАЙ ТЕГІ Руза – қоғам қайраткері (Павлодар);

МҰҚТАЙ Қуаныш – ақын;

ЗАЙТОВ Ринат – айтыс ақыны;

МҰҚАНОВ Дәурен - аудармашы, әдебиеттанушы;

КӨШІМ Дос -"Ұлт тағдыры" қозғалысының төрағасы;

НҰР-АХМЕТ Дос -"Ұлт патриоттары"қозғалысының төрағасы;

ТАЙЖАН Мұқтар -  Болатхан Тайжан атындағы қордың президенті;

БӨТЕЕВ Марат - «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының төрағасы;

ТӘЛІМҰЛЫ К. - Талғар аудандық мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры;

АШУҰЛЫ  Ж. - Қазақстан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы;

МҰХТАРБЕК С. - журналист, қоғам қайраткері;

ҚАНАФИЯ Назарбек - филология ғылымдарының кандидаты;

АҚЖІГІТ Өмірзақ- тәуелсіз журналист;

КӘРІПЖАН Аманғазы - ақын;

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550