Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4811 0 пікір 27 Маусым, 2016 сағат 10:15

Тәжікстанда "жер мафиясы" жарты миллион доллар пайда тапқан

Ходжент қалалық сотының баспасөз қызметі Озоди радиосына (Азаттықтың тәжік қызметі) айыпталушылардың ішінде Ходжент қалалық әкімшілігінің Жерді пайдалану және геодезия комитетінің басшылары Хуршед Уматкулов пен Муин Мансуровтар бар екенін хабарлады. Олар жәбірленуші тарап пен жерді пайдалану бөлімі қызметкерлері арасында делдал болған. Жәбірленушілердің жалпы саны — 33 адам.

Жәбірленушілердің айтуынша, олардың әрқайсысынан құжаттарымен бірге 7-14 мың долларға дейін пара алып, жер учаскесін береміз деп уәде берген.

Жәбірленушілердің адвокаты Файзиниссо Вохидов айыпталушылар көзбе-көз беттестіру кезінде кінәларын мойындап, алған ақшаның жартысын өздеріне қалдырып, жартысын шенеуніктерге бергендерін айтты дейді.

Адвокат қылмыстық істі жан-жақты қарау мақсатында жалған құжатпен, жалған мөр қойып азаматтарды алдаған өзге де шенеуніктерді жауапқа тарту үшін Тәжікстан президенті мен Бас прокуратураға хат жазуға ниетті екенін айтады. Ол бұл оқиғаға қатысты барлық кінәлілер жауапқа тартылу керек дейді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1415
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2991
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1063
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 994