Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 4380 0 пікір 8 Маусым, 2016 сағат 11:29

ХАЛЫҚТЫҢ ҚАҚЫСЫ БАР!

 «Араша» комитетін құрған азаматтардың назарына!

Әйгілі жазушы Марк Твеннің: «Егер азамат өз елінің саяси киімінің тозғандығын көре тұра, тозды деп айтып, оны жаңартуға ат салыспаса, ол өз Отанының сатқыны» деген жүрек жарды сөзі кезінде американдықтардың ұранына айналған екен.
Осындай патриоттық сезімге бой алдырған мен де ұлтымның болашағы үшін өз үлесімді қосып сіздер құрған «АРАША» комитеті жұмысына ат салысуды жөн санадым.
Қуғын-сүргінге қарсы «АРАША» комитетін құрушыларға мынадай ұсынысым бар.

Сіздердің жоспарлап отырған «Қара кітап» туралы бастамаларыңыз кейпі кеткен, жағымпаздық пен сыбайластық кеулеп алған бүгінгі қоғамды, жағымсыз қылықтан арылтып халықтың саяси санасы мен мәдениетін көтеріп, өркениетті ел қатарына жетелейтін ықпалды күшке ие тәрбиелік маңызы бар абыройлы іс деп білем. Өйткені ешбір адам ұрпақтар алдында МАСҚАРА болғысы келмейді. «Араша» комитеті шығаратын «Қара кітап» алда - болашақтағы қабылданатын Люстрация заңының бастамасы болуы тиіс.
Халық – биліктің көзі. Олай болса, биліктегілердің мемлекеттің шекарасы, жер, тіл, Қазақтың тарихы, т.б. маңызды мәселелер төңірегінде қабылдаған шешімдері сол халықтың келісімімен шешіліп, халықтың бақылауында болуы тиіс. Ол үшін халықтық кеңес құрылып, кеңестің құрамында   құрамында заңгерлер, адвокаттар, бұрын прокуратура, сот саласында қызмет істеген тәжірибелі мамандар, құқық қорғаушылар, тарихшылар, журналистер, сарапшылар болуы міндетті. Ұлтының алдында үлкен беделге ие болған Жасарал Қуанышалин секілді қоғам қайраткерлері, ұлты үшін биліктің зорлығына қарсы қаймықпай күрес жүргізіп жүрген «АРАША» комитетін құрған азаматтар «Халық кеңесіне» бірігіп, мемлекеттік маңызды мәселені шешуге ҚР Конституциясының 33-бабында көзделген «ҚР азаматтары тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға.... құқығы бар» -деген талапқа сай мемлекеттің басқару ісіне белсене араласуы қажет. Сонда «Халық кеңесі» комитеті ЛЕГИТИМДІ-заңды болады. ҚР Парламенті сыбайластықпен шығарған халыққа қарсы зиянды заңдарға осылай тосқауыл қою мүмкіндігі туындайды.
Қазақтың дала демократиясының құндылығы болып табылатын «Халық кеңесін» сонау патша заманында, тақтан түсірілген хан өкіметінің орнына ел билеудің жаңа үрдісі - прогрессивті үлгісі «Халық кеңесін» Сырым батыр енгізген. Ел басқарудың бұл əдісі – қазақ халқының тарихында ғана болған. Бақ-дəулеті кемеліне келіп тұрған сол тұстағы өркениетті елдердің өзінде де ел басқарудың бұндай демократиялық идеясы жүзеге аса қоймаған еді. Ол идеяның дамыған əлдебір елдерде емес, өзі біреудің боданында отырған қазақ елінің бір пұшпағында өмірге келуі – қазақ ұлтының еркіндікті аңсайтын, әділеттілік жолында басын бәйгеге тігетін, найзасының басына үкі таққан бейбітшіл, өр халық екенін көрсетті.
Есенғазы Қуандық,  

тарих ғылымдарының докторы, профессор

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5625