КЕШІРІЛГЕН ҚЫЛМЫС ҚАЙТАЛАНАДЫ. БҰНЫ ҰМЫТПАУ КЕРЕК!
«Қолдан жасалған алапат ашаршылық пен қуғын-сүргін күнін бөлек атап өтуіміз керек».
Ұлт зиялылары, тарихшы-ғалымдар осындай байлам жасап отыр. Өйткені, қуғын-сүргін ел ішіндегі беделі зор, ұлт қамын ойлаған тұлғаларды тұтқындау, жазалау, үкім кесу науқаны болып табылса, аштық – қазақ халқын жер бетінен жойып жіберуге арналған сұмдықтың ең соңғы түрі. Оның аты – геноцид!
«Аштық геноцитін ашық жариялау мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бірақ, әлі шешімін таппай келеді. Бұл – үлкен саяси мәні бар, сипаты бар дүние. Бұған ұлт ретінде, мемлекет ретінде мән беруіміз керек», – дейді сенат депутаты Нұрлан Оразалин.
1920 жылдардан басталған аштықтан қазақ халқының 70-80 пайызы жойылып кеткен. Нақтылай айтсақ, аштықтың қарсаңында қазақтың саны 7 миллионнан асса, 1933 жылғы аштықтан кейін 2 миллионнан аз болған. Демек, қазақ халқы өзінің 70-80 пайызынан айырылды.
- Бұны «геноцид», « этноцид» десе де негіз бар. «Ашаршылық» деп халықаралық деңгейде мойындатуымыз керек. Бұл қасіретті БҰҰ-ға енгізіп, терминге айналдыруымыз керек. Қазақ халқының басынан өткен мұндай қайғы-қасіретті ешкім көрген емес. Мен бір өзбек, бір қарақалпақ, бір түркімен аштан өлмеді десем, өтірікші болмаймын. Адам қолмен жасалған алапат апат қазақ халқына арналған, – дейді Алаштанушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлы.
Қысқасы, совет өкіметінің қатыгездігіне ресми түрде құқықтық баға берілуі тиіс. Алайда, Сталинді қайтадан культке айналдыра бастаған Путин билігіндегі бүгінгі Ресей КСРО-ның тарихын ақтарып, ақиқатқа бастайтын әрекеттерге жол бермесі анық. Сондықтан, Алаштанушы ғалымдардың талабы әзірге сөз жүзінде қала тұруы мүмкін. Алайда, ашаршылық пен қуғын-сүргінді ұрпақ жадында жаңғыртып, ұмыттырмау – зиялы қауымның міндеті болуы керек.
- Егер Сталин мен Голощекин алапат ашаршылықты қолдан жасап, қазақты қасақана қырмағанда , атажұртынан аластап, шетелдерге көшуге мәжбүр етпегенде, қазір халқымыздың саны 60-70 миллионнан асар еді, – дейді тарихшылар.
Ашаршылық қазақ халқының санын кемітіп қана қойған жоқ, ұлт басына нәубет болып төнді. Ашыққан адамдар ес-ақылынан айрылып, Құдай жаратпаған құбыжықтың кейпіне енді. Жазушы В. Михайловтың «Ғаламат жұт шежіресі» атты кітабында таңбаланған мына бір жолдарға көз жүгіртейік:
- «... 1932 жылы Қазақстан сұмдық аштықтың құрсауында қалды. Мүсірепов төрт жолдасымен бірге өлкелік комитетке хат жазды. Онда ұжымдастырудағы асыра сілтеушілік туралы айтылды. Бірақ, олардың бәрін «ұлтшылсыңдар» деп айыптады. «Біз, - деді Ғабең, - біткен жеріміз осы деп ойладық. Олар үшін, қолына қанды қылыш ұстаған баскесер үшін, біздің өміріміз не тұрады...»
Сол жылы қыс ерте түскен болатын, Алматыны қазан айының өзінде-ақ қар басып қалған. Мүсіреповті өлкелік комитетке шақырды.
«Несі бар, егер сен өзіңнің халқың үшін осынша алаңдайтын болсаң, Торғайға барып қайт, - деп оған Голощекин мысқылдай қарады. – Онда ешқандай аштықтың жоқ екенін өз көзіңмен көресің».
Мүсірепов жолға шықты. Қостанайға жетті. Онда ақырған қыс екен. Атқару комитетіне келді. Оның төрағасы Қазақстанға өз еркінен тыс келген адам екен. «Е-е, - дейді ол, - сіздер де мен сияқты жер аударылғандар екенсіздер ғой. Сіздерді мұнда қай Құдай айдап келген? Елсіз дала, толассыз боран, ал Батпаққараға дейін мың жарым шақырым, үсіп қаласыздар. Не сіздерді жеп қояды». Осы сөздердің бәрін ол еш қалжыңсыз, байыппен айтқаны көрініп тұрды.
... Әулиекөл ауданынан өткеннен кейін боран басталды. Ұйтқып соққан қар ұшқындары күннің көзін жауып, жолды бітеп тастады. Жүргіншілер жолдың жүлгесінен адасып, аттар тұрып қалады. Кенет Мүсіреповтің көзіне әлдене шалынғандай болады: анандай жердегі күртік қардың арасынан бірдеңе қараңдайды, бейнебір сексеуілдің қисық бұтағы секілді. Ол шанадан ырғып түсіп әлгінің қасына барады. Қар астында адам өліктері жатты.
... Олар күртік қардан шығып, өлілер салған жолмен жүріп отырды. Алда – қаңырап бос қалған ауылдар. Жергілікті жол бастаушы бұл қоныстардың нөмірлерін айтып келеді. Олар бір-бірінен тек нөмірімен ғана ажыратылады: ешбірінде жан баласы қалмаған. Жолаушылар қазақтың көзіне тосын көрінетін киіз үй қалашығына ат басын тіреді.
... Мүсіреповті, әсіресе, іші-сыртының сән-салтанаты келіскен алты қанатты киіз үй таңғалдырды. Үй жасаулары – ашық түсті жібек көрпелере мен атылас жастықтар, бетін әсем өрнектермен әшекейлеген түкті кілемдер көздің жауын алады. Орта тұсында тең болып жиналған жүк тұр. Бейнебір үй иелері әлгінде ғана сәл уақытқа шығып кеткендей, әне-міне қайтадан кіріп келетін секілді.
... Бәрі жан-жақтан қарап жүр – ал, мына бір тұстағы киімдер жиналған жүк өзгеше бір күркеге ұқсайды. Ортасында кішкене тесік бар... Әлдебір бейтаныс та үрейлі әлемге ашылған қараңғы терезеге ұқсайды. Кенеттен араларындағы екеуі қаруланған төрт еркек бір мезетте әлденеден секем алып селт етті. Денелері түршігіп, үрке қарап сәл тұрды да, есікке қарай ентелей беттеді. Тұра беруге дәттері шыдамай, далаға атып-атып шықты. Ғабит Мүсірепов ең соңында қалды. Табалдырықта сәл кідіріп, арт жағына қарады: үстіне киімдерді үйіп тастаған шағын жүк теңнің ішінде біреу бар секілді.
... Аяқтарын күртік қардан әрең-әрең суырып, олар шанаға беттеді. Кенет көкейін түрткілеген беймәлім түйсікпен қарсыласуға бойынан күш таппаған Мүсірепов өздері әлгінде ғана кіріп шыққан, ақ киізбен жабылған еңселі үлкен үйге қарай бұрылды. Жолдастары да соңынан ерді.
«Ойбай, мұнда біреудің ізі жатыр!» - деп ышқына дауыстады біреуі.
Олар қар бетіндегі беймәлім ізге үңіліп, үймелесіп қалды. Із мүлде жаңа еді.
«Бұл не? Қарасақ па? Түлкі ме?»
«Жоқ, ұқсамайды! Сірә... Әй, бірақ болуы мүмкін емес!..»
Жігіттер із қуалап жүріп отырып киіз үйден бір-ақ шықты. Есікті айқара ашты.
Күтпеген жерден иесіз үйдің ішінен ыңырсыған ащы дыбыс естілді. Бәрінің жотасы мұздап қоя берді. Әлде иттің қыңсылы ма немесе мысықтың зарлағаны ма – айырып болмайды және осының бәрі қандай бір қорсылмен қатар естіледі.
Жүк жиналған теңнің қуықтай ғана тесігінен әлдебір кіп-кішкене тірі жан атып шықты да, адамдарға тұра ұмтылды. Ол қанға малшынған еді. Қансүңгі болып қатып қалған ұзын шаштары мүйізге ұқсап, жан-жағына сорая шығып тұр, аяқтары бейнебір қарғаның сирақтары сияқты қап-қара, шидей. Көздері ойсыз, бетіне қатып қалған қанның үсті жаңадан аққан қан тамшыларымен әлеміштенген. Тістері ақсиып, аузынан қызыл көпіршік ағып тұр.
Төртеуі бірдей қорыққаннан естері шығып, есікке қарай секіре қашты. Сыртқа шығып, артқа бұрылғанда әлгі құбыжықтың қарасы да көрінбеді, ғайып болса керек.
«Бұл сонда не болды?» - деді Ғабит қырылдай сөйлеп, жолдастарына қарап. Қорқыныштан әлі де селкілдеп тұрған олар үндемеді. Тек кейін, Қостанайға барған соң жолсеріктерінің бірі Ғабеңе мынаны айтты:
- Сіз, бәлкім, оны жын деп ойлап қалған шығарсыз? Жоқ, жын емес. Мен байқап қалдым, анық байқадым. Ол - адам. Сәби. Қазақтың жеті-сегіз жасар қызы...
- Жоқ! Жоқ! – Мүсірепов ышқына айғай салды. Оның үнінен жан дүниесінің алапат жарылысындай, айтып жеткізгісіз долы, сонымен бір уақытта шарасыздықтың дәрменсіз ашуы бұрқ етті. – Ол – аштық! Ол аштықтың көзі болатын! Қарғыс атқыр аштықтың дәл өзінің...» («Ғаламат жұт шежіресі», 9-14 беттер)
Ел ішінен сұрап, індете зерттей түссек, мұндай қасіретті әңгімелердің талайын естуге болады. Сондықтан, ашаршылықты ашық түрде «геноцид» деп атаған жөн. Бұл ретте еврейлердің, Балтық бойы елдерінің, Украинаның тәжірибесін пайдалану керек шығар.
«Қуғын-сүргін күнін 27-қыркүйекке белгілеу керек», - дейді алаштанушылар. Олар қуғын-сүргінге ұшырағандарға тағзым ету күнін 27-ші қыркүйекке, яғни Алаш үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхан атылған күнге ауыстыру қажет деседі. Сталиндік репрессия да қазақ халқының басын жұтуға бағытталғаны белгілі. Репрессияға 130 мыңнан астам қазақ ұшырады, оның 25 мыңы оққа байланған. Заң ғылымдарының докторы Нұрлан Дулатбековтың бас тақырыпта тұрған мақаласын қараңыз, мақалада Ішкі Істер Халық Комиссары Н.Ежовтың бұйрығымен 5-6 айдың ширегінде 10 000 адам қазақ даласынан абақтыға жабылып, атылғаны көрсетілген. Жоспарлы түрде ет комбинаттарына айдалған малдай көріп, қай облыстан қанша қазақты атқызу керек екендігін белгілеп берген Ежов «халық жауларының» әйелдері мен бала-шағасына дейін соттап, азапқа салған. Тарихшы Тілеу Көлбаев АЛЖИР-де тұтқында болған қазақ әйелдерінің тізімін, аты-жөнін жариялады. Қараңыз:
2003 жылы Мәскеудегі халықаралық «Мемориал» қоғамы «Узницы «Алжира». Список женщин-заключенных Акмолинского и других отделений КарЛАГа» деген 34 баспа табақ көлемде кітап шығарды. Онда 5380 әйел-тұтқынның тізімі берілген. Біз осы тізімнен қазақ әйелдерінің аты-жөнін теріп алдық.
1. Абдулахатова Кульше Исмагуловна, род. в 1908 г., аул Умтулек, Таловского района Западно-Казахстанской обл., Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 25.11.1942.
2. Абланова Минесафа, род. в 1910 г, г.Семипалатинск, Приговорена к 3 годам итл. Освобождена 14.04.1941.
3. Алдабергенова Албусина, род. в 1931г., Сузаковский р-н, ЮКО, Приговорена к 3 годам итл. Убыла из Карлага 04.10.1939.
4. Аленова Жавгар Ибрагимовна, род. в 1901 г., Чингирлауский р-н ЗКО., Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 19.11.1945.
5.Алиханова – Исингельдина Мариям Камбаровна, род. в 1914., г.Усть-Каменогорск. Приговорена к 3 годам итл. Освобождена 18.03.1941.
6. Алтыбаева Балакыз, род. в 1941 г., 9-й ауыл Сузакского р-на ЮКО. Приговорена к 3 годам итл. Освобождена 28.02.1941.
7. Алтынбаева Галя Ахметовна, род. в 1906 г., г.Семипалатинск. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 11.11.1945.
8. Альманиязова Казима, род. в 1912., г. Тургай, Кустанайской обл. Приговерена к 8 годам итл. Освобождена 24.11.1945.
9. Аршигоева Биби-Гайча Юсуповна, род. в1907 г., г. Уральск. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 25.11.1945.
10. Асфандиярова Рабиля Сералиевна, род. в 1893 г., г. Самарканд. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 05.05.1943.
11. Ахмедова Кульжан, род. в 1914 г. г. Туркестан, Юко, Приговорена к 3 годам итл. Убыла из Карлага 04.10.1939 в Соликамбумстрой.
12. Багизбаева Сулухан, род. в 1905 г., г. Чимкент. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 25.11.1942.
13. Байбулатова Даметкен, род. в 1919 г. аул Жанаталап ВКО. Приговорена к 5 годам итл. Убыла из КАРЛАГа 04.10.1939. в Соликамбумстрой.
14. Байдавлетова Бигадыша, род. в 1891 г. Актюбинск. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 15.04.1946.
15. Байгаскина Хусния, род. в 1901 г. ауыл Джаныбек, Ленинского р-на СКО, Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 07.07.1943.
16. Баймагамбетова Шахзада Нысангалиевна, род. 1905, Буртинский р-н, Оренбургской области. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 18.11.1945.
17. Байтураева Кульхан, род. в 1917 г., г. Казалинск, ЮКО, Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 09.04.1943.
18. Баяубаева Багила, род. в 1906 г., 9-й с/совет Баянаульского р-на, Павлодарской обл. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 29.01.1943.
19. Бегежанова Зубарзата, род. в 1900 г., г. Актюбинск. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 01.12.1942.
20. Биркембаева Маржан, род.в 1901 г., г. Иргыз, Актюбинской области. Приговорена к 8 годам итл. Умерла 09.08.1944.
21. Бабаева Ханай, род. в 1914 г., г. Чимкент приговорена к 5 годам итл. Убыла 04.10.1939 г. в Соликамбумстрой.
22. Гайсина Гайнижамал, род. в 1906 г., г. Кокпектинск ВКО, Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 05.05.1943.
23. Даукенова Менталь, род. в 1910 г. ауыл №12 Карабалыкский р-н Кустанайской области. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 26.11.1945.
24. Джантасова Утеш, род. в 1908 г., ауыл №12, Казалинского р-на. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 24.11.1945.
25. Джарасова Бибихадиша, род. в 1909 г., г. Темир Актюбинской обл. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 24.11.1945.
26. Джолдаспаева Халима Кадыровна, род. в 1904 г. г. Кокчетав. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 19.02.1945.
27. Ерубаева Зейнеп, род. в 1907 г. Чийлийский р-н ЮКО. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 13.05.1943.
28. Жакупова Самига, род. в 1913 г. Уланский р-н ВКО: Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 20.05.1943.
29. Жургенова – Ермекова Дамеша Амирхановна, род. в 1905 г., г. Каркаралинск ВКО. Приговорена к 8 годам итл. Убыла 05.07.1941 г. в Печорлаг.
30. Имамбекова Айтжан Нурушкеевна, род. в 1894 г. г. Семипалатинск. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 03.05.1943.
31. Иманова Канаш, род. в 1901 г. Темирский р-н Актюбинской обл. Приговорена к 5 годам итл. Умерла 16.10.1941.
32. Кабулова Айша Курманбековна, род. в 1907 г. г. Туркестан. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 05.05.43.
33. Казбекова Магрифа Мурзагулована, род. в 1903 г. ауыл №3 Актюбинского уезда. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 02.03.1943.
34. Кальменева Баршын Жакеевна, род. в 1902 г., г. Тамыр в Казахстане. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 25.06.1943.
35. Карлыбаева Рзакия, род. в 1901 г., Аламесский р-н Кзыл-Ординской обл. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 19.03.1943.
36. Каспакбаева Кулянда, род. в 1908 г., п. Баянауыл Карагандинской обл. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 16.04.1946.
37. Қожахметова Гульбайрам, род. в 1912 г., ауыл №15 Кустанайского р-на, Кустанайской области. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 21.12.1942.
38. Кулумбетова Айша, род. в 1898 г., г. Иргиз, Актюбинской обл. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 20.04.1946.
39. Курмашева Рабига Сисеновна, род. в 1900 г., г. Новочеркасский р-н, Актюбинской области. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 24.11.1945.
40. Мажкеева Джамиля Габбасовна, род. в 1912 г., г. Урда КазССР. Приг-на к 8 годам итл. Освобождена 22.10.1945.
41. Майжалова – Куленова Уазипа Майжаловна, род. в 1911 г., Уланский р-н Семипалатинской обл., Приговорена к 8 годам итл, Освобождена 18.03.1946
42. Майлина Гульжамал, род. в 1900 г., г. Карабалык, КазССР. Приг-на к 5 годам итл. Освобождена 05.05.1943.
43. Макашева Зери Жумабаевна, род. в 1909 г., Новороссийский р-н Актюбинской области. Приговорена к 8 годам итл, Освобождена 09.12.1945.
44. Макина Инеш, род. в 1913 г., г. Туркестан, КазССР. Приг-на к 8 годам итл. Освобождена 01.03.1946.
45. Макулбекова Багила, род. в 1912 г., к-з «Караузекскиий» ВКО. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 11.05.1943.
46. Малдыбаева Сапа Нуршановна, род. в 1906 г., г. Туркестан, КазССР. Приг-на к 8 годам итл. Освобождена 22.07.1946.
47. Мамырова Фариза Агаповна, род. в 1913 г., г Семипалатинск. Приг-на к 5 годам итл. Освобождена 29.08.1942.
48. Манаева Шарифа, род. 1894 г., г. Уральск. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 05.05.1943.
49. Мендешева Разия, род. в 1887 г., г. Урда, КазССР. Приг-на к 5 годам итл. Освобождена 21.05.1943.
50. Менешева Алима Абдуллаевна, род. в 1898 г. ауыл Камете Джаныбекского района. Приг-на к 5 годам итл. Освобождена 24.04.1943.
51. Мусина Хадиша, род. в 1903 г. в г. Семипалатинске. Приг-на к 8 годам итл. Освобождена 25.03.1946.
52. Мухамеджанова Рахима, род. в 1906 г., 11-й ауыл Аксуатского р-на ВКО. Приг-на к 8 годам итл. Освобождена 19.03.1945.
53. Назарова Сахиб-Жамал, род. в 1908, ауыл №10 Акмолинского р-на Карагандинской обл. Приг-на к 8 годам итл. Освобождена 10.04.1946.
54. Назарова – Имамбаева Булюм, род., в 1906 г., г. Петропавловск. Приг-на к 3 годам итл. Умерла 1.07.1940
55. Ниязова Мабина Ибрагимовна, род. в 1895 г. Тенгизский р-н ЗКО. Приг-на к 8 годам итл. Убыла 15.07.1938 в Среднеазиатский итл.
56. Нуралина Шафига Рахимжановна, род. в 1915 г. с. Баян, Павлодарской области. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 18.03.1946.
57. Нурмакова Зуфнун Ибраевна, род. в 1904 г. в г. Семипалатинске. Приг-на к 8 годам итл. Освобождена 20.07.1945.
58. Оралбаева Жамал, род. в 1900 г. в г. Семипалатинске. Приг-на к 5 годам итл. Освобождена 10.05.1943.
59. Османова Фатима, род. в 1906 г., г. Кзыл-Орда. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 17.10.1945
60. Рустемова Магрифа Мухамеджановна, род. в 1906 г., г. Казалинск ЮКО. Приг-на к 5 годам итл. Освобождена 16.04.1943.
61. Рыскулова – Исенгулова Азиза Тубековна, родилась в 1911 г., г. Джаркент, КазССР. Приг-на к 8 годам итл. Освобождена 09.04.1946.
62. Рыскулова – Исенгулова Арифа Айтауловна, род.1887 г. (мать Азизы Тубековны, теща Турара Рыскулова). Как ЧСИР и по обвинению в контрреволюционных преступлениях в 1938 до 1945. Умерла в лагере в 1945.
63. Сагдагалиева Зоя Абдурахмановна, род. в 1914 г., д. Гайсан Мартукского района Актюбинской области. Приг-на к 5 годам итл. Освобождена 08.12.1942.
64. Садыкбекова Сулукуль, род. в 1911 г., ст. Арыс Ташкентской ж.д. Приг-на к 5 годам итл. Убыла 04.10.1939 в Соликамбумстрой.
65. Сарсембаева Фатима, род. в 1905 г., Таласский р-н ЮКО. Приг-на к 5 годам итл. Освобождена 19.03.1943.
66. Сарымулдаева Майнур, род. в 1904 г., г. Алма-Ата. Приг-на к 8 годам итл. Освобождена 13.10.1944.
67. Смагулова Марфуга Капчукуровна, род. в 1911 г., г. Кокпекти, Семипалатинской области. Приг-на к 8 годам итл. Освобождена 24.11.1945.
68. Сыргабекова Бибижамал Курмангалиевна, род. в 1905 г. в г. Петропавловск. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 27.03.1946.
69. Такежанова Сакан, род. в 1910 г. г. Акмолинск. Приг-на к 8 годам итл. Освобождена 29.12.1945.
70. Такенова Хатира, род. в 1909 г. к-з Алгабас Акбулакского р-на Оренбургской обл. Приг-на к 8 годам итл. Освобождена 24.11.1945.
71. Татимова Тактай, род. 1908 г., г. Каркаралинск ВКО. Приг-на к 5 годам итл. Освобождена 05.05.1943.
72. Таштитова Сагадат, род. в 1914 г., г. Акмолинск. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 10.04.1946.
73. Тналина Загфи, род. в 1911 г., Каншлинский сельсовет Вишневского района Карагандинской области. Приговорена к 3 годам итл. Освобождена 15.12.1942.
74. Толебаева – Джунуспаева Хадиша, род. в 1894 г., Талдыкурганский район, Алма-Атинской обл. Приговорена 8 годам. итл. Освобождена 21.02.1943.
75. Уразова Мадина Аубакировна, род. в 1908 г., 10-ауыл Мендыгаринского района Кустанайской области. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 08.05.1946.
76. Усербаева Зейлипа, род. в 1899 г., к-з Джазылбек, Каратальский р-н, Алма-Атинской области. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 06.05.1943.
77. Ходжанова Гулянджан Муайтисовна, род. в 1901 г., г. Кзыл-Орда. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 06.10.1945.
78. Хусниярова Жамал, род. в 1901 г., ауыл Жана-Су, Убаганского р-на Кустанайской области. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 27.11.1945.
79. Шаймухамбетова Назари Купинеевна, род. в 1907 г., аул (наименование не указано) Адамского р-на Оренбургской области. Приговорена к 5 годам итл. Освобождена 15.12.1942.
80. Шамгунова Алия, род. в 1906 г., г. Алма-Ата. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 09.08.1943.
81. Шанина Жанбике, род. в 1900., ауыл Кархалан, ЗКО. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 20.10.1943.
82. Юсупова Чулпана Шаяхметовна, род. в 1907 г., г. Уральск. Приговорена к 8 годам итл. Освобождена 15.04.1946.
Бір сұмдығы – осы әйелдердің бар «қылмысы» бір-ақ парақ қағаздан аспайды екен. Оларға тағылған айыптың түрі: «халық жауының әйелі», «күйеуінің халық жауы екендігін жасырған», «күйеуімен бірге ұрлық істеген», т.б. деп келеді. Осылайша адам тағдырын ойыншық қылған НКВД ғимараттарының бірі Алматыда жекеменшікке сатылып кеткенін білеміз. Қазір ол ғимарат медициналық клиникаға берілген. Бұрын мұнда азапхана да, ештеңе де болмағандай. Жергілікті билік (Алматы қаласының әкімдігі) Совет өкіметінің, Сталин дейтін тиранның қылмысын осындай еппен жоқ қылып отыр.
- Бұл - тарихқа қиянат, қазақтың тәуелсіздігі үшін өзін құрбандыққа шалған азаматтардың аруақтарын аяққа таптау, бұны қалай кешіруге болады?», – дейді Алаштанушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлы.
Иә, бұны кешіруге болмайды. Кешірілген қылмыс қайталанады. Осыны ұмытпайық.
Abai.kz