Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
46 - сөз 6906 0 пікір 29 Мамыр, 2016 сағат 13:09

НАЙЗА ОЙДЫҢ ӘЛЕГІ

1983 жылы КазГУ-дің студенттер отрядында болғанбыз. Журналистер отряды Алматы қаласында Әл-Фараби мен Гагарин көшелерінің қиылысында жұмыс істеп жаттық. Сейітхан Зеберханұлы екеумізге жолға жақын жердегі құдықты тереңдетуді тапсырған. Қазып жатырмыз. Бір уақытта Сейітхан:

- Серік, мынаны қара, - дейді. Құдықтың жақтауынан найзаның ұшы тәрізді бірдеңе шығып тұр. Жұлып алдым. Көне найзаның ұшы. Қоладан құйылған тәрізді. Мына суреттегідей. "Бұл керемет дүние болды! Бәлкім, бұл жерде қала болған шығар? Мынаны музейге тапсырайын" дедім де, найзаның ұшын қалтама салып қойдым.

"Әне тапсырамын, міне" деп жүргенде уақыт өте берді. Бір күні көне найзаның ұшы шабаданымнан жоғалып кетті. Қолды болғаны анық. Кім алғанын білмеймін. Ішімнің удай ашығаны-ай! Мәселе оның бағасында емес, құнында еді. Өте құнды жәдігер екенін жүрегім сезетін. "Қап!" деп қала бердім. Шынында да сол жерде көне қаланың орны бар шығар?

Археологиямен "ауыратын" азаматтарға айтарым, егер біреу-міреу сол жерді көрейін дейтін болса, Гагарин көшесінің бойы, Әл-Фарабиден екі жүз метрдей төмен. Жолға таяу. Төмен түсіп келе жатқанда - оң қапталда. Қазір ол маңайға үлкен үйлер түсіп кеткен. Бірақ, жолдың бойы ашық қой. Кім біледі...

Серік Жанболат

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1524
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3301
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5922