Сәрсенбі, 6 Мамыр 2026
Жаңалықтар 57 0 пікір 6 Мамыр, 2026 сағат 15:23

Алматыдағы жантүргішерлік жол апаты: министр не дейді?!

Сурет: сайт мұрағатынан алынды

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Алматыда адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасын тергеуге қатысты пікір білдірді.

- Алматыдағы апат бойынша істі тергеу аяқталуға жақын. Таяу күнде іс материалдарын алдымен зардап шеккен тарапқа, одан кейін күдікті мен оның қорғаушыларына тапсырамыз, - деді Санжар Әділов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Еске салайық, 21 наурызға қараған түні Zeekr көлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылының бойымен келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Алматыдағы жол апатынан кейін бірқатар басшы қызметінен босатылғанын мәлімдеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 1724
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1474