Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4215 0 пікір 19 Тамыз, 2010 сағат 10:14

Ислам ЖЕМЕНЕЙ, шығыстанушы ғалым. Ұлт және қоғам

Ұлттық идеологияның қажеттілігі ұлт ұғымының адамзатқа қажеттілігінен туады. Ұлт - адамзаттың  пайда болуынан бастап, тіршілік етіп келе жатқан бүгінге дейінгі тарихында өз құқығын қорғау мақсатында жасалған ең кемел қауымдастық. Әу-бастан адамдар өздерін сел, жер сілкініс сияқты табиғат апатынан, яки жабайы жыртқыштардан, сондай-ақ адам баласының жауыздық табиғатынан жеке басын қорғау үшін топтаса өмір сүру арқылы қорғану механизімін жасауға мәжбүр болды. Сондықтан біріншіден халық санының өсуі, екіншіден адам баласының дүниеқорлық пейілі қалыпты жүйемен мал-мүлкін арттыруға бағытталғанына байланысты азаматтардың құқығын қорғай алатын соңғы қорғанды ұлт қауымдастығы деп таныды. Қазіргі заманда бұл қорған да халық санының артуымен қатар отарлау саясатының күрделенуіне қатысты ұлттық қауымдастықтың деңгейінен ұлттардың одақтасуына дейін жетті. Демек адам баласының әрбір қауымдастығы тарихи даму барысында оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорған іспеттес. Сондықтан адам қай қорғанға арқа сүйеп өмір сүргісі  келетіні оның дүниетанымына және саяси санасына байланысты болады. Ал, аялдаған әрбір қорғаны оның тіршілігінің өрісі, ойының өрісі, дүниетанымының өрісі екендігі де анық. Сондықтан қай қорған болмасын оның сана мен еркіндігінің де көрсеткіші болмақ.

Ұлттық идеологияның қажеттілігі ұлт ұғымының адамзатқа қажеттілігінен туады. Ұлт - адамзаттың  пайда болуынан бастап, тіршілік етіп келе жатқан бүгінге дейінгі тарихында өз құқығын қорғау мақсатында жасалған ең кемел қауымдастық. Әу-бастан адамдар өздерін сел, жер сілкініс сияқты табиғат апатынан, яки жабайы жыртқыштардан, сондай-ақ адам баласының жауыздық табиғатынан жеке басын қорғау үшін топтаса өмір сүру арқылы қорғану механизімін жасауға мәжбүр болды. Сондықтан біріншіден халық санының өсуі, екіншіден адам баласының дүниеқорлық пейілі қалыпты жүйемен мал-мүлкін арттыруға бағытталғанына байланысты азаматтардың құқығын қорғай алатын соңғы қорғанды ұлт қауымдастығы деп таныды. Қазіргі заманда бұл қорған да халық санының артуымен қатар отарлау саясатының күрделенуіне қатысты ұлттық қауымдастықтың деңгейінен ұлттардың одақтасуына дейін жетті. Демек адам баласының әрбір қауымдастығы тарихи даму барысында оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорған іспеттес. Сондықтан адам қай қорғанға арқа сүйеп өмір сүргісі  келетіні оның дүниетанымына және саяси санасына байланысты болады. Ал, аялдаған әрбір қорғаны оның тіршілігінің өрісі, ойының өрісі, дүниетанымының өрісі екендігі де анық. Сондықтан қай қорған болмасын оның сана мен еркіндігінің де көрсеткіші болмақ.

Ұлт адамдардың қорғану қоғамы болғандықтан отарлау күштері үшін бұл қорғанға қарсы ұдайы шабуыл жасап жатқанын көреміз. Әрі қорған бола алатын ең мықты қорған ұлт бірлестігі екенін соңғы екі ғасырда африкандықтардың саяси тәжірибесі көрсетті. Өйткені: Африка тұрғындары өздерін әлемдік отарлау күштерінің аяусыз шабуылдарынан қорғанып қалуға ұлттық идея негізінде көтеріліс жасап, ұлттық мемлекеттерін құрды.

Ұлт қауымдастығының ұлттық құндылықтарының ортақ тұстары көп болған сайын ұлт бірлігінің нығая түсуіне мықты негіздер арта түседі.  Бұған мысал үндістер ақ нәсілділердің жойқын шабуылдарына неге төтеп бере алмады? - деген сұраққа жауап іздесек, үндістер түрлі себептерге байланысты рулық, тайпалық қауымдастықтан «ұлттық» бірлестікке қол жеткізе алмады.

Адамзаттың тойымсыздығына байланысты  қазіргі кезде, ұлттық бірлестіктердің мықты қорғанға айналғанын сезген отарлау күштер, ұлттан мықты қауымдастықтарға ойысып жатқанын батыс елдерінің экономикалық одағы, сондай-ақ Батыс пен Шығыс Еуропаның одақтасуы сөзімізге айғақ. Демек, жаһандану процесі екі бағытта дами береді. Бірі адам баласының рухани кемелденуіне орай, адам адамды сыйлайтын деңгейге көтеріліп, саналы түрде адамзат қомғамының жаһандану сатысына жақындай түседі. Сондай-ақ әр ұлттың ұлттық құндылықтары өзге ұлттардың да құрметіне ие бола алады. Бұл рухани бағыттағы жаһандану. Екіншісі - дүниеуи құндылықтар негізінде жаһандану процессі. Онда технологиясы дамыған елдердің өнімін тұтынатын тұтынушы қоғамын қалыптастыру көзделеді. Ондай қоғамда тұтынушының ой-санасы тек қана тіршіліктің қамымен шектеледі. Соның салдарынан адамзат өзінің рухани дүниесінен ажырап қалдаы.  Адам баласының тойымсыздық салдарынан отарлау  саясатының негізінде  жаһандану процессі бақталастық, қақтығыстық, зұлымдық пен аяусыздыққа  толы бағытта дамиды.

Рухани құндылықтардан ада қалған  азаматтар азаматтық міндетін атқарудың орнына шенқорлық пен пұлқорлыққа бой алдырады. Азаматтық тұғырынан төмендеген олар байлық пен биліктің құлына айналады. Пақыр бұқара алдында айбынын асырып талтаң басып шалқаяды. Ондай мүсәпір, рухы мүгедек жандардан елге қорған болар қандай патриот шығады. Сондай-ақ олардан адам баласына қамқор болар қандай азамат күтуге болады. Бұндай қоғамда шығысқа тән ағайындық, достық, мәрттік, ерлік сынды ізгі қасиеттер жойылып, екі жүзді, айлакерлер салтанат құрады. Екінші жағынан заңға емес  басшыға бағынатын құл бола бастаймыз. Яғни қалталылар мен бастықтарға жалтаңдап жалтақтаймыз. Қарапайым адамдарға талтаңдап қақшиямыз.

Ең өкініштісі адамзат қоғамында құлдық песихология  адами трагедияға айналып тұр. Бұл үрдіс түптің түбінде адам баласын ұлттық құндылықтардан ажыратады. Сүйтіп  ұлттық, мемлекеттік мүддеге ұмтылыс жасамай дүниеуи алдамшы құндылықтарға берілген қоғам кейпіне енеді. Нәтижесінде адамгершілікке тән қасиеттерден ажырап жеке басының қамымен өмір сүре бастаған олар қоғамды жаңа тығырыққа тірейді. Осы жағдайға байланысты кейінгі жылдары әлем зиялылар арасында рухани құндылықтар жөнінде пайымдаулар молынан жарияланып жүр.

Ұлттық мемлекеттерде, «ұлт» сол мемлекеттің әрбір азаматының құқығын қорғауға мықты «мәйек» бола алатынын ескере отырып, адамзат өмірінің тәжрибесіне сай жасаған бұл қорғанды дәл қазіргі топалаң дәуірде, қолдан күйрету әбестік болмақ. Өйткені «ұлт» ядросы әр бір елде азаматтарына тіреу. Ал бұл тіреуді құлату сол елдің әр бір азаматының қорғанын құлатқанымен бірдей. Әрбір елдердегі диаспора өздерін үлкен топтардың мәдени, саяси, экономикалық шабуылынан қорғану үшін бірігеді. Олардың да бірігу деңгейі әрқалай. Сондықтан адам баласының қоғамдық бірлестіктерінің сапасына байланысты қорғану күші арта түседі. Осы принциптерге сәйкес әр бір адам өзінің азаматтық құқын қорғауға хақы бар десек,  Қазақстан халықтар ассамблея идеясы адам баласының тарихында және әлем қауымдастықтың арасында адами тұрғыдан ең асқақ идея екенін айта аламыз. Бірақ та бұл арада қазақтың ұлттық құқы ескерусіз қалып отыр. Сол үшін де қазақ халқы өзінің басшылық міндетін атқара алмай келе жатыр. Әрине бұл жағдай негізінде елдік мүддемізге аса  тиімді емес. Өйткені қазақ халқы қазіргі таңда өз жерінде елінің мәйегі болудың орнына өгей баланың кебін киіп жүр. Әрине бұл жағдай келешекте қазақ пен өзге ұлт өкілдерінің арасындағы табиғи тепе-теңдікті бұза бастайды. Сондықтан халықтар арасындағы достық қатынастың орнына қастық қақтығысқа жол ашады. Екіншіден «өзге ұлт өкілдерінің құқығын қорғаймыз», - деп олардың да арасынан шығатын пайдакүнем кісілердің кеуде қағып, өз жайын ұмытып, анау-мынаудың азғыруымен  диаспора өкілі екенін ұмытып, өздерін ұлт-ұлысқа телиді. Сөйтіп олар азаматтық құқығының орнына өздерінің жеке ұлт ретіндегі құқықтарын талап етеді. Содан барып азаматтық қоғамға тән ережелер ұлтаралық қоғамның ережелерімен қарама-қайшы заңдылықтарға айналады. Сондықтан диаспора тобы азаматтық құқықтан артық үлес әрі артықшылықтар сұрап қоғамымыздың шырқын бұзбауына ешкім кепілдік бере алмайды. Қазақтың «бір құмалақ бір қарын майды  шірітеді» деген мақалына сай олардың шынайы бейнесі Талғар сияқты оқиғаларда көрініп қалды. Әрине жалпы қалың жұрт жамандық ойламаса да араларынан  теріс пиғылдағы кісілер оларды асқақ армандарының желісімен алдап-арбайды. Сөйтіп, игі ниетпен құрылған ұйым ынтымақтың орнына кереғарлық «мендіктің» батпағына түсіп кетеді де, ел ішін алауыздықтың ошағына айналдырады.

Қазақтар өздерін ең мықты қорған «ұлттық» қауымдастықтан махрұм етпеуге тиіс.  Өйткені  мемлекеттік және ұлттық қауіпсіздік ең алдымен ұлттық қауымдастық арқылы жүзеге асады. Ұлттық қауымдастық қорғанумен қатар өрлеуге де  негіз бола алады. Оған  мысал Түркия елінің ұлттық ұстанымын айта аламыз. Олар мемлекетінің ішінде де сыртында да ұлттық құндылықтарын дәріптеп, ұлтының ауыз бірлігін қамтамасыз етуге тырысады. Бұл бағытта әжептәуір жетістіктерге қол жеткізді. Мәселен, Түрік азаматтарының диаспорасы тұрған елдерінде табыстарын Түркияның банктарына аударады. Ұлттық асханаларын ашып өз тағамдарын пайдалана отырып, ұлттық биологиялық-психологиялық қалыпын сақтай отыра, өз азаматтарын шет жерде де жұмыспен қамтамасыз етеді. Мешіттерінде бас қосып рухани нәр алады.  Ұлт бірлігіне қажетті түрлі ұлттық құндылықтарын арттыруға еңбектенеді. Ұлт бірлігінің керектігін кеңінен насихаттайды. Сол арқылы түріктердің әр бір азаматы қарапайымы да, зиялысы да, бай мен кедейі де ұлт қауымдастығын өздерінің жеке басының да қорғаны екенін жан-тәнімен сезеді.

Қорыта айтқанда, қазақстандық ірі инвесторлардың, қазақтың ұлттық ірі инвестиция компанияларының келешекте ең бекем қорғаны Қазақтың ұлттық қауымдастығы екенін ұғынуы керек. Сол үшін де азаматтық құқығымызды қорғауда, ұлттық компаниялардың мүддесін қорғауға да ұлттық идеология керек. Ұлттық қоғам арқылы әлемдік қоғамға араласа аламыз. Ал, адам баласының қауымдастық бірлестігінің ауқымы қаншалықты кең болса оның саналық, рухани, материалдық өрісі де кеңейе береді. Сондай-ақ, қауымдастықтың бірлігі ортақ мүддемен ортақ құндылықтар арқылы келеді. Ұлттық қауымдастықтың берік іргесі ұлттар арнасындағы ортақ мүддеге құрылған одақтастыққа да негіз бола алады. Оған Еуропаның экономикалық одағы дәлел.

Қазақ жастары ұлттық құндылықтар негізінде ұлттық тәрбие алмаған жағдайда, ұлттық санасы селкеу тартып, өзге қауымдастықтарды тірек етіп, өзгелердің мүддесіне қызмет ете бастайды. Бұның өзі қауымдастықтар арасындағы тепе-теңдікті бұзады. Бізді үлкен кедергілерге алып барып соқтыртады. Демек, жеке басымыздың құқығын қорғауға ұлттық қауымдастық керек. Жаппай халықты ұлттық қауымдастыққа жетелейтін күштер саяси билік, қалталы азаматтар және зиялы қауым екенін де естен шығармайық. Сондықтан бұл мақсатқа жету үшін ұлттық идеология ауадай қажет. Ұлттық идеология ұлттық сананың оянуына, дамуына сондай-ақ жаппай халық арасында тұрақты түрде қалыптасуына негіз болады. Оның нәтижесінде қарапайым халықтың да зиялы қауымның да саяси санасы ұлттық мүддені және мемлекеттік мүддені ұға алатындай деңгейге өсіп, жетіледі. Қазақ халқының саяси оянуы яғни өз пайдасын түсінуі Қазақстанның көптеген ұлт өкілдеріне де игі әсерін тигізеді. Олар өздеріне саналы, сенімді де іргелі тірек бар екенін іштей сезе бастайды. Сөйтіп, қазақты сыйлайтын, өздері жақсы тіршілікті қанағат тұтатын топтар пайда болып қазақ халқымен жақынырақ қайнасып, бірігу жолына түседі. Ал, іштері арам пиғылды топтар қазақпен ынтымақтасудан қашқақтап, іргесін аулақ ұстайды немесе екі жүзділік танытып арам ойын ішке бүгеді.  Қазіргі кезде ұлттық идеологияның әлсіздігінен көптеген түрік тектес халықтарымен қатар басқа да диаспора  өкілдері де балаларын орыс тілді мектептерге беріп жатыр. Тіпті, әлеуметтік жағдайы төмен саяси өмірден бейхабар күйде өмір кешіп жүрген қазақтың ата-аналары да балаларын үлкен шенеуніктердің істеріне қарап орыс тілді мектептерге беріп, ұлтымызды қор қып келе жатыр. Сондықтан қазаққа, өзге ұлт өкілдеріне де мемлекеттің баянды болу жолындағы саясатына да ұлттық идеология керекті ұйытқы екенін көзі ашық өзге де ұлт өкілдері толық сезініп отыр. Мәселе мемлекет деңгейдегі басшылардың саяси санасының  өрісіне келіп тіреліп тұр. Шенеуніктердің саяси, экономикалық, қоғамдық, мәдени тұрғыдағы дұрыс шешімдері, елімізді дау-дамайға  соқтырмай-ақ үлкен жетістіктерге жетелеп мемлекеттік, ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз ете алар еді.

Қазақстанда ұлттық идея керектігіне орай үндістер тарихын тарихи сабақ ретінде қарауға болады.

Үндістер ақ нәсілділердің отарлау саясатының аяусыз құрбандары болғанын 1492 жылы Солтүстік Америкада үндістердің саны бір миллион адам болса, 1890 жылында небәрі үш жүз мыңға төмендеп кеткенінен байқауға болады. Бұл трагедияның орын алуына ақнәсілділердің жауыздығы себеп болды. Американдық ғалым Ди Браун «Американың қызыл терілері» немесе «Жүрегімді жерлеші» атты еңбегінде ақ нәсілділер 1861-1890 жылдар аралығында, яғни, бар-жоғы отыз жыл шамасында үндістерді тірідей өлікке айналдырғанын жазды.

Табиғатқа ғашық, қарапайым өмірге бейім үндістер табиғатпен, жан-жануарлармен бірге салтанат құрып өмір сүретін. Оған дәлел  біріншіден - Христофор Колумбтың алғашқы сапарында үндістер Отанында бұғылардың саны жетпіс бес миллион шамасында болған болса, 1890 жылы жер асты мен жер үстінің байлығына құмартқан пайдакүнем еуропалықтардың  қырып-жоюының кесірінен, бұлардың саны бірнеше жүзден аспаған, екіншіден - үндістердің қызыл бұлт, жуан жылан, арық аю, қара бұғы, қара қазан сияқты есімдеріне қарап табиғат олардың өмір шындығымен етене жақын болғандықтарын айта аламыз.

Ди Браун үндіс халқының трагедиясын былай қорытындылайды: үндістердің атақты басшылары кейінгі отыз жылда тарих арнасында аңызға айналғандары тағдырдың ісі еді. Яғни 1861 жылдан бастап 1890 жылға дейін созылған «Геноцид» саясаты үндістердің ақпейіл мінезі мен асқан жауынгерлік рухын қорғаштаған қаһарман перзенттерінің есімдерін оларды қанға бояған ақ нәсілді «Американдық қаһармандармен!» қатар тарих жадында қалуды нәсіп етті. Әрине бұл тарихтың парадокс көрінісі еді.

Бұл трагедия 1890 жылғы желтоқсан айында жаппай қырудың соңғы қанды қырғынымен аяқталды. «Воундед ни Грек»  қамалында болған қырғын үндіс халқының жойылу тарихының соңғы нүктесі еді. Міне сол қамалда панасыз қалған жас пен қария жандарды өлім орағымен орған ақ нәсілділер «Геноцид» саясатының жеңісіне де жеткен күн еді. Өйткені, 1890 жылдың сол күнінен бастап қазірге дейін үндістер «Қаһармансыздық кезеңін» бастан өткізіп жатыр. Халықтың соңғы қаһарманы өлген соң «Қаһармансыздық кезеңі» басталады. Ал, бұл үндіс халқының тірі деген аты бар өлік болған соң өлім кезеңінің басталғаны деген сөз. Ұлт үшін, халық үшін саяси сахнада, экономикалық салада, рухани айдынында жан салып елінің мүддесі үшін күресетін соңғы «Қаһарманы» өлген соң ол ұлттың ұлт ретінде өмір сүруі мүмкін еместігін үндістер тарихынан көреміз. Еліне қорған болған «Қаһармандар» көп болса, елдің баянды өмір сүруіне соншалықты үміт арта түседі. Керісінше «Қаһармандар» азая түскен сайын бір елдің ел болып қалуы екіталай екенін үндістердің тарихи тәжірибесінен байқаймыз.

Демек, халықтың «Қаһармансыздық» кезеңінің басталуы ұлттық тұрғыдан тірілер өлі кебінін киіп ұлттық болмысының жерлеу сәтін күтіп тұрған кезең болып есептеледі. Ди Браунның еңбегіне қарап, үндістердің халық ретінде жойылып кетуіне ақ нәсілділердің құнарлы жерлерін иелену мақсатында жүргізген «Геноцид» саясатына үндістердің де аңғаулық, діни ұстанымдарының әлсіздігімен қоса толық ұлттық деңгейге көтеріле алмай қалғандығы да себеп  болғанын көре аламыз.

1492 жылғы Христофор Колумбтың сапары Америка құрлығына бір халықтың жойылуына себеп болып, өркениетті еуропалықтардың қаншалықты жауыз екендігінен де хабар берді. «Мен ол кезде ұлттық болмысымыздың аянышты тағдыры соңғы сызығына жеткендігін ұға алмаппын. Енді кәрілік шыңының биігінен, өткен күндерге көз салғанымда ирек-ирек шатқалдардың табанында жаппай өлтірілген әйелдер мен балалардың тұла бойы тізіліп жатқан мәйіттерінің ап-айқын көріністерін көремін. Мен бұл сахналарды тура сол жастық шағымда көргендей көз алдыма елестете аламын. Байқасам сол өліктердің қанды моншасында қардың астында бір ұлттың толықтай арман-мұраты көмілген... Шіркін ұлт арманы қаншалықты  сұлу қиял еді... Ұлттың бірлігі күйреген, түгелдей дерлік күл болып ұшып кеткен, енді үндістерді біріктіретін мәйек жоқ. Ұлттың киелі ағашы қурап қалған» дейді «Воундед ни Грек» лагерінде 1890 жылы тұтқында болған үндістердің соңғы ақсақалы Қара бұғы.

Ди Браунның «Американың қызыл терілері» атты еңбегін француз тіліне аударған Ию Бреженің жазбаларында полковник Иванстың: «Мен  Колорадо тұрғындарына сізге қарсылық көрсеткен әр бір үндісті өлтіруге рұқсат беремін» дегені немесе полковник Чи-Вингтоның: «жол бойында кездескен әр бір үндісті өлтірсін» деп берген бұйрығы дүниеқор еуропалықтардың жауыздығына куәлік бере алатын айғақтар болып табылады.

Үндістердің тарихи жолының қортындысына  қарағанда: - үндістер рулық, тайпалық деңгейден ұлттық деңгейге көтеріле алмады. Әрине бұл мәселенің де өзіндік себебтері бар. Ол бөлек әңгіме. Осы тұрғыдан алғанда қазақ халқы ау бастан батырлары мен билерінің ерен еңбегінің арқасында өзінің табиғи дарыны, тарихи-саяси, қоғамдық ахуалына байланысты ұлттық сананы халықтық шеңберінде қазақтың бойына сіңіре білді. Сондықтан да тарихи жолында еш бір отарлау саясатының зобалаңы қазақтың ұлттық санасын жоя алмады. Тек қана кеңес одағының зұлымдық, жауыздық саясатының кесірінен терең тарихи тамырынан сусындап өскен ағашы қатты зақымданды. Бірақ, ұлттық талы бір жолата солып кеткен жоқ.

Қазақ халқының ұлттық идеясының мықтылығының арқасында Қазақ хандығы Алаш қайраткерлерімен жалғасып кеңес зобалаңын бастан өткізе отырып, тәуелсіз ел болу бақытына да

Тарихтан мәлім қазақ бауырмал халық. Соның арқасында  Герольд Бельгер, Асылы Османова , Надежда Лушникова сынды мейірімді, санасы биік, мөлдір жандарды өз перзенттеріне айналдырды.  Олар да өз биігінде қазақтың ұлттық идеясы мен мәдениетіне, әдебиетіне елеулі қызмет жасап келе жатыр. Осындай биік-биік белестерімізді дұрыс жолға қоя білсек әлемде рухани өрістің ең биік шыңында тұра аламыз.  Көптеген елдерде өзге ұлт өкілдерін ассаммилияцияға ұшыратып ұлттық қауымдастықтарына қосып отырады. Ал, қазақ халқы өз бауырмалдығымен өзге ұлт өкілдерін нағыз адами қасиетінің арқасында, өз жанының бір бөлігіне айналдырып  елді қорғауға, елге қамқор болуға, оның өркендеуіне құлшына, шынайы ықыласпен үлес қосуға ынталандырады. Мұндай жетістіктер адам құқығын қорғау принциптері негізінде қазақ халқының рухани жетістігінің жемісі ретінде, ұлттық идеяға елеулі қызмет етіп келе жатыр. Себебі, санасы биік әр бір ұлт өкілі қазақ халқының қарапайымдылығына, мейіріне тәнті болып, оны риясыз сүйе бастайды.  Бұл үрдіс «Мая» сынды жаны сұлу қыздарымызбен, Игорь Сахар сынды көкірегі ояу абзал жанды ұлдарымыз бен өз жалғасын тауып келе жатыр. Демек Қазақстан адам баласының рухани жұлдызы жанған елге айналу мүмкіндігіне ие өлке. Қазақтар нәзік жүректерімен жайнаған жұлдыздардың нұрлы шапағатына адамзатты бөлей алатын потанциялы бар халық.  Оған  Маялар мен Игорлар   адамдық киені құрмет тұтқан қазақтың адами мөлдір бұлағынан сусындаған Бельгер, Надежда, Асылы аға-апайларымен жалғасып келе жатқан ұрпағы ретінде куәлік береді.  Олар өздерінің адами биігінде саналы өрісінде, қазақы құндылықты өз еркімен қабылдап қазақ жанының серігі, ажырамас бір бөлшегі бола береді.  Біз  аталған жандарды  қазақтың ой-өрісінің, дүниетанымының және рухани, адами қасиетінің жемісі деп білеміз. Алайда соңғы кезде біз сол тұнықты лайлауға тырысып келе жатырмыз. Мәселен «Екі жұлдыз» дода хабарында қазақша білмейтін орыс тілді қазақ пен орыс тілділердің шашбауын көтеріп жүрген шала-пұла орысшасы бар қазақ тілді әншілер арасында ешқандай теңдік пен үйлесім жоқ. Онда бар­­­­­­­­­­­­­­­ - жоғы қазақтың дүбәре екендігінің көріністеріне куә боламыз. Сонымен қатар қазақ көрерменнің бойына дүбәрелікті сіңіруге телевидиялық «Тоғысқан тағдырлар», «Ағайындар» сынды «көркем» туындылар ұлттық рухтың улануына қызмет етіп келеді. Олардың біріншіден қарапайым, момын қазақтарды ана тіліне немқұрайлы болып қалыптасуына көмектеседі. Екіншіден әр бір қазақ дүбәрелікті табиғи құбылыс деп қабылдай отыра бойына сіңіре береді. Үшіншіден жанама түрде орыс тілінің үстемдігін мойындай береді. Өйткені  онда байқағаныңыздай орыс тілділер қазақ тілінде сөйлеуге міндетті емес.  Менсінбейтіні де ашық көрініп тұр.  Керісінше қазақ тілді әншілер әдеттегі жалбақтау мінезімен орыс тілдінің алдында ыржаңдаумен әуре. «Екі жұлдыз» тәрізді жобаларға қарап бізге ұлттық мінез жетпей тұрғанын аңқарамыз.

­­­­­­­­­Жалпы алғанда ұлттық даму жолындағы кедергілер   әлемнің барлық мемлекеттерінде өзіне тән сипатпен көрініс тауып жатады. Осы тұрғыдан алғанда біздің елдегі қайшылықтар мен кемшіліктер мемлекеттің өрістеуіне, кедергі болар жайттардың ең негізгілерін атап айтар болсақ: біріншіден - орыс тілді қазақтардың қазақ тілінде шығатын қазақ басылымдардың материалдарымен таныса алмайтындықтан өзінің туған халқының жан дүниесін тиісінше сезіне алмайды. Сол себепті өз ұлтының рухани әлемінен оқшауланып, бөтен бір елде өмір сүріп жүргендей ұлт құндылықтарына, қазақ қайраткерлеріне, диаспорасына, ұлттық қауымдастық мәселелерге ешқандай мейір-шапағат танытпай, қызметке қол жеткізу және табыс табу сияқты армандар төңірегіне тәуіп етіп өмір кешуде. Екіншіден - пара беруші мен парақорлар заңды ойын құралы. Олар  адамдарды  ойыншық деп санайды. Пара беруші ықпалды бастықпен байланыс орнықтырып керекті шенеуніктермен судьялар, прокурорларды өз қызметіне жұмсайды.  Пара алған шенеунік, пара берушінің құлына айналады.  Олардың танымынша адамдар өздерінің азаматтық құқығын қорғай алмайтын рухани мүгедектер болып есептеледі. Әрине заң жұмыс істемеген жағдайда бұл дәстүр жалғаса береді. Үшіншіден - қазақ тілінде оқу бітіріп жатқан оқушылар мен білімгерлерге өнеркәсіп саласында, сауда-саттық, ірі бизнес пен билік орындарында жұмыс табылмайды. Бұл қайшылық қазақ балаларының еңсесін төмендетіп, мерейін түсіреді. Сондықтан жастарды отаншыл,  мемлекетшіл рухта тәрбие беру ісі жалған ұран сияқты болады. Өйткені мемлекеттің баянды болу жолында жан салып қызмет жасайтын шенуніктер мемлекеттің келешек тағдырына немқұрайлы қарайды. Шенеуніктердің бір бөлігі  парақор болмаса да бастыққа  жалтақтап ұлттық мүддеге көз жұмады.

Ал, қазіргі кезде әр қазақ ұлт мүддесін ең бірінші орынға қойып әр бір ісін, сөзін ұлт болмысының тіл, діл, дін тіректерін нығая түсуіне атсалысып  үлес қосуға  тиіс. Ұлттың бір тіл, дін, ділдігі халқының бір тұтас ұлттық психологиясын қалыптастыруға негіз болады. Сол арқылы әрбір азаматтың мемлекетін сүюге, әрі мемлекеттің баянды болу жолында күресуге жол ашады.

Жамандықтан сақтандыратын иман. Ал, иман бір Аллаға сену. Аллаға сенген жан Алланың жаратқан пендесін сүйеді. Ал,  отарлаушы күште ұлт та, иман да жоқ. Олардың сенімі билік пен байлықта шектеледі. Сондықтан барлық ізгілікті адамдар қара күштерге қарсы бір ұлт атауының төңірігіне топтасуға мәжбүр болады. Мәселен Қазақстанның жер асты, жер үсті байлығын оның азаматтарының игілігіне отаршыл күштерден  қазақ ұлттық қорған шеңберінде сақтап қалуға,  мемлекеттік  мүддесін қорғап қалуға мәжбүр. Әйтпесе отарлаушы күштер түрлі бағыттағы секталар мен түрлі ағымдардың ықпалымен ел ынтымағын  бұзып, алауыздықты күшейте берсе ұлт келешегінің тамырына балта шабады.  Бұндай жағдайда бір ұлттың жетекші ұлт болу міндеті аса ауыр жүкке айналады. Мемлекеттің жетекші ұлты ретінде оның  міндетін атқару үшін ең біріншісі жетекші ұлт бір-бірін ерекше сүюге, сыйлауға тиіс. Бір‑бірінің абыройын асқақтатуы тиіс. Өзін сыйлаған әлбетте өзгені де өзіндей сүйе біледі. Оған қоғамда  жақсы мен жаманды ажырата білетін өлшем қажет.  Жақсылық пен жамандықтың ара-жігі айқындалар болса, қоғамдық қарым-қатынаста өлшем байлық пен билік болудан қалады. Адами және ұлттық құндылықтарын силайтын дамыған елдерде ірі байлар (картел, трасттар) өздерінің тыныш жұмыс істеу барысын қамтамасыз ету үшін өз халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын ойланып барынша жағдайын жасауға ірі-ірі жобаларды іске асырады.  Байлары елдің мәдени, әлеуметтік салаларына материалдық қолдау көрсетеді. Ал, адами әрі ұлттық киені сыйламайтын артта қалған немесе даму жолындағы елдердің билеушілері мен буржуазиясы өз халқының әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалына жүйелі түрде көңіл бөлмейді. Заң бола тұра заңға сәйкес жұмыс істеуге тырыспайды. Тіпті өз халқының ұлттық болмысын менсінбеуге дейін барады. Сол себептен дамыған елдерде үкіметке қарсы әлеуметтік жағдайға байланысты наразы екендіктерін бейбіт шерумен көрсетеді. Ал, биліктен безген елдерде халықтың наразылық қарсылықтары билікті құлатып тынғанша тыным таппайды. Өйткені олардың жан дүниесі  әділетсіздіктен әбден қаралып кек басып кеткендігін бейнелейді. Құрдымға кеткен кеңестік билік соған айғақ. Сол советтік жүйенің Қазақстанды ұлтсыз елге айналдыру мақсатында жүргізген саясатының кесірінен қазақтың ұлттық санасы табиғи өсуінен қалыс қалды. Содан барып елдегі саяси биліктегілердің патриоттық өрісі тарылды. Не мүлдем жойылды. Сондықтан келешек жас маман саясаткерлерді толықтай ұлттық құндылықтарына қанықтырмай оларға билік тізгінін ұстатуға болмайды. Жастар ең әуелі қазақтың тілін, дінін сыйлауға тиіс. Қазақ жастары  Қазақстан азаматтары үшін өркендеу мәйегі екендігін әбден сезіп, әрі оған сеніп, соған орай мемлекеттің мүддесін қорғау мақсатында саясаттың күрделі кеңістігіне қадам басулары ләзім.  Қысқасы дүние байлығына көз алартқан адамдар ұдайы сұм істерін жалғастыра береді. Отарлау саясатына қарулы майдан мен мылтықсыз майданда  төтеп бере алу үшін техникалық һәм мәдени даму қарқынын нақты ұлттық, мемлекеттік бағытта жүргізу керек.

Ал тарихи-саяси тәжірибелерге сүйене отырып, билік пен халық арасына шынайы татулық орната алатын негіздер ұлттық тіл, дін, діл. Сондай-ақ, азаматтардың әлеуметтік жағдайының өркендеуі, қоғамда әділетті қарым-қатынастың орнығуы һәм шенеуніктердің іскерлік, парасат пен әділдігі болып табылады. Сонымен қатар халық пен ауқаттылар арасындағы достық пен татулықты буржуазияның ұлтын сүюы, мейірі, жомарттық пен адамгершілігі қамтамасыз ете алады.

Бүгінгі қазақ игілік пен кемістіктің ортасында кіріптар халде өмір сүруде. «Сенен әрекет Алладан берекет»  деген сөз бар. Сондай-ақ, дініміз исламда «әр істің нәтижесі адамның ниетіне байланысты» екенін айтады. Соған орай еңбек етуді және таза ниетті болуды ұмытпасақ Алла жар болып, игілігімізге игі негіздер қалайтынына сенейік. Бұл ойымызға Кеңес Одағының күйреуі одан әрі аталарымыз армандаған армандарға беттеп, еліміздің тәуелсіздігіне қол жеткізгеніміз айғақ. Ниет дұрыс болып, адал еңбек етсек Алла тағала қалауымызға жеткізеді. Тағысы «игіліктің ерте кеші жоқ» дегендей таза пейіліміздің, адал санамыздың игілігін бүгінгі ұрпақ қордаланған кесапаттың кесірінен көре алмаса, сөз жоқ ертеңгі ұрпағымыз көре алады. Өйткені игіліктің дәні кесапаттар  басып тастаған төбешіктердің астынан бой көтеріп бұршақ атуына уақыт керек. Сол уақытқа бүгінгі біздер сабыр мен үздіксіз саналы да жүйелі түрде қызмет жасай беруіміз қажет. Ұлы тұлғалар мен жаны жайсаң жандарға Алла қуат берсін, ынтымақтары артсын деп тілейміз.

 

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349