Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 6187 0 пікір 24 Тамыз, 2016 сағат 09:35

ТАҢБАЛЫ БАСТЫ АДАМ ТУРАЛЫ ХИКАЯТ

Ой еркіндігі, сөз бостандығы деген ұғымның қымбат екенін екінің бірі білеміз де, қайсыбіріміз, өкінішке қарай, кейде оны арзандата саламыз, яғни «өтірікті шындай, ақсақты тыңдай етіп» айтамыз да жазамыз. Білмейтініміз, көрмегеніміз  жайына қалады. Соңғы кезде, мысалы, күні кеше, 1986-жылдың желтоқсанында, Алматының  алаңында қазақ жастарының қанын төккен, Алматы-Тбилиси-Фергана-Баку-Душанбе-Ереван-Вильнюсте және Карабах пен Приднестровьеде шұбалған қанды ізі жатқан таңбалыбас Михаил Горбачевті (орыс халқының аңыз тілімен айтқанда: «Михаил меченыйды») тірідей жоқтап, «тарихи тұлға», «көсем» деп дәріптеудеміз. «Бізге тәуелсіздікті Михаил Сергеевич Горбачев әперді!» деп алақайлап қоятынымыз да бар. 

Оқып отырсаң, пай-пой, «қылышынан қан тамып тұрған Кеңес империясын күйреткен», қырып-жоятын қаруларды шектеуді іске асырған, Берлин дуалын құлатқан... қысқасы, адамзатқа жасамаған жақсылығы жоқ екен оның! Айтпақшы, кейбір жазғыштарымыз: «Қылышынан қан тамған Кеңес Одағы кезінде» деген сөзтіркесті тықпалап, сол кезеңде қазақ халқының құрып бітуіне куә болғандай сөйлейді. Ондайлардың көбі сол Одақ кезінде өсіп-жетілген, өзіне лайық таққа отырған, ат-атақ алған, шен таққан шенеуніктер екені, соларға еліктеуші-солықтаушы сары езу жастар екені өкінішті. Ол шенеуніктер: балабақшада тегін тәрбиеленді, мектепте, жоғары оқу орнында тегін оқыды, мамандығы бойынша жұмысқа кідіріссіз орналасты,  барған бетте жұмысшылар жатақханасында тегін тұрып, көп кешікпей тегін пәтер алды. Қашан, қандай болсын дәрігерлік жәрдемге 1 тиын да төлеген емес. «Жұмыссыздық» деген суық сөзді  ешқашан естіген жоқ. Шындық па? Шындық! Сол игіліктің бәрі бүгінде керісінше болып кетіп, миллиондардың қабырғасын қайыстырып тұрғаны бекер ме? Бекер емес! Ендеше, тарихтың ақиқат беттерін жұлмалап тұлан тұту жөн бе? Жоқ!  

Осыны есте ұстай отырып, Горбачевтың  «тұлғасы» туралы бірер пікір айтайын (бізде «тұлға» дегенді оңды-солды қолдану  да бар, ол дұрыс емес, қазақ халық құрметтеген адамды ғана «Тұлға» деген). 

Бірінші сөз. Кеңес өкіметін Горбачев құлатқан жоқ, құлатуды көздеген АҚШ-тың торына түсіп қалды да, шыға алмады. Оқылық: 

«Горбачев 1993-жылы мамыр айында жеке сапармен Францияда болғанында КСРО-ны ыдыратуға «сыртқы көмектің» әсері жайындағы  сұраққа  жауап  беріп  бақты... «Фигаро» тілшілерінің мәлімдеуінше, Горбачев  сол сұхбатында Рейкьявикте Рейганмен кездескен жолы КСРО-ның тағдырына АҚШтың шеңгел салғанын мойындады. Онысына мына бір сөзі дәлел: «Рейкьявикте шынында драма, үлкен драма болды...  Жоғары  деңгейдегі  ол  кездесуде, білесіздер ме, біз тым алысқа  кетіп қалдық та,  қайтуға шамамыз жетпеді» (А. Шутов, «Ресей тарихтың диірменінде»). 

Совет барлаушылары 80-жылдардың басында «Гарвард жобасына» қатысты материалдарды қолға түсірген. Оның КСРО мен Ресейге арналған алғашқы үш томы «Қайта құру», «Реформалар», «Реформалардың аяқталуы» деп аталған да, онда: КСРО мен СОКП-ны, Ресейді, Варшава шартын, бүкіл социалистік жүйені ыдырату және бұл жүйенің негізін - тегін білім алу мен тегін дәрігерлік жәрдемді жою жоспарланған. Ол мақсаттың орындалуына, АҚШ Орталық барлау басқармасының мәлімдеуінше, жиыны 13 триллион доллар жұмсалған...  

Президент Р. Рейган болса, ол 1980-жылы-ақ: «АҚШ-тың бас мақсаты – социализмді  қоғамдық-саяси  жүйе  ретінде жою!» деген-ді. Оның бұл пиғылмен қаншалықты қарекет жасағаны Джек Ф. Мэтлоктың (кішісінің) «Рейган мен Горбачев» деген кітабында  баяндалған. 

Рейганның ізбасары Д. Буш оның ісін ілгерілетті. Белгілі тарихшы-жазушы Селен Смирнов  «Әшкере аңыздың шындығында»  былай депті:  

«...КСРО президентінің (Горбачевтың, - Ғ. Қ.) бұрынғы  көмекшісі А. Черняевтің айтуынша, 1989-жылы желтоқсанның 2 - 3-і күндері Мальтада, «Максим Горький» кемесіндегі кездесуде Д. Буш Горбачевтан мыналарды талап еткен: бірінші – КСРО қоғамын АҚШ-тың жоспарына сай өзгерту; екінші – алысқа ұшатын қару жүйесін жою; үшінші – басқа елдердің жеріндегі совет әскерлерін алып кету».   

Қара құрыққа қармалған Горбачев түзде ашық сөйлеуге мәжбүр болса да, үйде түлкібұлаң жасады. Мәселен, «Әлбетте, біз Совет өкіметі жүйесін өзгертуді қаламаймыз, оның негізгі ұстанымдарынан айнымаймыз. Алайда, социализмді  нығайтатын және оны   саяси кемелдендіретін, тегеуірінді  ететін  жаңалық жасау қажет» деді («Перестройка и новое мышление для нашей страны  и  для всего мира» кітабында). 

Совет Одағын ыдырату болатыны туралы ешкімге ләм демеді, қайта, АҚШ-ты алдарқата жүріп, жеке билігінің қызығын көре ұзақ отыруды көкседі. Одақ құрамынан шығуға шұғыл әрекет ете бастаған Балтық бойы республикаларын тұқыртып ұстауды ойлап, 1991-жылы тамыз айында (25 жылдығы аталып өтуде) әйгілі ГКЧП-ны (Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияны) ұйымдастырды. Оқылық (түпнұсқадан үзінді): 

«ГКЧП был организован самим Горбачевым. Это было сделано  гораздо раньше  августа 1991-го, и решение было принято в Ореховой комнате – это комната за стеной Политбюро, я на этой встрече был. Так вот состав комиссии, которая должна была подготовить введение чрезвычайного положения, был определен на совещании у Горбачева. Оно состоялось 28 марта 1991 года и есть человек, который очень точно  рассказал о нем  как оно  проходило,  кто  вошел  в  этот комитет. Это – первый секретарь МГК  КПСС Юрий Андреевич Прокофьев. Тогда в ГКЧП под руководством Янаева были включены все, которые позже, в августе, в него вошли. Им, членам комиссии, было предложено подготовить закон о порядке введения чрезвычайного положения, а группе генералов КГБ – и они  сделали это – написать  обращение  к  народу  в связи с введением ГКЧП. Было  даже  поручение  изготовить  печать ГКЧП.    

...Я был  на  том заседании, но, разумеется, не  мог и  не должен был входить в его  состав  как  руководитель  парламента. ГКЧП заседал  трижды, и когда был подготовлен  проект федеративного договора и обращение к населению, несколько человек поехали в Форос, чтобы  сказать Горбачеву, что Ново-огаревские соглашения принимать нельзя. Во-первых, это конфедеративный договор, а, во-вторых, надо дождаться сентября, когда будет съезд, и, надо договориться, как  принимать договор. Ведь все-таки  есть Верховный Совет. Горбачев выслушал их, пожимал руки и сказал: «Действуйте, черт с вами!». Это зафиксирован судом.  Никакой блокады к этому времени Горбачева не было: вы только представьте, приехали пять человек, а у него около 100 человек охраны.   Суд потом подтвердил, что  все  средства  связи  работали, самолет стоял  и  все  прочее. Вот и вся история ГКЧП длиной 72 часа; в город вошла одна  дивизия – это ничто  для Москвы. Никакой  попытки  штурма Белого  дома  не  было,  дивизия   просто  прошла  по  улице. Все  предприятия столицы  в  этот день работали,  а  в  городе  была одна-единственная  демонстрация – это были брокеры  новых банков, которые несли 100-метровое знамя России. Гибель трех парней – там никто не  стрелял – это дорожно-транспортное происшествие,  что было  установлено судом. 

 Возвратившись  в  Москву, Горбачев  мог  бы  все  остановить, но  он  не  поехал. 

ГКЧП: путч, заговор  или  переворот?  

Если это заговор, то где вы видели, чтобы заговорщики ехали к тому, против  кого  они  сговариваются?  

Если это был путч, то это означало бы ломку всей системы  государственной. А все было сохранено: и  Верховный Совет СССР, и правительсто, и  все  остальное. 

Переворот? Где вы видели переворот в защиту того строя, который существует?»(КСРО Жоғарғы Кеңесінің сол кездегі төрағасы  А. Лукьяновтың  өзінің 80 жылдығында  «Независимая газетаның» саясат жөніндегі редакторы Роза Цветковамен сұхбатынан. 2010 ж. «Тарихтың тар бұрылысында»). 

Мына бір үзіндіге де көз жүгіртелік: 

«...Как верно в свое время заметил депутат Тельман Гдлян, Горбачев верно рассчитывал: при победе ГКЧП президент возвращается в Кремль на «красном коне» и использует плоды победы, а если ГКЧП терпит поражение, то, покончив с «путчистами», президент опять же въезжает в Кремль, только теперь на «белом коне», поддержанный Ельциным и «революционными демократами». Однако «белый конь» и поддержка либералов оказались иллюзией»( бұл – Лукьяновтың өзімен ГКЧП жайында әңгімелескен журналшы Алексей Сечновтың: «Горбачевтың ол қитұрқысын Сіз не деп түсіндірер едіңіз?» деген сұрағына  жауабы). 

Горбачевпен қырықпышақ Б. Ельцин ГКЧП-ны пайдалана қойды да, Ресейдің жоғын жоқтап, Белоруссияның Беловеж қорығында славяндық үшеудің тобы бас қосып, Совет Одағын ыдырату туралы шешім шығарды және ең «қызығы»: ол оқиғаны Ельцин телефонмен Бушқа дереу хабарлап, сүйінші сұрады. Сонда деймін-ау, Горбачев пен Ельцин АҚШ-пен екіжақтап астыртын саудаласқан болды ғой?! Жалпы Горбачев Басхатшы болған 5 жылында Рейганмен 11 рет, Бушпен 6 рет ресми-бейресми кездесіпті. Ал Англияның премьер-министрі Маргарет Тэтчермен 1984-жылы Лондонның іргесіндегі Чекер демалыс үйінде кездескені, не дескені – өз алдына бір хикаят. Ол М. Тэтчердің «Біз Совет Одағын қалай құрттық» деген кітабына арқау болған. 

Отанын саудалап, қырсыққанда бастан да, жамбастан да құр қалып, жілік ұстап тотиған Горбачев көзін ойнатып, қулыққа басты: «Совет өкіметін құлату менің бала күннен бергі арманым еді, ақырында орындалды!» деп шыға берді. СОКП Орталық комитетінің Бас хатшысы, КСРО Қарулы күштерінің Басқолбасшысы Горбачевпен: «Сен емес, мен құлаттым!» деп таласуды керек етпеген Ельцин кейініректе қапысын тауып, оны Кремльдің ауласынан аластады. «Басы бос, байы – құдай» таңбалыбас жер-көкті шиырлауға кірісіп, «Кеңес империясын күйреткенін» жырлай бастады. Түркияның Америка институтында былай деп сайрады (Стамбул, 1999 ж.):  

«Менің өмір бойғы мақсатым адамды аяушылығы жоқ коммунизмді құрту болды. Бұлай істеу керектігін менен бұрын түсіне білген әйелім мені толық  қолдады. Мен  мақсатыма жету жолымда  елге  және  партияға қызмет етудегі барлық мүмкіндігімді пайдаландым. Бұл жолда менің біртіндеп көтеріле беруіме, билікке  жетуіме әйелім үнемі  көместесіп  жүрді... 

Ельцин  КСРО-ны құлатқанда мен Кремльді тастап шықтым. Кейбір журналшылар мені билігін жоқтап, өкініп жылайды дегенді айтты. Ал мен жылаған жоқпын, себебі Еуропадағы коммунизмді жойдым. Енді Азиядағы коммунизмді  жою керек...  

Коммунизмсіз  өмір көрікті болады. 2000-жылдан кейін бейбітшілік пен жаппай гүлдену дәуірі басталады. Алайда біздің бейбітшілікке, жасампаз ізгілікке жетуімізге кедергі жасайтын бір күш бар. Мен Қытайды меңзеп тұрмын. Егер Қытайдың  коммунизм  құру  ойы  күйресе, әлемнің  келісім мен әділеттілікке жетуі оңайланар еді...» (М. Бурлаков, «Билікке жол»). 

Оның көбік сөзіндегі «билігін жоқтап жыламағанын» ескерсек, өтірігі сопаң етеді: ол Ресей президентінің екінші сайлауына өзін өзі ұсынып, сайлаушылар дауысының 1 пайызы ғана бұйырып, кешегі СОКП-ның  Бас хатшысы, КСРО-ның 1-нші де соңғы президенті  дүние жүзі алдында масқара болды! Иә, оның «жыламағанына» әйгілі саясатшы-сарапшы В. Познермен  сұхбатында: «Мен Форосқа кеткеніме өкінемін. Онда бармасам, Совет Одағын сақтап қалар едім» дегені де – бір дәлел. 2000-жылдан кейін не болатынын «болжап» сандалғаны ше? Ал әйелі Раиса Максимовнаға табынғаны туралы қыжыртпа (анекдот) былайша:  

-Қысқарған «КПСС», «МИР» сөздерінің толық мәтіні қалай? 

-Кто Правит Советским Союзом - Мишка и Райка!  

Екінші сөз. Горбачевқа Нобель силығы не үшін берілді? «Қайта құру және жариялылық» саясатымен  «ғаламдағы тепе-теңдікті өзгерткені»  үшін бе? Кәне, ол қай өзгеріс? Жер бетінің соғыс алаңына айналып, жүздеген мың адамның қырғынға ұшырап, ондаған мың адамның босқындыққа тап болуы ма? «Өзгерісшіл», «реформашыл» Горбачевтан ұмытылмасқа қалған қандай жақсылық бар? Егер ол ең болмаса орыс халқына айта қалсын жақсылық жасай алған болса, анау сайлауда алақұйын Жириновский ғұрлы дауыс алар еді ғой? Оны алай-былай сипалап мақтаушыларға сол бір дерек қана - толық жауап. Белгілі жазушы Юрий Бондарев: «Горбачевтың «қайта құруы» - барып қонуға тиіс жерінде әуежайдың бар-жоғын білместен ұшырылған самолет» деді. Түсінікті! 

Билік басында отырғанда Горбачевқа алғаш бұйырған ұпай – Берлин дуалының құлатылғаны. Берлин мен Бонн басшыларының көп жыл бойы көздегендері  жүзеге  асып, екі  Германия  бір  мемлекетке  айналды. Батыс оны «Горбачевтың көрегендігі, табандылығы» деп әдейі жалаулата  насихаттап жөнелді, өйткені олар Горбачевтың ертең өздерімен ымыралас боларын саяси «барлаушыларының» мағлұматтары арқылы  білген. Осы тұста Э. Шеварднадзенің (сол кезде КСРО Сыртқы істер министрі  болған)  «Темір шымылдық құлап түскенде»  кітабына  үңілелік:   

«...Германияны  біртұтас  қалпына келтіру өмірлік ең үлкен парызым  болды. Ол  іске асып,  мені дүние жүзіне танытты және ГФР  Сыртқы істер министрі Ганс-Дитрих Геншермен достастарды... 1985-жылы Хельсинкиде Ганс-Дитрих Геншермен алғаш танысқанда жаңада  ғана министр болған  кезім еді. Сол жолы басқа да елдердің Сыртқы істер министрлерімен таныстым, алайда еуропалық қауіпсіздік пен Германияны біртұтас ету жолындағы күресте Геншермен сырлас болып қана қоймай, кейін нағыз  достар  боламыз  дегенді  ойлаған  да  емеспін...     

Біртұтас Германия мәселесі халықаралық дипломатия сахнасына 1990-жылы ақпан айында шықты. Ол Канаданың астанасы Оттава қаласында «Ашық аспан» деген атпен өткізілген конференцияда болды. Конференция Совет Одағы  бар  бірнеше  елдің  игі ниетімен шақырылған-ды. Мен конференц-залда отыр едім, қасыма Американың  мемлекеттік  хатшысы Джеймс Беккер келіп жайғасты. Ол біраздан соң: «Германияны біртұтас  етуді ойлар  уақыт жетті емес пе?» деді... Сірә, Геншердің өтінуімен айтқан болар-ау...  Оның  бұл шараға Михаил Горбачевтың қалай қарайтынын білгісі  келді. Ол СОКП ОК       Бас хатшысының Германияны біріктіру туралы идеяны қолдайтынына  сене  қоймады. Ал Горбачев екеуіміз ол мәселе жөнінде   ашық  сөйлескен  емеспіз-ді.  Баспасөз өкілдерімен кездесе қалғанда  ондай  сұрақ  қойылатын, бірақ Горбачев  тура  жауап  бермейтін...  

Джеймс Беккермен әңгіме соңында мен Горбачевпен сөйлесетін, ал  ол арғы  жағын  өз  мойнына  алатын   болып  келістік... 

Мен Горбачевқа телефон шалдым. Ол ойланып қалды. Содан кейін: «Мәселе,  ерте  ме, кеш  пе, шешілетін  шығар» дей салды. 

...Арада бірнеше жыл өте, 1993-жылдың маусым айында, Грузия парламентінің және үкіметінің төрағасы болып тұрғанымда, Берлинге шақырылдым. Маған Иммануил Кант силығын беру ұйғарылыпты. Ол - аса құрметті марапат (Европада бейбітшілікті нығайтуға  ерекше зор үлес қосқан қайраткерлерге  берілетін  силық, - Ғ. Қ.). Берлиннің басқарушы бургомистрі  Эберхард Дипген  силық салтанатты жағдайда тапсырылған  соң  қонақасы  беріп, сөз сөйлеп: «Тағдырмен талас жоқ қой, бір грузин – Сталин Германияны бөлген болса, басқа грузин – Шеварднадзе оны біріктірді» деді. Мен оған жылы лебізі үшін рахмет айтып, менің еңбегім асыра  бағаланған сияқты  дей  келіп: «Грузиннің  қатысуынсыз  үлкен  саясат  бола  қоймайды» деп  әзілдедім...».    

Белгілі тарихшы Сергей Кремлевтің «Мифы о 1945 годе» кітабының «Кто расчленял Германию?» деген тарауында мынадай жолдар бар:  «...надо бы знать и то, что Сталин всегда склонялся  к варианту пусть и буржуазно-демократической, но демилитаризованной единой Германии  вне блоков... 

 18 июля 1945 года, на втором заседании глав правительств на Берлинской конференции:  

Черчилль (по стенограмме, - С. К.): ...Но я хотел сказать, что если раздробить Германию на несколько частей, тогда, как это говорил маршал Сталин, наступит время, когда немцы объединяются. 

Сталин: Нет никаких мер, которые могли бы исключить возможность объединения Германии». 

Демек, беріде екі  Германияның бірігуіне бастамашы болғандар және еңбек сіңіргендер - Шеварднадзе мен Геншер, Беккер. Ал Горбачев өзіне бағынышты Сыртқы істер министрінің еңбегін бетпақтана иемдене салған. Екі Германияны біріктіру мәселесін талқылауды АҚШ, Англия, Франция және басқа елдердің басшылары мақұлдаған келіссөзге КСРО қатысуға тиіс болды, ал ол қадамды батыстықтар коммунистік ел басшысының құптауы деп алысты көздей есептеп, өздері  1990-жылы Нобель силығын алып берген Горбачевты бұл жолы да  әдейі асыра  дәріптеді: ГФР бундестагының күміс медалімен құпия марапаттатты, «Ерен еңбегі үшін»  Берлинде кеуде мүсін ескерткішін  орнаттырды. Ал ескерткіштің  ашылу  салтанатына  барған жолы да Горбачев  Шеварднадзені аузына алған жоқ . 

Сонымен, М.Горбачев кім? Біздің кейбір тарихшы, журналшы, ақын-жазушы қазекемдер оны неліктен мадақтап жүр? Сірә, олар оның Бас хатшы болғаннан кейін, мөлшері үш айдан соң, Украинаның тележурналшыларымен сұхбаттасып отырып, ұр да жық көкесі Н. Хрущевтің Қазақстанның Тың өлкесін Ресейге қоса алмай кеткеніне ашықтан-ашық өкінгенін «ұмытса» керек. Әлде оларға таңбалыбастың көбік сөзі ол 1986-жылы желтоқсанда төккен қазақ қанынан қымбат па екен? Бір ақынымыздың ГКЧП туралы кітап жазып, Горбачевті ақтау, мадақтау ойы барын естідім, қолымда жазбаша дерек жоқтықтан оның қай жазғыш екенін әзірше айта алмаймын. 

Таңбалыбас «көсем» туралы сөзімді  мына бір үзінділермен аяқтайын (СОКП Орталық комитетінің 2-хатшысы Егор Лигачев («КСРО-ны  сатқан  кім?»  кітабынан):                                

«...Жалпы Горбачевтың өмірбаянында ол мықтап жасырып тастаған «ақтаңдақ» пен «қара  дақ» аз емес. Өз атасы Андрей Моисеевич те, нағашы атасы Пантелей Ефимович те 1937 жылы репрессияға  ұшыраған. Әйелінің атасы  нағыз троцкийшілдігі үшін сол жылы атылған. Ал өз әкесі Сталин саясатына  қарсылығы  үшін  төрт  жыл  түрмеде  отырып  шыққан. Горбачев соны  және өздері  Ставропольенің фашистер басып алған жерінде тұрғанын да  жасырыпты. Ол басқыншыларға, Кравчукше ашық жарамсақтанбаса да,    өзі туып-өскен Привольное селосында үш ай бойы қызмет етіпті. Шешесі   Мария Пантелеевнаның бірде, тілшімен сұхбатта, айтқанына қарағанда, онбір жастағы Миша немістердің моншасына су тасып зыр жүгірген; гитлершілдерге жүні жұлынған:  қаз, үйрек, тауық  апарып  беріп, басқа  жұмыстарын  да құлшына  істеген...». 

Иә, сол Мишаның өмірбаянына  жазылмаған  деректер бар. Мәселен, оның  масон  екені  екінің  біріне белгісіз. Масондықтың Совет Одағы шегіне аяқ басуы М. Горбачев билікке  ілігіп, Италияға  дем  алуға  барған   кезде  болыпты. Демалыс аймағы  АҚШ Орталық барлау басқармасы масондарының «2-насихат» бөлімінің (ложасының) құзырында екен, ал ол бөлімнің міндеті  коммунизм идеясын жою болған. Горбачевтың сонда, Италияда, масон  болғаны алғаш рет неміс тіліндегі «Мер Лихт» журналында 1988-жылдың басында айтылса, одан кейін 1989-жылдың  аяқ  шенінде  Нью-Йоркта шығатын  «Новое русское слово» гәзетінде  паш  етілген...  

Горбачевтың қандай дәрежедегі мемлекет қайраткері болғанына назар аударсақ, нақты дерекпен айтылар сын аз емес. Солардың қайсыбірі міне: 

Ресейлік саясаткер И. Бунин: «Ресей мен Батыс Горбачевты бір-біріне кереғар  бағалайды. Батыс үшін  1980-жылдың  алғашқы  жартысындағы  Совет Одағы  не  еді? Ракетамен қаруланған қуатты ел еді. Қызыл  алаңда Саяси бюросы бар, ал ондағы  шалдар  шатақ,  сұмдық  қауіпті  еді. Сондай кезде жас бас хатшы пайда болып, қағаздан оқымай, адамша сөйлеп, халықпен дұрыстап сөйлесе бастады. Батысқа келгенде жымиып жылы сөйледі... «Орыс аю» жайдары Горбачевқа  айналды. Совет Одағының  «қауіп  төндіруі»  тиылды. Батыстың сонда қалай серпіліп, сергігенін білесіздер  ме? Батыс Горбачевты аспандата дәріптеп жөнелді... Ал Ресей ше? Жас бас хатшы келді. Жақсы уәдені жаңбырша  жаудырды.  Арақ жайында заң шығарды. Арақ та, басқа бұйым-нәрселер де құрып, дүкендер қаңырап, шет-шексіз кезек  пайда болды.   Совет Одағы  шөге  бастады.     

Бұрынғы КСРО  Министрлер  Советінің  Төрағасы  Николай Рыжков: «Еліміздің  экономикасына   67  миллиард  сом  зиян  келтірілді». 

«Правда» гәзетінен (1994 ж.): «... Горбачев билік басына отырған 1985-жылы  КСРО-ның  қолсұғылмас қорында  2500 тонна алтын бар еді, ал ол  биліктен кетірілгенде  240 тонна ғана  қалғаны  мәлім  болды».   

Жоғарыда аталған И. Бунин «Партияның алтыны» деп кітап жазып, соның негізінде фильм шығарылды, алайда 2260 тонна алтынның қайда, кімге, қашан кеткен ізі табылмады. Құжаттар «дер кезінде» жойылған болса керек. «Көсемдерге» құжатты жойдыру 100 грамм арақ ішкендей-ақ болған ғой. Горбачевтің көкесі – «екі қолы иығына дейін қан» (А.Яковлев) Хрущев Кремльдің төріне шығысымен өзінің 1937-1938 жылдарғы сұрқиялықтарына қатысты құжаттарды «реттеуге» құпия топ құрыпты. Оқылық: «Халық жауы» науқанының жабылған күйінде қалмауы, кейін үлкен  сөз болуы  мүмкін  екенін  долбарлаған  Хрущев өз басын арашалаудың, өзгелерді қаралаудың сәті келгенін тездетіп пайдалануды ойлаған. Кеңестік қарсы барлаудың (контрразведканың)  ардагері  Б. Сыромятин: «...Орталық мұрағаттың директоры полковник В. Детинин репрессияны ұйымдастырушылардың бірі болған Н. Хрущевқа қатысты құжаттар құртылғанын  айтты» десе,  тарихшы       В. Наумов былай депті: «1955-жылы Хрущевтан нұсқау болып, Орталық мұрағаттан Берияның қағаздары, партияның  Сталин және басқа басшылары туралы құжаттар - жиыны 11 қапшық  тәркіленді. Құжаттар неғұрлым азайған сайын Хрущев өзі қатысқан қылмыстарды басқаларға жаба солғұрлым  екілене  сөйледі».   

Қылмыс жасайтындар әшкере болмауды, бола қалса, - қалай құтылуды алдын ала жобалап қоятын шығар. Өйте алмағандары, әлбетте, Хрущевша «ештен кеш жақсыны» ұмытпайды. 

Айтпақшы, Семей полигонының жабылғанына да алдымыздағы осы тамыз айының 29-нда 25 жыл толады. Ол тойдың ең құрметті қонағы М. Горбачев болуы мүмкін, себебі: «Қазақстанға тәуелсіздік берген көсем» ғой! 

Семей полигонын жабуды талап етіп, 1989-жылдың 20-ақпан күні Горбачевқа жанпидалықпен хат жазған Кешірім Бозтаев (Семей облыстық партия комитетінің 1-хатшысы): «КСРО халық депутаттығына біздің Семей облысынан сайланған, қазірде Варшава келісімі елдерінің біріккен Қарулы Күштері Бас штабының бастығы армия генералы Владимир Николаевич Лобов бір күні (1990-жылдың қыркүйегінде, - Ғ. Қ.) менімен төте телефон арқылы хабарласып, президент Горбачевтың Семей полигонында жарылыс жасауды 1993-жылдың 1-қаңтарына дейін ұзарту туралы жарлық шығарғалы жатқанын құпиялап айтты. Мен Горбачевқа дереу хат жазып: «...Егер шынында солай болып шықса, ол біздің аймақ халқына ауыр тиеді және оның ақыры неге апарып соқтыратынын болжау мүмкін емес», деп  аяқтадым...  Алайда жарлық шықты, Горбачев оған Қорғаныс кеңесінің төрағасы ретінде қол қойыпты, онысы, президенттің жарлығы болмаған соң, іске аспай қалды» («Семей полигоны» кітабынан). 

Бұл үзіндіні келтіру себебім: Горбачев 1986-жылы 16-желтоқсанда Алматыға әскер енгізуге Орта Азия әскери округына бұйрық бергенде: «Мен әскерді халыққа қарсы қоймаймын!» деп бағынбаған Батыр - округтың қолбасшысы осы Владимир Николаевич Лобов болатын! Содан соң «меченый Михаил» Горбачев жанталасып, әскерді Ресейден ұшақпен жеткіздірді. Бүгінде «демократия керек!» деп тіл безеп жүрген қанқолды «көсем» Алматының алаңына демократиялық ниетпен жиналған жастарымыздың қанын қалай төккенін ұмытыпты. Бетпақтыққа дауа жоқ! 

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383