Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қоғам 7647 0 пікір 15 Тамыз, 2016 сағат 13:26

ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙДЕН ӨЗ ЖЕРІН ДАУЛАЙ АЛА МА?

 

Тарихи жерлерді иелену - тек тарих тағлымында. Басқаның шекараларын сыйламаған Ресей енді өз жерінен айрылмақ, шекараларды ұлы державалар шешеді. Сондықтан Батыс альянсы Ресейге шүйлігіп тұр. Біз өз жерімізге ие болсақ болды. Онсыз да Қазақстан кең байтақ. Орыс империясының кезекті дағдарысы жақындап келеді. Ұлы державалар арасындағы тартыс пен риторикалық контекст былай дейді: Ресей империясынан әр мемлекет өз «заңды үлесін» алмақ -Германия Кенигберг (Пруссияның бір бөлігі), Қытай Қиыр Шығыстағы Приморьедегі екі өлкені өзіне қайтармақ (1858-1860 жылдары Айгун және Пекин келісімдері бойынша Ресей Қытайдан тартып алған), олай бола қалса, біз неғып өз үлесімізді сұрамасқа ... Бізге бөтен жер керек емес, тек өз жерімізді сұраймыз. Бұл экспансианизм емес, тарихи әділеттік. Украинаға 2014 жылы бас салған Ресей изгой-шыққыншы мемлекет. Батыс енді: алдымен Қырымды қайтар, Шығыс Украинаны босат, ар жағын өзіміз білеміз деп отыр. Әлемде бүгінгі таңда отар ел қалған жоқ. Соңғылары болып егемендік алған Югославия халықтары, Грузиядан егемендік алған Абхазия, Оңтүстік Осетия - Аланияның бір пұшпағы. Енді Ресейде жатып егемендікті көксеген татар, башқұрт, якут, тувалықтар т.б. бар. Барлық империялар құлайды, тарихи әділеттік орнамай қоймайды деген қағида бар. Бірақ ұлы державалар өз ойнын ойнайды: біреуі ұтылады, біреуі ұтады. Тек біз ұтылмасақ болды. Осы жолы Ресей үлкен ұтылыс алдында демекпін. 1914 жылы Ресей Бірінші Дүниежүзілік соғыстан жеңіліп, 1917-1920 жылдары Финляндия, Прибалтика, Польшадан айырыламын деп болжады ма? Екінші дүниежүзілік соғыс КСРО үшін 1945 жылдың мамырында салтанатты жеңіспен аяқталады деп 1941 жылдың күзінде қай орыс долбар жасапты? Ал 1989 жылы қай әккі саясаттанушылармыз КСРО құлайды, барлық одақ республикалар дербес ел болады, ал Қазақ ССР Қазақстан деген егемен ел болады деп болжаған көріпкелді білмеймін. КСРО - қазіргі Ресей - ұлы ядролық держава. Енді Батыс елдері (НАТО мен Европалық Одақ және олардың одақтастары мен ниеттестері ) Ресейді кезекті рет сүріндіргісі келеді. Мен оларға араша бола алмаймын. Менің аласа ғана бойым бар, мен тәлтірек басқан қазақтың шалымын, орысқа өшім де, жағыныштылығым да жоқ. Бірақ фейсбукте өз ойымды айтамын. Ол менің жалғыз қолымнан келетіні.

Саяси реалдылық қалай болады? Нәтижесін болжау қиын. Мен үшін болжау күпірлік болар еді. Бірақ ситуацияны түсіну үшін талдау артық болмас және керек деп ойлаймын. Болжау әрекеттері психологиялыық, ақпараттық мағлұмат үшін керек, қандай қауіптер бар, тіпті бізге ұтылыс, ұтыс бар ма екен дегендей. Сол сияқты ықтималдық сценарийлерді, қауіптерді есептеген жөн, санадан өткізу, аналитикалық талдаулар ұлттық қауіпсіздікке септігін тигізер. Болып жатқан жағдайлардан бейхабар болуға болмайды.

Әр халықтың сакралды, қасиетті ұғымдары болады. Кенесары хан алдымен ол легитимді көтеріліс және ұлт азаттық соғыс. Қазақтың ұлттық азаттық қозғалысының соғысқа айналған биік шыңы. Сондықтан кезінде осы қозғалысты қолдаған зерттеушілерді қудалаған, ал басқа көтерілісті жазғанға Сталиндік премия берген. Қазақтың көптеген жергілікті көтерілістері локалды талап қойған, ал Кенесары саяси егемендік, мемлекет мәселесін қойды. Бізге ЕвразЭК иллюзорлық «артықшылығы» керек пе, не Ресейден егемендік керек пе?

Кенесары хан қазақ пен қырғызды Ресейге қарсы ұлт азаттық қозғалысқа біріктіргісі келіп, азаттық соғысқа айналдырмақ еді. КСРО мен Ресей идеологтары сондықтан да Кенесарыға шүйлікті. Бір топ ресейшіл қырғыз манаптар жасағы Кенесарының жасағын қоршап ұстап берген. Кенесарыға қарсы болғандар қазақ шонжарлары арасында да болған. Мәселен Құнанбай Кенесарыға қарсы меркантильдік мақсатпен жасақ жинаған. Соңғы кездерде Құнанбайды әспеттеу қазақ арасында көбейіп келеді. Жалпы тарихтан адасу бізді жарға құлатады, құлаттты да шынын айтсақ. Тарихты бұрыс түсіну бізді көптеген зауалдарға апарды. Сондықтан тарихта адасу бізді басқадан қапы қалдырады.

Әзімбай Ғали, саясаттанушы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5547