Әкім Шаян елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Аудан әкімі Б.Көшербай Шаян елді мекенін тұрғындарымен кездесті. Кездесуге қоғамдық кеңестің мүшелері, ауылдық округтен сайланған маслихат депутаттары, ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауыл биі, еңбек ардагерлері, орталықтағы 56 көшенің өкілдері, бөлім, мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Кездесудің мақсаты аудан орталығы Шаян елді мекенін көркейту- абаттандыру жұмыстарына байланысты қосымша ұсыныс пікір алмасу болатын.
Аудан басшысы қазіргі таңдағы аудан орталығындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы атқарылатын жұмыстармен таныстырды. Кездесуде 22 азамат өз пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойды. Жиналған жұрттың басым көпшілігі орталықта жүретін маршрут автобусы қойылса, бағдаршамдар орнатылса деген өтініштерін айтты.
Аудан әкімі Б.Көшербай азаматтардың ұсыныс пікірлерін тыңдай келе, бұл мәселелер бойынша жан-жақты зерделеп шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.
Айта кетейік, осыған дейін Бәйдібек ауданы әкімі Б.Көшербай, шаяндық кәсіпкерлермен кездесу өткізген болатын. Онда елді мекен ішіндегі кәсіпкерлік бағытта пайдаланылып жатқан дүнгіршіктер мен сауда орталықтары, аптека, шаштараз, монша сынды жеке меншіктегі құрылыс нысандарының қас-келбетін ретке келтіру мәселесі болатын.
Аудан әкімі жиналған кәсіпкерлерге қазіргі таңда аудан орталығындағы көшелер кеңейтіліп, аяқ жолдар салынып, 10 гүлзар, 10 арка, 10 автотұрақтын согылғанын және де балалар ойнайтын алаңнын жұмыстары қарқынды жүріп жатқандығын айтты. Сол себебтен барлық кәсіпкерлер де атсалысып өз меншігін ретке келтіріп сырлау, әрлеу жұмыстарын жүргізсе деп пікірін білдірді.
Abai.kz