Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4612 0 пікір 27 Тамыз, 2010 сағат 03:25

Намысқой Барысов. Қазақстан “ырбыңдаған” мемлекет пе?

2011 жылдың 30 қаңтары мен 6 ақпан аралығында Алматы мен Астана қалалары жетінші қысқы Азия ойындарын қабылдайды. Не керек, екі қала күні-түні дайындалып бағуда. Спорттық кешендер салынып, екі астананы абаттандыру бағытында біршама жұмыстар да атқаралып қалды. Ойындарды өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитеті күн сайын біресе "тұмар жасайық", біресе "әнұран жазайық" деп тырбаңдап-ақ жатыр. Не керек, ұйымдастырушыларға күнде мейрам, күнде той...

Мысалы, күні кеше ғана «2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ өкілдері мен еліміздің бір топ өнер қайраткерлері Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, ойындардың ресми әнұранының мәтіні мен әнін жазуға байқау жариялады. «Әнұранның өзіндік ұлттық ерекшеліктері болғанын қалаймыз. Себебі, ол басқа әнұрандардан ерекшеленіп тұруы керек. Біз Қазақстанның ән орындаушыларын, композиторларын және басқа да азаматтарын осы бастаманы қолдауға және байқауға қатысуға шақырамыз. 7-ші қысқы Азия ойындары әнұранының авторлары әлемдік спорт тарихында қалады, әрі Қазақстанның қазіргі тарихына айтарлықтай үлес қосады», деді ұйымдастырушылардың бірі Евгений Никитинский.

2011 жылдың 30 қаңтары мен 6 ақпан аралығында Алматы мен Астана қалалары жетінші қысқы Азия ойындарын қабылдайды. Не керек, екі қала күні-түні дайындалып бағуда. Спорттық кешендер салынып, екі астананы абаттандыру бағытында біршама жұмыстар да атқаралып қалды. Ойындарды өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитеті күн сайын біресе "тұмар жасайық", біресе "әнұран жазайық" деп тырбаңдап-ақ жатыр. Не керек, ұйымдастырушыларға күнде мейрам, күнде той...

Мысалы, күні кеше ғана «2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ өкілдері мен еліміздің бір топ өнер қайраткерлері Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, ойындардың ресми әнұранының мәтіні мен әнін жазуға байқау жариялады. «Әнұранның өзіндік ұлттық ерекшеліктері болғанын қалаймыз. Себебі, ол басқа әнұрандардан ерекшеленіп тұруы керек. Біз Қазақстанның ән орындаушыларын, композиторларын және басқа да азаматтарын осы бастаманы қолдауға және байқауға қатысуға шақырамыз. 7-ші қысқы Азия ойындары әнұранының авторлары әлемдік спорт тарихында қалады, әрі Қазақстанның қазіргі тарихына айтарлықтай үлес қосады», деді ұйымдастырушылардың бірі Евгений Никитинский.

Ертеңіне қазақтілді баспасөз құралдарының барлығы "Әнұран қазақ тілінде жазылуы керек", "Әнұран қазақ тілінде орындалуы керек" деген тақырыптарға толды. Дұрыс-ау, бұл әлемдік тәжірибе, әлемдік үрдіс. Шенеуніктеріміз өздерінің жаман ауруына салып, "әнұран үш тілде орындалуы қажет" деп жүрмесе болды деп тілейміз ғой.

Осыған орай біздер 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің ғаламтордағы www.astana-almaty2011.kz сайтына кіріп, ойындардың басқа да рәміздерінің "қазақылығын" тексердік.

 

Қарап отырсақ, сайт үш тілде сайрап тұр екен. Қазақ тіліндегі мақалалардың көбі ақпарат агенттіктері мен орыстілді басылымдардан аударылғаны көрініп тұр.

Ойындардың ұраны ретінде "Мақсаты бірдің - рухы бір!" деген сөздер алыныпты. Жөн!

Азиаданың логотипі (суретте) ағылшын тілінде дайындалған екен. Оның түсіндірме жазбасында: "Өз кескінінде логотип көшпелі арба доңғалағының суретіне ұқсайды. Геральдикалық өнерде доңғалақ кеңістікте де уақытта да үнемі қозғалыс белгісін білдіреді. Тұрақты даму идеясының белгісі бола отырып логотип өмірдің алға қарқынды жылжуды білдіретін эмблема болып табылады. Доңғалақ белгісі шеңбер белгісіне ұқсас, көне сенімге сәйкес Күн құдайының Жерді айналу идеясын білдіреді. Осы үлгімен логотип күн белгісін білдіреді және өзіне өмір мен қуат сыйлайтын күн көзінің сәулелі энергиясын қамтиды" - делінген екен.

Ал Азиаданың тұмары болып еліміздің символы - барыс "тағайындалыпты" (суретте). Ұйымдастыру комитеті өз таңдауын төмендегі шүлдірмен түсіндіреді (негіздеменің орфографиясы мен стилистикасы толық сақталып отыр): "Қар барсын 7-қысқы Азия ойындарының талисманы ретінде таңдау бірқатар себептермен негізделген:

1.Қазіргі ақпараттық кеңістікті (қазіргі қоғам санасында, әлемдік қоғамдастық санасында, немесе қазіргі уақытта) қар барсы тәуелсіз Қазақстанның күші мен беделін білдіретін негізгі белгілердің бірі ретінде бекітілді. Талисманның түйінді міндеттерінің бірі - ойындар өткізілетін орынның бірегей рухын білдіру болып табылатыны белгілі.

2.Tалисман Азиаданың фирмалық стилінің бөлігі болып табылады және барлық көзге шалынатын материалдардың жалпы контексіне дөп келуі керек. Бұл жерде туған ортасы қар шыңдары болып табылатын барстан басқа өзгені алу өте күрделі.

3.Талисман қазіргі заманғы олимпиада қозғалысының құндылықтарын білдіруі керек, ал қар барсы шынайы олимпиадалықтың барлық негізгі қасиеттерін: күш, батылдық, төзімділік пен тектілікті білдіреді.

4.Қазіргі заманда спорт  талисманы өз халқының дәстүрлерін, оның тарихын және маңызды мәдени кодтарын көрсетеді. Осы жерде де барс бірнеше мәнге және мазмұнды нышанға ие белгі болып табылады.

Өздеріңізге белгілі зооморфты образдар ертеден көшпелі өркениет мәдениетінде әлемді көрсету құралы ретінде қызмет етті. Сақтардың мифологиялық берілістерінде барс әділдіктің қорғаны ретінде беріледі, "ол төреші ретінде алдында өтіп жатқандарға биіктен көз шолады" (кімнің цитатасы, қайдан?). Сондай-ақ барс жиі ғарыштық әлем тәртібін қорғау белгісі, әлем құрылуының тұрақтылығының кепілі болып табылып Өмір ағашының қорғанышы ретінде көрінеді, осының барлығы өз кезегінде олимпиада қозғалысының негізгі идеяларымен қиюласады" (цитатаның соңы).

Бір қызығы ұйымдастырушылар Азиада тұмарына еркелеткенсіп IRBY (Ирби) деген ат та тауып қойыпты. Азиадалық пиаршылар оны былай негіздейді (тағы да бір сөзін өзгертпей беріп отырмыз):

"Талисман атауы персонаждың өзіне түпнұсқалы және оған салынған мәдени кодтаулармен берілуі керек. Сондай-ақ ол транс-тілдік түсіндіруде жеңіл беріледі.  Бұдан басқа атау баспалық сызу құрылымымен үйлесімге ие болуы керек, себебі ол Азиада - 2011 фирмалық стилінің бөлігі ретінде болып табылады.

Тағы бір маңызды аспект, талисман атауы мен оның сыртқы үлгісінің көркем қиюласуы - ономастикалық және анатомиялық балалар антропоморфизм   (бала денесінің пропорциялары, үлкен бас, күлімсіреу, көрерменге тура қадалған адам көзі, мен баланың қысқартылып, еркелетіп алынатын атауы). Бұл тадисманға ашықтық беріп, бүкіл аудиторияның қабылдауын береді.

Жоғарыда аталған міндеттерден шығып негіз ретінде қар барсының әйгілі халықаралық атауы ретінде «ИРБИС» сөзі алынды. Одан кейін кішірейтіп - еркелеткен нысанда ИРБИ - латын транскрипциясында IRBY түрін алды.

Фоносемантикалық талдау IRBY атауының барынша ерекше көрінетін мына сипаттамаларын анықтайды: жақсы, көңілді, ашық, батыл, жарқын, қауіпсіз. Барлық берілген салыстырулар персонаждың қызықты сипатын құруға мүмкіндік беріп, оған деген оң көзқарасқа кепілдік береді.

Сипаттама:

Батыл, ұтқыр және төзімді  ИРБИ үшін қар - туған орта, ал спорт - өмір келбеті. Күшті, әсем, энергияға толы, ол өте бауырмал және өз өмірін қозғалыс пен араласусыз көре алмайды" (цитатаның соңы).

Ал қай бетімізді шымшиық? Айтыңыздаршы, бұл елімізді мақтау ма әлде мазақтау ма? Қазақстанды әлемге танытамыз деп елге атын берген ұлтты дәл осылай қорлауға бола ма? Кез-келген дүниені түсіндіру үшін қазақ тілінің мүмкіндігі де, әлеуеті де жетеді емес пе? Ол үшін "транс-тілдік" деңгейге шығудың да қажеті шамалы емес пе?

Оның үстіне (ілбісіннен ібіліс жасайтын пиаршыларға құлаққағыс!) үлкен маңызы бар Азия ойындарының тұмарына Ирби деп атау бергендеріңізге жол болсын. Кез-келген брендті жасау және жарнамалау кезінде пиаршылар бренд атауының барлық тілдерде (соның ішінде қазақ тілінде) дұрыс қабылдануын ойлайды. Ағылшын не орыс тілінде IRBY деген атау керемет бір жаңалық болып көрінгенімен, қазақ тілінде ерсілеу естіледі. Себебі Ирбиге ең жақын қазақ сөзі "ырбию"! Ол дегеніміз Ресейде 2014 жылы өтетін қысқы Олимпиаданың тұмарын "выпендреж" деп атаумен бірдей.

Ең болмаса ғаламтордағы кез-келген қазақ-орыс не орыс-қазақ сөздігіне назар аударсаңыдар бұл сөздің еліміз бен ұлтымызды келемежге айналдыратынын түсінер едіңіздер. Мысалы:

Ырбыңдату - баловать без основания;

Ырбыңдау - возмутительно смеяться, глупо баловаться.

Сонда біздер Азиаданы "баловать без основания", "возмутительно смеяться" және "глупо баловаться" ету үшін өткізіп отырмыз ба? Орысша бұны "пиар" емес, "позор" деп атайды.

Жаңағы қорлығы аз болғандай азиадашылар Ырби туралы "аңызды" ойлап тауыпты. Авторлық нұсқадағысы былай: "Биік жоғары тауда Ирби атты қар барсы тұрады. Онымен ешкім ұтқырлық, күш пен төзімділікке күш сынаса алмайды. Бәрінен бұрын оның сүйікті ісі - қарда шапқылау, шыңнан шыңға секіру мен бір орында отырмау үшін тағы да қозғалысқа толы жолды үнемі тауып ала қояды. Бірақ өкінішке орай жоғары тау шыңдарында ойнайтын пенде жоқ - тек секемшік арқарлар мен қанат қағып биікте самғаған бүркіттер ғана, ал Ирбиге ойын керек, ол достық қалыпқа жақын. Бір күні Ирби оның елінің маңызды қалаларында - Астана мен Алматыда - Қысқы Азия ойындары деп аталатын үлкен мереке, оған қар барстары сияқты күшті, төзімді де батыл түрлі адамдар әр елден келетінін естіді. "Міне, мен қайдан достар табамын" - деп Ирби қуанып кетіп жолға шықты..." (цитатаның соңы)

Егер осындай "аңызсымақтар" әлемге "тәуелсіз Қазақстанның күші мен беделін", "ойындар өткізілетін орынның бірегей рухын", "қазіргі заманғы олимпиада қозғалысының құндылықтарын" айқын танытатын болса, редакция болып мұрындарымызды кесіп беруге әзірміз!

 

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295