Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3241 0 пікір 7 Қазан, 2016 сағат 17:35

Алма бауы алғашқы өнімін беруде

Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылдық округінде алма теру науқаны қызу жүріп жатыр. «Агрофирма жаңа Ақдала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 170га жерге голландиялық және  «семерянка» алма ағаштарының 2 сұрпы отырғызылған.

- «Әр көшеттің арақашықтығы - 80 см. Биіктігі 3,5 метрге дейін көтеріледі. Әр түп алма ағашынан 1 жылдың өзінде 40-45 алма алынады. » - деді алма бауының басқарушысы Н.Есенқұлов.

Аталған алма бауда  жергілікті тұрғындардан 50-ден аса адам еңбек етуде.

Оңтүстік өңірінің алма бағын егуге қолайлы болуына орай бағбандық шаруашылықты қолға алған арыстық шаруалар алдағы жылдары алма бағының көлемін ұлғайтып, Арыс алмасын еліміз бен алыс-жақын шетелдерге танымал брендке айналдыруды көздеп отыр.

Айта кетейік, осыған дейін Оңтүстік Қазақстандық шаруалардың қажырлы еңбектері туралы жазған болатынбыз. Соның ішінде, Мақталы есептелетін Мақтарал ауданының халқы бір кездері жаппай «ақ алтын» өсірумен шұғылданып кеткен болатын. Бұл жер құнарлығын кемітіп, эрозияға ұшырау қаупін туғызуы да мүмкін болатын. Ғалымдар мен мамандардың дабыл қағуының арқасында бұл үрдіске соңғы жылдары өзгеріс енгізілді. Оның үстіне қауын-қарбыздан да мол пайда табуға болатынын түсінген жергілікті шаруалар бұл өнімге көбірек көңіл бөле бастады. Мақтаралдың мырза шөлінде өскен қауын-қарбыздың дәмі тіл үйіреді. Алысқа тасымалдауға да шыдамды сорттары да бар. Сол себепті оны өткізу де аса қиынға соға қоймайды. Міне, осы секілді ерекшеліктер ескеріле келе соңғы 10 жыл көлемінде Мақтаралда қауын-қарбыз егумен айналысатындар қатары көбейіп, өнім көлемі жылдан жылға артумен келеді.    

«Мақтаралдық диқандар биыл 28 мың гектар жерден 610 мың тонна қауын-қарбыз алса, соның 450 мың тоннасын шет ел нарығына шығарған. Бұл гектарынан 263 центнерден өнім алып, өткен жылмен салыстырғанда 25 центнерге артық қауын-қарбыз жинаған мырзашөлдіктер бақша дақылдарын өсіруден Орта Азияның көшбасшысы екендігін дәлелдейді. Мақтаралдың бау-бақша өнімдерінен көл-көсір пайданы ресейлік және беларусьтік кәсіпкерлер де көріп отыр. Оңтүстіктен жеткен қауын-қарбызды осы теріскейдегі көршілер Батыс Еуропа мемлекеттеріне тасымалдайды екен»,- деп хабарлайды Мақтарал аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5625