СУИЦИД. ТҮСІНДІРУ ӨТЕ ҚИЫН
Бұрын Қазақстан суицидтан әлемде көш бастап тұр десе, қатты сене қоймайтынмын. Жаңа ескі болса да, 2012 жылғы тізімді қарадым. 9 орында.Түк түсіне алмай отырмын. Қалайша? Салты, діні, тұрмысы, санасы біздікіндей көрші Қырғыз елі 77 орын, Өзбекстан 86 орын.
Бізде 100 мың адамға шаққанда жыл сайын 23 адам өз-өзіне қол салады екен. Ер азаматтардан 40 адам. Ал 15-19 жас аралығында қыздардың суицидінен 1 орын, ұлдардікі 2 орын. Сұмдық қой.
Себеп ретінде: мектептегі мазақ, отбасылық құндылықтың жойылуы және т.б көрсетілген. 2002 жылғы тізімді қарасам, ҚР әлемде топ-5 арасында. Сонда сол кезден бергі талай жұрттың намазға жығылуы, тұрмысы түзелуі суицидті азайтуға түк әсер етпеген бе?
Тізімде басқа кімдер бар десем: тізімнің ең соңында шариғатты берік ұстанатындар - Сауд, Кувейт, Оман, Ливан. Бірақ арақты түбімен ішеді, әне-міне тұқымы құриды деген Ресей бізден жоғары, 14 орында. Бұрынғы КСРО-ның құрамында болғандар мен соц.лагерь елдері топ-30-ды толтырып жүр. Бәлкім социализмнен капитализмге бейімделе алмағандар шығар?
Жапон мен Корейлер де тізім басында, енді оларда мәдени фактормен түсіндіруге болады. Бірақ дәулет пен жоқшылық - суицидке әсер етеді деу қиын, 30 орындардың ол жақ, бұл жағында әлемдегі ең бақытты елдер: Финляндия, Исландия, Бельгия жүр.
Халқының көпшілігі атеист деген Қытай 94 орын, Вьетнам 123 орын, ал халқының 70% мұсылман деген біз 9 орын.
Түсіндіру өте қиын!
Нұрмұхаммед Байғараев
Facebook-тегі парақшасынан