Сенбі, 19 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3644 0 пікір 4 Желтоқсан, 2016 сағат 16:23

Шаруаларға мемлекеттен қолдау көрсетілуде

Мемлекет тарапынан тұқым шаруашылығын қолдау, гектарлық субсидия, жеңілдетілген жанар-жағар май, тыңайтқыштармен қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімі мен асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау, қайта өңдеу кәсіпорындарының шикі затты сатып алу құнын төмендету, инвестициялық субсидия, кредит/лизингтің пайыздық үстемақыларын субсидиялау бағдарламаларының саланы дамытуға тікелей ықпал етуде.

Оған дәлел, биылғы жылдың өзінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға 13 бюджеттік бағдарлама бойынша 26,0 млрд. теңге бөлініп, өткен жылдан 24% артты. Осының арқасында бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы шаруаларының өніміне сұраныс артып тұр. Елімізді қойып, көрші елдерге экспортқа өнімдерін шығара бастауы осының айғағы. 

Дегенмен де жылдан-жылға халық санының өсіміне және экономикалық жағдайдың жақсаруына байланысты сапалы ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныстың артатыны сөзсіз. Сондықтан алдымызда аталып өткендей, облыстың аграрлық саласын 2017 – 2020 ж.ж. арналған дамытудың алты бағыты айқындалды. Одан бөлек осынау ұлан байтақ жерімізді игеру, дамыған технологиялық жетістіктерді дер кезінде қолданысқа енгізу, мемлекеттің үмітін ақтап, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған бағдарламаларды жұмыс істету өңірдегі шаруалардың басты мақсаты болып отыр. Атап айта кетерлік жайт Елбасының өзі Оңтүстік Қазақстан облысы аграрлы өңірге айналы үшін барлық жағдай жасалғанын атап өткен болатын. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тұсында күнгейдегі шаруалардың рекордты өнім жинауы сол үмітті ақтағаны болып отыр. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2043
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4901
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4102