Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2161 0 пікір 10 Қыркүйек, 2010 сағат 12:15

2011-ші жылы медициналық қызметкерлердің жалақылары 30% - ға артады – денсаулық сақтау министрлігі

Астана. 10 қыркүйек. ҚазТАГ – Арсен Бектасов. 2011-ші жылы медициналық қызметкерлердің жалақылары 30% - ға артады, деп ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Салидат Қайырбекова жұма күні BNewsпорталындағы  on-line-конференциясында мәлім етті.

Аталған көтеру медициналық қызметкердің базалық жалақысына бола ма (2010-шы жылы Т12 мыңнан асады – ҚазТАГ) немесе жалпы жалақыға бола ма (дәрігер орташа есеппен Т50 мыңнан астам алады – ҚазТАГ) екенін вие-министр түсіндірмеді.

«Мемлекет басшысының 2008-ші жылғы ақпандағы жолдауына сай бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақылары 2009-шы жылы 25%-ға артса, 2010-шы жылғы 1-ші сәуірден бастап  25%-ға және 2011 жылы 30%-ға көбейтіледі», - деді С. Қайырбекова.

«Бүгіндері денсаулық сақтау саласындағы біртұтас ұлттық жүйе нәтижеге қарап ақы төлейді. Егер дәрігерге науқастар баратын болса, ол дәрігер дифференциалданған жалақы алады. Науқастар көп баратын және көп адамды емдейтін дәрігер көп жалақы алуы тиіс», - дейді вице-министр.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілінің айтуынша, тек қана мемлекет бөлген жалақыға қарап отыру, дәрігерлердің ынтасын төмендету деген сөз.

«Әркімнің жалақысы оның кәсіби біліктілігіне байланысты - бұл біздің медициналық дәрігерлер үшін ұран болуы тиіс», - дейді ол.

Стат агенттік мәліметтерінше, 2010-шы жылғы маусымда республикадағы бір жұмысшының орташа жалақысы Т82 282 болды. Ең жоғарғы жалақы қаржылық және сақтандыру саласында - Т160,7 мың сақталып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446