Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3788 0 пікір 26 Қараша, 2016 сағат 12:01

Шағалалы ауданда өнеркәсіп саласы өрлеп тұр

Есеп беруге міндетті үкіметті қалыптастыру Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айтылған басты қағидалардың бірі. Мемлекеттік қызмет, атқарылған істер жайлы мәліметтерді ОҚО әкімдігінің ресми сайты «Ашық әкімдік» жобасы аясында ұдайы жариялап отыруда.  

Шардара ауданы әкімінің есебі бойынша ағымдағы жылдың жарты жылдығында өндіріс кәсіпорындарында 2016 жылдың 6 айында 3466,14 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 84,6 пайызды құрады.

Нақты көлем индексі  ірі электр қуатын өндіруші кәсіпорын «Шардара су электр стансасы» АҚ-да қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуі есебінен төмендеп отыр. Өнеркәсіп саласында статистикалық көрсеткіштерге сәйкес 2  ірі (тоқыма-тігін саласында «АИИГ Казақстан», «Ұзын ата мақта» ЖШС), 3 орта («Шардара мақта» ЖШС,  тамақ өнеркәсібі саласында «Хамит» СТК, электр энергиясын өндіру саласында «Шардара СЭС» АҚ), 9 шағын (тамақ өнеркәсібі саласында  «Шардара Балық-1» ЖШС,  ЖК «Жұмабаев»,  ЖК «Маликов М», «Бектасов Г», «Әуезов М» өзге де салалар бойынша  «Seikhun» ЖШС,  «Оңтүстік Киіз» ЖШС, «Ақжол 2008 ЛТД» ЖШС, ЖК «Темирова», «Зейнеханов»), 2 қосалқы кәсіпорындар жұмыс жасауда(электр қуатын жеткізу саласында «Оңтүстік жарық» Шардара филиалы және ауызсуды жеткізу бағытында «Шардаракоммуналсервис» МКК).

Кәсіпкерлік саласы бойынша 2016 жылдың 6 айында  ауданда 7775 шағын кәсіпкерлік тұлғалар тіркелген, оның 338 заңды, 1902 дара кәсіпкерлік  және 5535 шаруа қожалықтар.  Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік тұлғалар саны 7347. Өткен 2016 жылдың 6 айында  осы салада 19395 адам жұмыс істеп, 5,7 млрд. теңгенің өнімі  өндіріліп, қызметі көрсетілді.

2016 жылға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша  облыс әкімдігімен жасалынған үшжақты келісімге сәйкес, 14 жобаға қолдау көрсетіп іске асыру межеленген, бұл межені орындау  бағытында  жыл аяғына дейін  тиісті жұмыстар атқарылуда. 

Атап айтқанда :  бағдарлама  шеңберінде ЖК Е.Утесинов ауылшаруашылық техникаларын модернизациялау жобасы бойынша облыста өткізілетін конкурстық грантты жеңіп алды.

Сонымен қатар, 6 жеке кәсіпкердің құжаттары екінші деңгейлі банктерге жинақталуда және 1 кәсіпкердің инфрақұрылымды жүргізу бойынша құжаттары сараптамадан өткізіліп, өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына салалық, экономикалық қорытындылар алынған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394