Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 6151 0 пікір 26 Қараша, 2016 сағат 11:57

ОҚО-да халық саны 25 жылда 51,4 пайызға өскен

Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының таратқан мәліметтеріне қарағанда, Тәуелсіздік жылдарында Оңтүстік Қазақстан облысында халық саны 51,4 пайызға өскен. Яғни 25 жылда өңір халқы 1 миллион 889 мың 300-ден 2 миллион 861 мың 300-ге жеткен. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында өзге өңірлермен салыстырғанда табиғи өсім жоғары. Тоқсаныншы жылдарғы қиын-қыстау кезеңдерде облыста туу көрсеткіші азайғанымен, соңғы жылдары оның қайтадан жоғарылағаны байқалады.

Өңірде қазір жалпы 164 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. 197 миллиард теңге инвестиция тартылды. Осы жобалар сәтті жүзеге асса, 12 200 жұмыс орны құрылады. Облыста қазір Индустриялды аймақтар табысты жұмыс істеуде. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында 27,8 миллиард теңгеге 10 жоба жүзеге асырылып, 2 145 жұмыс орны құрылды.

Бұл өз кезегінде әлеуметтік салаға да оң әсерін тигізуде. Өткен жиырма бес жылда жұмыссыздық деңгейі 14,3 пайыздан 5,2 пайызға төмендеген.

Бір айта кетері, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 94 қадамындағы барлық ақпараттардың ашықтығын қамтамасыз ететін «Ашық үкімет» жобасын құру үшін қабылданған «Ақпаратқа жол жеткізу туралы» Заң бойынша мемлекеттік органдар өздерінің атқарған жұмыстары туралы мәліметтерлі жариялап отыруға тиісті. Әрбір азамат үшін атқарушы органдар туралы ақпараттар ашық әрі қол жетімді болуы керек. Тұрғындар ақпараттарды пайдаланумен бірге оған қатысты ой-пікірлерін де еркін білдіре алуы тиіс.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394