Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
4564 0 пікір 22 Ақпан, 2017 сағат 13:41

ЭКСПО-2017. АСТАНАҒА АСЫҒАЙЫҚ, АҒАЙЫН!

Бүгін Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі қатысушыларының III жиналысы өз жұмысын бастады. Бұл туралы «Абай ақпарат» хабарлайды. Аталған Халықаралық шара екі күнге созылады деп отыр ұйымдастырушылар.

Дүниежүзілік көрменің ашылуына санаулы күндер қалды. 108 күннен соң Елорда Халықаралық маңызды шараның орталығына айналады. Сонау 2012 жылы Халықаралық көрме бюросының (ХКБ) 152-ші Бас Ассамблеясына қатысқан 161 мемлекеттің 103-і Астананың кандидатурасын қолдады. Сөйтіп, ЭКСПО-2017 Қазақстанға келетін болды.

Айта кетейік, осыдан сәл ертеректе ЭКСПО-2017 құрылыстарының басым бөлігі аяқталып, тіпті кейбір көрме павильондары шетелдік қатысушыларға беріле бастағанын хабарлаған ек. Бүгінгі шараның мақсаты да осыған саяды. Бүгінгі таңда 115 мемлекет пен 18 Халықаралық ұйым қатысатындарын мақұлдаған. Енді жерде әзір болған ғимараттарға жайғасу керек-ті.

Бүгінгі жиынның ашылуында сөз сөйлеген Астана ЭКСПО-2017 көрмесінің жетекшісі Ахметжан Есімов те осыны айтты.

«2016 жылдың 1 қарашасынан бастап павильондарды бере бастадық. Халқаралық қатысушылар енді келіп, павильондарды өз ыңғайларына сай реттей берсе болады. Өйткені көрменің ашылуына санаулы күндер қалды. Сондықтан біз шетелдік қонақтарымызды, қатысушыларды қазірден бастап келе берулерін сұраймыз», –деді Есімов мырза.

Елбасының бастамасымен қолға алынған осы бір Халықаралық шараның маңызы мен мағынасы туралы айтып жатудың өзі артық шығар. Маңайындағы келеңсіздіктерге қарамастан, бүгінде ЭКСПО-2017 көрмесі маңызды міндетті атқаруға сақадай сай екенін көрсетті. Тіпті, көрмеге қатысушылар үшін барлық жағдайлар қарастырылған екен.

«Біз Халықаралық көрмеге қатысушылар үшін барлық жағдайды жасадық. Түрлі операциялық қызмет түрлері іске қосылды. «Бір терезе» форматында қызмет көрсететін біріңғай жүйе әзірленді. Бұл дегеніңіз визалық қызметтер, салық, банктік қызметтер, сақтындырулар мен өзге де мемлекеттік және әлеуметтік қызмет түрлерін бір жерде жүзеге асыруға болады деген сөз. Шетелдік комиссарлар мен көрме қатысушыларына және олардың жақындарына арнап ЭКСПО аумағынан 1374 пәтері бар қалашық салынды. Акредитациядан қту процессі де оңтайландырылды», - деді Ахметжан Смағұлұлы.

Қызық дерек. Біле жүріңіз. 2014 жылғы 11 маусымда Парижде (Франция) Халықаралық көрме бюросы (ХКБ) Бас Ассамблеясының 155-ші сессиясы  өтті. Ол жерде «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің туы Қазақстанға табыс етілді. Осы кезден бастап Қазақстан шетелдік қатысушыларды тарту, корпоративтік қатысушылармен келіссөздер жүргізу, көрмені имидждік ілгерілетумен айналысу құқығына ие болды.

Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылғы  10 маусымда басталып, 10 қыркүйекте аяқталады. Оған 15 мемлекет пен 18 Халықаралық ұйым қатысады деп күтілуде. Жалпы, 2 миллионнан артық турист шамамен 2 рет және одан артық көрмеге келеді. Потенциалды божам – 5 миллион турист. Жалпы келушілер санының 85%-ы қазақстандықтар болатыны күтіледі, ал 15%-ы – шетелдік мемлекеттердің азаматтары, олардың көпшілігі ТМД және Қытай мемлекеттерінен келеді.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі басты тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Бұл халықаралық қауымдастықтың жер шарына зор әсерін тигізетін энергияны тұтыну мәселесіне алаңдаушылығын көрсетеді. Көрменің негізгі мақсаты: жауапкершілікке шақыру, пікірталастарға ынталандыру және адамдардың жер шарында энергияны тұтынуын жоспарлау және бақылау қабілетін қалыптастыру, табиғатқа тигізер залалды барынша азайту. Осы міндеттерді жүзеге асыру «Адамзаттың орасан зор мәселелерін шешу» атты Көрме тақырыбының тақырыпшасы арқылы көрініс тапқан.

Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу – идеясының авторы Президент Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасап, Астана қ.  ЭКСПО-2017 өткізу туралы шешімнің тарихи оқиға болып табылатынын атап өтті.

«ЭКСПО көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеттері өздерінің үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай іс-шараларға барлық құрлықтағы ондаған мемлекеттің миллиондаған халқы қатысады. Аса бәсекелі күресте Астананың жеңімпаз атануы кездейсоқ құбылыс емес. Біріншіден, бұл біздің елорданы әлемдік дәрежедегі оқиғаны қабылдауға лайықты орталық ретінде мойындауы. Екіншіден, Қазақстанның пайдасына таңдау жасау мемлекет жетістіктерінің жоғары бағалануын куәландырып, оның, жалпы Еуразиялық аймақтың даму келешегін атап көрсетеді. Үшіншіден, біздің ұсынған «Болашақ энергиясы» тақырыбының өзектілігі де жеңіске оң әсерін тигізді. Ақырында, ең бастысы –Астанаға таңдау жасау бүкіл қазақстандық халықтың ортақ күшінің жемісі болды», - деп белгіледі Қазақстан Президенті.

Қазіргі таңда ЭКСПО-2017 көрмесін ілгерілету бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Мемлекет басшылысың атынан 139 мемлекетке және 12 халықаралық ұйымға ресми шақыру қағазы жолданды. Нәтижесінде, бүгінгі күні 112 мемлекет (Ресей, Германия, Жапония, Түркия, Израиль, Франция, Үндістан, Вьетнам, Армения, Пәкістан, Әзербайджан, Ангола, Беларусь, Сенегал, Грузия, Куба, Түркменстан, Сент-Китс және Невис, Либерия, Тәжікстан, ҚХДР, Румыния, Монако) және 18 халықаралық ұйым (ЭСКАТО, ОЭСР, ЮНИДО, ЮНЕСКО, МАГАТЭ, Дүниежүзілік банкі, ПРООН, ШЫҰ және тағы басқалар) өздерінің көрмеге қатысатындарын ресми түрде растады.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2047